Курсы: 1 Оқу семестрі: 1,2 Шымкент 2013



бет47/54
Дата03.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#54592
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54
Байланысты:
Тарих ответы

Қазақ КСР-ның құрылуы.
1936 жылы 5 –желтоқсанда Қазақ АКСР-сы Қазақ КСР-сы болып қайта құрылды.
1938 жылғы маусым айында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтіп, 300 депутат сайланды, оның ішінде 112 жүмысшы, 116 колхозшы болды, оның 152-сі қазақ еді; 60 әйел, оның ішінде 27 қазақ әйелі сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясын 1938 жылғы 15 шілдеде халық ақыны Жамбыл ашты. 1939 жылғы желтоқсан айында жергілікті кеңестерге 48762 депутат сайланды.
Коммунистік партияның 1939 жылы болған XVIII съезінде елдің индустриялық қуатын кеңейтуге, оның қорғаныс қабілетін нығайтуға бағыт алынды. Үшінші бесжылдықта Қазақ КСР-іне көрнекті орын берілді, ол түсті металдар (мыс, мырыш, қорғасын) өндіру жөніндегі ірі базаға, көмір, мүнай өндіретін ауданға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дамыған ауданға айналуға тиіс еді.
1938-1941 жылдарда БК(б) П Орталық Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі Қарсақбай мыс балқыту зауытынын қайта қүру мен кеңейту, Жезқазған мыс балқыту заводын салу, Алтайда түсті металлургияны дамыту жөнінде, Ембідегі геологиялық жұмыстар мен бұрғылау ісін жеделдету жөнінде шаралар қолданды.
1940 жылдың аяғында мемлекеттік еңбек резервтері жүйесі пайда болды. Әйелдердің жаппай ерлер мамандығын меңгеру қозғалысы басталды. Әйелдер арасында алғашқылардың бірі болып Қарағанды көмір бассейінінде М.Д. Рогозина-ұңғылау машинисі, Р. Бүкірова-электровоз машинисі, Б. Досбаева-Байшонас мұнай кәсіпшілігінің аға операторы мамандығын игерді. Соғыс қарсаңында халық шаруашылығында 11 мыңнан астам инженерлер мен техниктер еңбек етті.
1940 жылдың басына қарай ұзындығы 806 километр болатын Ақмола-Қарталы жол торабы 9 айға толмайтын уақыт ішінде халықтық құрылыс әдісімен салынды. Ол Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кең-байтақ жерін кесіп өтіп, Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті аудандарын Оралдың оңтүстігімен байланыстырды. Қарағандыдан Магнитогорскіге көмір тасу 500 километрге қысқарды.Арнайы қоныстандырылғандар мен қамаудағылардың еңбегін пайдалану кең өріс алды. Республика өнеркәсібінің жалпы өнімі 57,3 пайызға артты.
Химия өнеркәсібі, радиохабары және радиоландыру жоғары қарқынмен дамыды. Соғысқа дейінгі басжылдықтар қорытындысында Қазақ КСР-і КСРО-ның шығыстағы индустриясы дамыған аймақтарының біріне айналды. Қорғасын өндіруден Қазақстан Одақта бірінші орын, мұнай мен көмір өндіру жөнінен-алтыншы орынға шықты.
1940 жылы республикада 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеді, олардың бәрі Кеңес өкіметі жылдарында салынған еді. 1913 жылмен салыстырғанда бүкіл индустрияның жалпы өнімі 1940 жылы 7,9 есе, оның ішінде ірі индустрия да 19,5 есе өсті.
Соғыс алдындағы жылдарда негізінен Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті шикізат аймағы қалыптасты. Көмірлі Қарағанды, Жезқазған мен Балқаштың түсті металлургия кеніштері мен заводтары оңтүстік Оралдың өнеркәсіп кешенін рудамен, металмен, көмірмен үздіксіз сенімді түрде жабдықтап отырды. Кенді Алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұштастырылды. Орал-Қазақстан-Сібір «үшбұрышы» мырыш, қорғасын, молибден және басқа да стратегиялық металдар өндіру жөнінен КСРО-да жетекші орын алды. Үштен екісі Кеңес өкіметі жылдарында салынған, ұзындығы 581км болатын Еділ мен Орал арасындағы темір жол елдің және республиканың ірі өнеркәсіпті орталықтарын жалғастырды.
Стахановшылар мен өндіріс жаңашылардың қозғалысы қанат жайды.Риддерде стахановшылар қозғалысының туын бірінші болып атақты шахтер Б. Ықыласов көтерді, ол 1938 жылы маусым айында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты С. Зүрбаев Доссор кәсіпшілігін директоры болды. Атақты ағаш шебері М.Л. Старостин металлургтердің жас қаласы Балқаш атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Л.М. Березняк машинистен депо бастығы қызметіне жоғарылатылды. Шымкент қорғасын заводының бұрынғы ауысым шебері А. Мұрынбаев кен-маталлургия институтына оқуға жіберілді. Қарағанды шахтерлері Д. Рыжковтың, Б. Жылқыбаевтың, Б. Сиқымбаевтың, Б. Нұрмағанбетовтың, Л. Тютяевтің, бұрғышы Г. Хайдиннің (Риддер кеніші), У. Беркінбаевтың (Ащысай кеніші), забойшы X. Жақыповтың (Жетіқара кеніші) жетістіктерін бүкіл ел білді.
Тұрақты механизатор кадрлары қалыптасты. 116 мың механизатор, тракторшы, комбайншы және шебер даярланды. 1940 жылы республикада жоғары және арнаулы орта білімі бар 4,6 мың агроном, зоотехник, мал дәрігері, орманшы еңбек етті. 1938-1940 жылдары жерді бірлесіп өндейтін 1338 серіктік (ТОЗ) ауыл шаруашылық артельдерінің жарғысына көшіп, олардың саны енді 6,9 мың болды.
Бетпақ даланы игеру жедел қарқынмен жүргізілді. Халықтық құрылыс әдісімен каналдар мен суландыру жүйелері салынды. 1940 жылы оларда 100 мың колхозшы жұмыс істеді. 1939-1940 жылдары 145 мың гектардан астам жаңа суармалы жер игерілді. Батыс Қазақстанда Орал-Көшім каналы салынды.
Әлеуметті саясатты жүзеге асыру саласында зор табыстарға қол жеткізді. Үшінші бесжылдықтың үш жарым жылы ішінде республиканың тұрғын үй құрылысына жұмсалған күрделі қаржы 876 миллион сом болды, ал екінші бесжылдықта ол 351 миллион сом болған еді. Осыған қарамастан, қалалардың тұрғын үй қоры социалистік құрылыс қарқынынан кейіндеп қалды.
Казармалық социализм идеологиясы мен практикасы туғызған келеңсіз процестерге қарамастан, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы бүкіл тарихи даму барысымен соғыс жылдарында зор ауыртпашылықтың бір бөлігін өз мойнына алуға және Жеңіс ісіне елеулі үлес қосуға әзірленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет