Ktb la 6306-«Қазіргі тіл біліміндегі лингвомәдени аспектілер» 7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті 2022-2023 оқу жылы


)Мәдени-тілдік деректерді антропоөзектік бағытта зерттеудің теориялық-танымдық негіздері



бет2/6
Дата22.12.2022
өлшемі27,87 Kb.
#59093
1   2   3   4   5   6
3)Мәдени-тілдік деректерді антропоөзектік бағытта зерттеудің теориялық-танымдық негіздері
Қазіргі әлемдік өркениет кеңістігіндегі жаһандану үрдісіне сәйкес тіл біліміндегі зерттуелер бағытының кешенді де интеграциялық сипатына сай тіл мен мәдениет сабақтастығын анықтаудың маңызы зор. Оның нақты көрінісі – «ғаламның тілдік бейнесін» ұлт тілі арқылы зерттейтін этнолингвистика, лингвомәдениеттану салаларының теориялық-әдістанымдық негіздері В.Гумбольдт, Э.Сепир, Б.Уорф, Н.И.Толстой, Г.В.Колшанский, Ю.Н.Караулов, А.Вежбицкая, В.Маслова т.б. қазақ тіл білімінде Ә.Қайдар, М.Копыленко, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, К.Хұсайын, Н.Уәли, М.Малбақов, А.Сейілхан, Қ.Қайырбаева т.б.еңбектерінде жасалған себебі, кез келген тілдегі ғалам бейнесі екі жақты сипатқа ие: бір жағынан, кез келген тілдегі ғалам бейнесі адамның әлемге көзқарасымен байланыста болса, екінші жағынан, нақты әр тілдегі әлем моделіне әлеуметтік-мәдени қоғамдық ұлттық «әлем бейнесі» жалғасады. Осының нәтижесінде жеке тіл өзіндік сипатқа ие болады. Сондықтан ғалам бейнесі мәселесі адамның елестетуі мен санасындағы әлемді көру мен суреттеуіне негізделеді.
4) Қазақ тілінің ұлт тұтастырушылық қызметі
Тіл құдіреті арқылы ұлттың рухани тарихы мен таным-тәжірибесін сақтайтын қазынасы бізге жетеді, танылады. Бұл кешегі өткен ата-бабаларымыздың ерлік мұрат-мүддесі мен азаттық үшін күрестегі ұлттық рухын көтеретін қуатты құралы болса, тіл бүгінгі таңда да ұлтты тұтастыратын ұлттық идеяның негізгі мәні және құралы болуға тиіс.
Әрине, өзінің тұтастырушылық қызметіне орай, тіл тарихи категория ретінде ұлттық идеяның нақты тарихи кезеңнің контекстінде жаңарып, жаңғырып отыруы – заңды құбылыс. Мысалы, ұлттық мәдени тарихымыздағы мұның нақты мысалын қазақ хандығы құрылып, қалыптасу кезеңінде көшпелі қоғамның басты идеясы ретінде жыраулар тілінде көрініс тапқан «Ата-қоныс», «Жерұйық», «Құтмекен» ұғымдары арқылы жоңғар, қалмақ шапқыншылығы тұсындағы «ұлттық бірігу» (Бұқар жырау т.б), Ресей отаршылдығы кезеңіндегі «ұлт-азаттық күрес» және «ағартушылық» (Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шоқан, Ыбырай, Абай т.б.), ХХ ғасыр басындағы «Алаш» идеяларынан (А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев т.б) көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет