Ktb la 6306-«Қазіргі тіл біліміндегі лингвомәдени аспектілер» 7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті 2022-2023 оқу жылы


) Тілдің таңбалық сипаты мен мұрагерлік (кумулятивтік) қызметінің сабақтастығы



бет3/6
Дата22.12.2022
өлшемі27,87 Kb.
#59093
1   2   3   4   5   6
5) Тілдің таңбалық сипаты мен мұрагерлік (кумулятивтік) қызметінің сабақтастығы
Тілді адамның әлеуметтік тұрмысын қамтитын мәдениеттен, тарихтан тыс қарапайым таңбалық жүйе деп қарастыру ол туралы түсінікке керағар әсер етеді және оны зерттеудің мүмкіндіктерін шектейді. Академик Ю.В.Бромлей сөзімен айтсақ: «Әрбір этноста мәдениет элементінің сыртқы көрінуі мен «ішкі» мазмұнында ерекшелік бар. Мағынасына байланысты барлық мәдени құбылыстар өзіндік екіжақтылыққа ие: өзінің «сыртқы» көрінісімен қатар, олардың «екінші өмірі» бар. Олар мағынасы арқылы айқындалады. Мағына затта жасырылған, ол ақыл-ой, эстетикалық сезіммен, адамгершілік интуициямен белгілі болады, бір көргеннен танылмайды. Мағынаның бұл мәні – мәдениетті тану кілті»
Ал мұның өзі оның мәдени фонын зерттеуге әкеп тірейді. Мәселен, шаңырақ, сәукеле, жөргем, т.б. Демек, тіл, көнеден айтылып келе жатқандай, таңбалар жүйесі ғана емсе, ол осы жүйені көмкерген мәдениет, сондықтан да ол – әр халықтың ұлы мұрасы, ұлттың тарихи жетістігі.
Тіл – мәдениет дерегі, өйткені ол мәдениеттің құрастырушы бөлігі және тіл мәдениетті танудағы негізгі құрал, себебі ол арқылы біз мәдениетті меңгереміз. Тіл мәдениеттің жалпы сипатын танытады, негізгі ақпаратты жинайды, сақтайды және жеткізеді. Осыған сай тіл әрбір этникалық қоғамдастықта, бір жағынан, этностың мәдени өзгешелігінің факторы ретінде, екінші жағынан - тіл шеңберінде мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз етеді. Осылайша қазіргі, келер ұрпақты бір тұтастырып, бүтіндікте байланыстырады. Демек, тіл мәдениетте өсіп-өнеді, дамиды және соны бейнелейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Манкеева Ж. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы,2014.
2.Манкеева Ж. Қазақ сөзінің синергиясы. - Алматы,2021.
3.Сыздықова Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. 8-том.- Алматы,2014.
4.Сыздықова Р. Тіл және ұлттық мәдениет(көп томдық шығармалар жинағы). 14-том. - Алматы,2014.


3-4-тақырып. Тілді зерттеудің рухани-танымдық бағыты
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Тілді зерттеудің рухани-танымдық бағыты;
2.Қазақ тілінің коммуникативтік әлеуеті;
3.Мәдени-тілдік деректерді антропоөзектік бағытта зерттеудің теориялық-танымдық негіздері
Дәріс тезисі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет