Курсы: I оқу семестрі : I кредиттер: 90 cағат/2 кредит



бет11/32
Дата28.11.2023
өлшемі1,35 Mb.
#130439
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Әдістемелік нүсқау №5
1. Тақырыбы: Бүйрек үсті безінің қыртысты және милы қабаттары гормондарының физиологиялық маңызы.
2. Мақсаты: бүйрек үсті безінің мийлы және қыртысты заттының морфофункционалды сипаттамасын оқып үйрену.
3. Оқыту мақсаты:

  • ішкі сөлденіс бездерінің топографиясы

  • гормоналды реттелу нәтижесін бағалау

  • ішкі сөлденіс бездерінің қызмет бузылу барысындағы клиникалық белгілерін анықтау

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Эндокриді жұйенің құрылымдық функционалдық ұймдастыруы.
2. Гормондардын әсер ету механизімі
3. Эндокринді бездердің транс және парагипофизарлы реттелісі
4. ІСБ-ның жұйке жүйесімен байланысы.
5. ІСБ- ның әдісін оқып үйрену.
6. Өздігінен реттелістің жергілікті және гормоналды жүйелік.
7.Гипоталамо-гипофизарлы жүйе. Гипоталамус нейросекреттері: либериндер және статиндер.
8.Гипоталамустың гипофизбен функционалды байланысы.
9. Адено-нейрогипофиздың гормондары.
10.Қалқанша безі. Тиреоидты гормондардың және олардың организмдегі маңызы.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: зерттеу нәтижелерін талқылау, хаттамаларды дайындау.


6. Әдебиет. № 1 қосымшаны қараңыз.
7. Бақылау
Есептер
1. Жеткіншектің жасы 10-да, бойы 178 см, салмағы 64-кг. Ол қандай эндокриндік без қызметінің бұзылу салдарынан?
2. Адамда қалқанша без белгісінің көлемдік ұлғайғаны анықталды. Топырағы мен су құрамын ескеріп тамақпен судағы қандай заттардың жетіспеушіліктері туралы айтуға болады?
3. Ағзаларды көшіргенде (жүрек, бүйрек) не мақсатта гормондық ем қолданады. Ол үшін қандай гормондарды қолдануға болады?
4. Көмір сулар алмасуын қайсы гормон реттейді?
5. Кальций мен фосфор тұздарын реттеуде қандай эндокриндік бездер қатынасады?
6. Су мен тұз алмасуын реттеуге қандай гормондар қатынасады?
7. Қандай эндокриндік бездер ақуыз алмасуы мен ағзаның өсуін реттеуге қатысады.
8. Науқасқа ұзақ мерзім ішінде қолданылатын гормонның әсерінен науқас терісінің қараюы, ұлпаның майлы қабатының жұқаруы байқалады.
Науқасқа қандай гормон қолданылатынын түсіндір.
Тесттер
1. Қалқанша маңы бездерiнiң гормонына ... жатады.

  1. паратгормон

  2. тирокальцитонин

  3. инсулин

  4. глюкагон

  5. альдестерон

2. Паратгормонның қанға бөлiнуi ... тудырады.

  1. кальцийдiң жоғарылауын

  2. кальций төмендеуiн

  3. амин қышқылдарының жоғарылауын

  4. амин қышқылдарынын төмендеуiн

  5. фосфордың жоғарылауын

3. Менструалды циклды бақылайтын гормондарға ... жатады.

  1. ФСГ, эстрогендер, ЛСГ, прогестрон

  2. меланотропин, андрогендер, ЛСГ, прогестрон

  3. СТГ, ФСГ, прогестрон, эстроген

  4. ФСГ, глюкагон, СТГ, паратгормон

  5. ФСГ, инсулин, прогестрон

4. Инсулин ... .

  1. гипогликемия тудырады, клеткалармен глюкозана пайдалануын жоғарлатады, гликогеннiң бауырда, бұлшықетте глюкозадан синтезiн тудырады

  2. жасуша мембранасында глюкоза өткiзгiштiгiн жоғарлатады, гипергликемия тудырады, бауыр жасушаларында гликогенолиз тудырады, гликонеогенездi тежейдi

  3. амин қышқылдары мен глюкоза өтуiн төмендетедi, глюкоза гликогенге айналуын тежейдi, гипергликемия тудырады

  4. гликогенездi күшейтедi, глюкоза тотығуын күшейтедi, кетондық денелердiң түзiлуiн азайтады

  5. ақуыздардың катаболизмін азайтады, гипергликемия тудырады, глюкоза мен амин қышқылдарына жасуша мембранасының өткiзгiштiгiн жоғарлатады

5. Ас қорыту жүйенiң гормондарына ... жатады.

  1. вилликинин, бомбезин, секретин, мотилин

  2. гастрин, секретин, АКТГ, ФСГ

  3. вилликинин, бомбезин, тироксин, мелатонин

  4. АКТГ, бомбезин, ФСГ, секретин

  5. мотилин, адреналин, тироксин, гастрин

6. Әйелдердiң жыныстық гормондарына... жатады.

  1. эстрон, эстрол, эстрадиол

  2. паратгормон, серотонин, тирокальцитонин

  3. серотонин, экстриол, брадикинин

  4. тироксин, экстрон, тестотерон

  5. тестотерон, тироксин, серотонин

7. Бүйрек үстi бездерiнiң қыртыс қабатын алып тастағанда ... байқалады.

  1. су-тұз алмасуының бұзылуы

  2. ақуыз алмасуының бұзылуы

  3. май алмасудың бұзылуы

  4. көмiрсулар алмасуының бұзылуы

  5. витаминдер алмасуының бұзылуы

8. Тироксиннiң әсерiмен қордағы май мөлшерi ... .

  1. азаяды

  2. өзгермейдi

  3. көбейедi

  4. көбейедi, сонынан азаяды

  5. азаяды, сонынан көбейедi

9. Микседема байқалады ...гипофункциясында.

  1. қалқанша бездiң

  2. бүйрек үстi бездерiнiң

  3. ұйқы безiнiң

  4. жыныс бездерiнiң

  5. нейрогипофиздың

10. Бүйрек үсті безі милы қабатының гормондары.

  1. тропты гормондар

  2. глюкокортикоидтар

  3. минералокортикоидтар

  4. адреналин, норадреналин

  5. релизинг-фактор





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет