Көркем әдебиеттің философиялық-эстетикалық принциптері пәні бойынша


Тақырыбы: Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі тақырыптық-идеялық ізденістер– 1 сағ



бет18/33
Дата25.07.2023
өлшемі112,82 Kb.
#104736
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Байланысты:
Практикалық сабақтар (1)

Тақырыбы: Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі тақырыптық-идеялық ізденістер– 1 сағ.


10 апта
Өткен ғасырдың 60-80 жылдар аралығында дүниеге келген қазақ прозасына зер салып қарап отырсақ өнер адамының тұлғасын. Оның ішінде әсіресе ақындар тағдырын арқау еткен көркем шығармалар біршама. Осы дүниелердің көркемдік деңгейі, тақырыпты қамту тереңдігі, тілі және жазылу стилі әркелкі бола тұра, барлығына ортақ бір сипаттың басым түсіп жататындығын аңғармау мүмкін емес. Ол – осынау туындылардың жақсы ма, жаман ба, әйтеуір түптеп келгенде қазақ өнеріне, қазақ мәдениетіне бір адамдай еңбегі сіңген, жалпы қазақ руханиятының ұлы тарихында үлкенді, кішілі өз орындарын айқындай алған, әр ғасырда әр түрлі тағдыр кешіп, сонысымен ел жадында қалған қайталанбас тұлғалардың туған әдебиетімізден орын алуы, төл әдебиетімізде бейнеленуі дер едік.
Әдебиетімізде бейнеленген осынау тұлғалардың арасында, әрине қазақ поэзиясының Абайға дейінгі асқар шыңы, ең бастысы, ұлт азаттығын ту етіп көтерген қайталанбас қайраткер, ақын Махамбет Өтемісұлы тағдырының терең, әрі әр қырынан көрінуі кездейсоқтық емес. Қазақ қаламгерлері неге Махамбет образына көбірек орын берген? Не үшін оның қайсар жырларына қайта-қайта оралып отырған? Осының сыры неде?
Осыған жауап іздесек, алдымен тарлан қаламгерлер Тәкен Әлімқұловтың атақты «Қараой» әңгімесі, Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі» атты романы, кейінірек дүниеге келген Берқайыр Аманшиннің «Махамбеттің тағдыры», Нәбиден Әбуталиевтің «Қайран нарын», Марат Мәжитовтың «Барлыбай түбіндегі ән», тағы басқа да қаламгерлердің туындылары ойға оралады.
Бұл туындылар несімен қымбат, несімен қадірлі. Авторлары қандай көркемдік ізденістерге қол жеткізе алды. Махамбеттің күрделі тұлғасын көркемдік тұрғыдан жинақтауда, сол тұстағы зұлымдық пен сатқындық үстемдік құрған заман шындығын шынайы жеткізуге қай қаламгер қандай суреткерлік әдіс-тәсілдерге қол артқан екен. Соған бір сәт назар тоқтатсақ, алдымен, Махамбеттің өмірі мен заманы туралы көркем шығармалардың ішінде Т.Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесі айрықша дара тұрады.
Әзірге қазақ прозасында бұл қысқа жанрда Махамбетке арналған мұндай дүниенің енді қайтіп жазылуы, жазылмауы екіталай. Айтпағымыз-бұл әңгіменің біртуар, озық дүние екендігі. Ақын өмірінің соңғы сәтінің суретін жасауда Т.Әлімқұловтың әңгімесі басқа жазушылардың шығармаларынан қай тұрғыдан да ерекше табиғатымен дараланады.
Қараой жер атауы. Қаралы оқиға да осы жерде өтеді. Әңгімеде Махамбет өмірінің соңғы сәттері сөз болады. Ең бастысы, мұнда қайсар ақынның ешкімге бас имеген асыл рухы асқақ көрінеді. Ешқашан, керек болса хан, сұлтан алдында да төмендемеген, аласармаған ар намысы соңына түскен көп тобырдың қолы жетпес биікте қалады.
Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі әр автор еліміздің кең байтақ өлкелеріндегі бүгінгі аласапыран оқиғаларын өздеріне тән шеберлікпен, стильмен көркемдеген. Жазушылардың шығармасынан жалпы адами құбылыстың аәлсапасын, қанағатсыз қиястықтың қапы қалдырар тұсын, талантты адамның талант шегінен шығып кетуі, туған жерге деген жылы сезім, жасырын жатқан элегиялық мұң сияқты адам бойындағы құиялар тақырып, идеяға айналған.

11 лекция.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет