4) Иллюстрациялы материалдар: презентация, карта
5) Әдебиеттер: 1.Қазақстан тарихы.Очерк.,Алматы.,1993
2.Күзембайұлы. Қазақстан Республикасының тарихы. Алматы., 1998
3.К.Рысбаев Қазақстан Республикасының тарихы. А., 2002 ж.
4.Ч.Мусин Қазақстан тарихы А., 2003 ж.
5.Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 2007 ж.
6.Назарбаев Н.А. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде даму стратегиясы. А., 1992 ж.
7.Назарбаев Н.А. Сындарлы он жыл. А., 2003 ж.
8.Назарбаев Н.А. Тарих қойнауында. А., 1999 ж.
9.Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы - Алматы : Атамұра, 2008
10.Кан Г. В. Қазақстан тарихы : оқулық - Алматы : "Алматыкiтап" ЖШС, 2007.
11.Жұмақаева Б. Д. Қазақстан тарихы : оқу құралы - Алматы : Эверо, 2011.
6) Қорытынды сұрақтары: 1. «Әміршіл-әкімшілік жүйе» ұғымына анықтама беріңіз?
2.Желтоқсан оқиғасының себептерін атаңыз?
3. «Семей-Неведа» қозғалысы қандай мақсаттар алдына қойды ?
4. Қазақ интеллигенциясының өкілдерін ақтау қай жылдары басталды?
5. КСРО құлауына қандай оқиғалар себеп болды?
1. Тақырып №14. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс және сыртқы саясат. 2) Мақсаты: республиканың сыртқы саясатының және тәуелсіз ұйымдардың құрылуын, мемлекеттік құрылыс бағыттарын ашып көрсету.
3)Дәріс тезистері Республика егемендігінің орнатуымен бірге Республика Президенттін бүкілхалықтық сайлау қажеттілігі туындады. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991 жылғы 1 желтоқсанда сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. Президенттік қызметке Н.Ә. Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды.
1989ж. маусымнан Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
1991ж. 10 желтоқсанда Республика сарайында Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант берді.
КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі. Ол 1991 жылдың қазанына дейін көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялаудына септігін тигізді.
Республикада өзгерістер болды. Прокуротура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот, органдары қайта құрылды. Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды.
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы Қазақстан Республикасы болып аталды. Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының өз территориясындағы бүкіл өкімет билігі өз қолында деп,демократиялық мемлекеттің мемлекеттік тәуелсіздігін жарияланды. Республика тарихында жаңа кезең басталды.
Қазақстанда егемен мемлекеттік дамуының қарқынды кезеңі басталуы.
Саяси салада күшті президенттік республика құруға, кейінірек парламенттік билікке реформа жасап, маман жоғарғы Кеңес құруға бағыт ұсталды. Жаңа конституцияның жобасы талқыланды. Жергілікті қалаларда, аудандарда атқарушы өкімет билігіне реформа жасалды.
Көппартиялық жүйе қалыптастырудың бастамасы жасалды. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақ кеңесінің (ОБСЕ) толық құқылы мүшесі болып, адам және ұлттық құқықтарының сақталуына кепілдік берді. 1992 жылдың ортасына қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде жер шарының 30-дан астам елі таныды: АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Пәкістан, Швейцария, Канада т.б.
1991 жылдың соңында егемендігін жарияланған Қазақстан өз мемлекеттігін құрудың жолына түсті. Қысқа мерзімде сыртқы саясаттағы басымдықтар анықталды. Басқа-мемлекеттермен өзара тиімді достық қарым-қатынас. Олардың ішкі істеріне қол сұқпау, тең құқылық, даулы мәселелерді бейбіт жолдармен шешу-республика сыртқы саясатының басты принциптері болып отыр.
1992ж. қаңтарда ішкі істер әскері құрылды. Әскер қатарына шақырылғандар өз республикасында қызмет өтеуге мүмкіндік алды.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезең күттірмейтін міндет ретінде, мемлекеттік нышандарын қабылдауды талап етті. 1992ж. 4 маусымда Жоғарғы Кеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Желтоқсанда Республика Әнұранының жаңа мәтіні қабылданды.
Сонымен, 1991 жылдың қазан айының 25-нен бастап Қазақстан Республикасы егемендік алып, өз алдына дербес мемлекет болып қалыптасты.
Екі жыл ішінде республикамызды жүзден астам шет мемлекет мойындап, 150 ел дипломатиялық қарым-қатынас жасауға кірісті, Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымының Нью-Йорктегі ғимараты алдында Қазақстан Республикасының туы жілбереді.
Қазақстан РКФСР құрамында 1920 ж. 26 тамызда Автономиялық Республика болып құрылғанымен, өз туы, елтаңбасы, әнұраны болмады.
1936ж. 5 желтоқсанда Одақтас республикаға айналды. Рәміз дегеніміз- белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр-таңба, эстетикалық категория, шартты белгі.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші, сессиясында парламент депутаттары "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттерінен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.
Республикадағы барлық ұлттардың өкілдері жергілікті қазақтармен тең қүқықты азаматы деп саналады. Олар республикадағы мемлекеттік өкіметтің қайнар көзі және егемендікті бірден-бір қорғаушы болып табылады. Республика азаматтарының құқықтарына қол сұғушылар заң бойынша қылмысқа тартылуы тиіс делінген.
Заңда Республика Қарулы Күштерін құру жөніндегі қүқы, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Оған сондай-ақ республика қарауындағы азаматтарды қорғау, қоғамдық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кірген. Заңның 16-шы бабында ішкі және шекаралық әскерлердің істері мен қауіпсіздік органдары Президентке бағынады деп жазылған. Республиканың мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып белгiлендi. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республика тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.
Осыдан кейін Қазақстанда тәуелсіз егемен мемлекеттік даму процесі басталды. Еліміздің жаңа конституциясының жобасы дайындалды. Облыстардың, қалалардың және аудандардың басқару органдарына реформалар жүргізілді. Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп, олардың алдына Президент пен Үкімет шешімдерін орындау, жергілікті жерлерде экономикалық, мәдени-әлеуметтік мәселелерін шешу міндеті қойылды. Әкімдерді тағайындау, оларды қызметінен босатуды Қазақстан Президенті мен жоғарғы әкімшілік органдары жүргізетін болып белгіленді. Ал бюджетті бекіту, оның орындалуын қадағалау, депутаттармен жұмыс жүргізу, тұрақты комиссиялардың қызметіне басшылық ету, әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен байланыс жасау Кеңестердің карауына берілді.
Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдына үлкен келелі міндеттер қойылды. Олар елдiң ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, жоспарларды іске асыру, елдің ішінде көп ұлтты халықтардың бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты міндеттер - оның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердiң қатарына қосылу, елдiң қауiпсiздiгiн қорғау, әлемде бейбiтшiлiктi сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Халықтың ерiк-жiгерi тек осындай аса маңызды мiндеттердi iске асыруға бағытталды.
1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұраны - дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.
Егеменді Қазақстанның жаңа Елтаңбасының авторлары - белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Олар бәйгеге түскен Елтаңбаның 245 жобасы мен 67 суреттемесін жеңіп шыққан. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі - шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ - мемлекеттің түп негізі - отбасының бейнесі. Шаңырақ - күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ - киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар - дала дүлдүлі, ер-азаматтың сәйгүлігі. Ол жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, қажырдың, тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Ол - өлмес өмірдің бейнесі. Бес бұрышты жұлдыз гербтің тәжі іспетті.
1992 жылдың 6 маусымында Абай атындағы опера және балет театрының зәулім ғимаратында Президент Н. Ә. Назарбаев салтанатты түрде ту шашағын сүйіп тұрып: "Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін"- деген еді. Еліміздің туы - қасиетті көк байрақ. Оның авторы - суретші Шәкен Ниязбеков.
1936 жылы бекітілген Қазақ КСР-інің мемлекеттік туы мен елтаңбасында Кеңес елінің идеологиялық бағытын (тап күресі, «кеңес» халқының бірлігі, коммунизм идеясын дүние жүзіне тарату) бейнелеген және республиканың этникалық-мәдени ерекшелігін ескермеген рәміздер енгізілген еді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Тудың ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Тік бұрышты көгілдір матаның ағаш сабына бекітілген тұсында ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Бірыңғай көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Күн - уақыт, замана бейнесі. Ұлан-байтақ кеңістікте қалыктаған қыран ҚР-ның еркіндік сүйгіш аскақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін паш етеді.
Тәуелсіз мемлекетіміздің Әнұраны - асыл қазына. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар қып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес. Ел басшылары ресми сапарының беташары болатыны да содан. Қазақстанның Әнұраны әуенінің авторлары ұлы композиторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди.
Әнұран сөздерін жазған ақындармыз - Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева.
Ал 2006 жылы қабылданған қазіргі әнұран сөзінің авторлары Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Халық арасында ыстық ықыласқа, сүйіспеншілікке бөленген Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әні ХХ ғасырдың ортасында, Хрущевтің әкімшілік реформалары кезінде шыққан. Бұл ән Қазақстан тұтас ел және жерінің бір шөкімін де өзгеге бермейді деген өжет дауылпаз ұран. «Менің Қазақстаным» әнінің рухы жаңа заманда Жаңа Қазақстанды орнатып жатқан халқымыздың рухани талап-тілегіне толық сай келеді.
Ел рәміздерін қабылдау - аса маңызды тарихи оқиға болды. Көп жылдар бойы Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатын анықтау мүмкіндігінен айырылған еді. Енді жаңа рәміздерді қабылдау тарихи сахнаға жаңа мемлекеттің, жаңа бейбітшілік сүйгіш державаның шығуын білдірді.