Курсы және оқу семестрі: II курс, III семестр


Иллюстрациялық материалдар



бет3/15
Дата07.12.2022
өлшемі277 Kb.
#55542
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
4.Иллюстрациялық материалдар:

  • Дәрістік материалды презентациялау;

  • Сабақ тақырыбына байланысты плакаттар;

  • Кестелер мен сызбалар.

5.Әдебиеттер: №1 қосымша ақпаратты қараңыздар.
6.Бақылау сұрақтары:

  1. Жасуша бүлінісі дегеніміз не?

2. Жасуша бүлінісінің себептері қандай?
3. Жасушааралық заттардың және жасушаның бүліністерінің жалпы механизмдері түсіндіріңіз.
4. Апоптоз дегеніміз не ?
Дәріс №3

  1. Тақырыбы: Қабыну

  2. Мақсаты: қабынуға алып келетін негізгі себептерді және қабынудың даму механизмін түсіндіру.

  3. Дәріс тезистері

Қабыну – зақымдаушы фактордың(флогогендік) әсерінен болатын типтік үрдіс. Қабыну кеінде зақымдалған тіндер мен мүшелерде мынадай өзгерістер болады: жасуша құрылымының бұзылысы, қан айналым өзгерісі, қан тамырлар өткізгіштігінің артуы, және тіндердің пролиферациясы. Флогогендік ықпалдар 2 топқа бөлінеді – экзогендік(сыртқы) және эндогендік(ішкі) .
Сыртқы ықпалдарға:
- микроорганизмдер(бактериялар, вирустар,саңырауқұлақтар);
- жануарлар(қарапайымдылар, құрттар,жәндіктер);
- химиялық заттар(қышқылдар, сілтілер);
- механикалық әсерлер(бөгде дене, қысым);
- термиялық әсерлер(жылы, суық);
- сәулелік энергия(рентгендік, радиоактивті, ультракүлгін сәулелер).
Ішкі ықпалдарға: буындарға тұздың жиналуы, тромбоз, эмболия жатады. Мәселен, микроциркуляциялық бұзылыстарға байланысты болған инфаркттың орнында қабыну үрдісі дамиды.
Қабыну үрдісі 3 сатыдан тұрады:
1 сатысы – альтерация
2 сатысы - лейкоциттер көшуімен жүретін экссудация
3 сатысы – пролиферация.
Қан тамырлық өзгерістер 4 фазадан өтеді:
1 фаза – тамырлардың спазмы
2 фаза – артериялдық гиперемия
3 фаза – веноздық гиперемия
4 фаза – стаз (іркіліс) .
Қабыну медиаторлары(дәнекер):

  • Гуморальдық медиаторлар(кинидер, комплемент жүйесі);

  • Дайын жасушалық медиаторлар(мес жасушаларының медиаторы,серотонин, гепарин, лизосомдық ферменттер);

  • Қайта түзілуге қабілетті жасушалық медиаторлар(эйкозаноидтар, лимфакиндер, монокиндер, бос радикалдар).

Альтерация біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік альтерация зақымдаушы ықпалдың тікелей әсерінен дамиды. Екіншілік альтерация – организмнің біріншілік альтерацияға қайтаратын жауабы.
Экссудация – құрамында ақуызы бар қанның сұйық бөлігінің тамыр қабырғасы арқылы қабынған тінге өтуі. Қабыну кезінде бөлініп, тамырдан тінге өтетін сұйықтық экссудат деп аталады. Құрамына қарай экссудаттың келесі түрлерен ажыратады: серозды, фибринозды, іріңді, шірікті, геморрагиялық, аралас.
Экссудация үрдісі даму механизмі бойынша қабыну медиаторларының әсеріне байланысты. Экссудацияның жетекші факторы қан тамыр өткізгіштігінің артуы болып табылады.
Эмиграция – лейкоциттердің қан тамыр сыртына шығып кетуі. Қабыну ошағында ең алғашқы болып полиморфты ядролық лейкоциттер табылады. Қабыну ошағындағы лейкоциттердің негізгі мақсаты бөгде заттарды жұту (фагоцитоз).
Пролиферация – қабынудың үшінші сатысы. Фагоциттік қызметті атқарған лейкоциттер бірнеше сағаттың ішінде жойылады. Макрофагтар қабыну ошағын микроорганизмдерден тазартады. Өлген жасушалар пролиферацияны күшейтетін заттар бөліп шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет