1.3. Оқыту процесінің құрылымы
Оқыту процесі – тәлім – тәрбиелік қарым – қатынастарды
ұйымдастырудың тәсілі. Оқыту процесін ұйымдастыратын – педагог. Оқыту
процесі – бірнеше элементтен құрылатын жүйе. Оқыту процесініңүш
құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.
Оқыту процесінің педагогикалық құрылымы: мақсат – принциптер –
мазмұн – әдістер – құралдар - түрлер.
Мақсат – ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың
нәтижесі. Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн –
мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі.
Әдістер – мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру – қабылдауға
арналған іс – әрекеттері. Құралдар – мазмұнмен жұмыс
жасайтынматериалдық тәсілдер мен әдістер.
Педагогикалық процестің әдістемелік жүйесін жасау үшін мақсат бірнеше
міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс – әрекеттерінің
кезеңдерін анықтайды. Мысалы, сабақтың әдістемелік құрылымы :
дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижені талдау.
Оқыту процесінің психологиялық құрылымы : танымдық
процестер( қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға
қызығушылық ( оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат
( көтеріңкі не түсіңкі дене мен жан күш – қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не
шаршау динамикасы).
Оқыту адамның қызметінің бір ғана түрі, ол екі жақты сипатта болады. Ол
мұғалім мен оқушылар арасында оқудың мақсат – міндеттерін жүзеге
асыруға байланысты бір мезгілде өзара қарым – қатынастары мен оқу
әрекеттерінен тұрады. Оқу әрекеті дегенде : мұғалімдер тарапынан білім беру
қызметіне басшылық болса, оқу – бұл оқушылар тарапынан білімдерді
белсенді түрде меңгеруі, таным әрекеті. Мұғалім оқушыларға білім беруде
қаншалықты белсенділік танытқанымен, егерде ондай белсенділік оқушылар
тарапынан қолдау таппаса оқыту нәтижелі болмайды. Сондықтан, белгілі бір
мақсатқа бағытталған, бұндай өзара қарым – қатынаста біржақты көзқарас
болмауы тиіс. Оқыту процесі тек мұғалім мен оқушылар арасындағы оқу
әрекетінен құралмайды, сонымен бірге оқытудың басқа да элементтері бар.
Олар мыналар:
Оқытудың мақсаттылығы. Мұнда мұғалімнің оқылатын тақырыптың
мақсат – міндеттерін айқын қарастыруы көзделеді.
Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетістіктерін меңгеруді,
білімдерін дамытуды міндеттейді.
Оқыту формалары мен тәсілдері. Оқыту мазмұнын қандай амал –
тәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгеруді баяндайды.
Оқыту нәтижесін талдау және бағалау. Мұғалімнің және оқушының оқу
әрекетінің құрылымын бірлесе отыра сараптама жұмыстарын жүргізуі,
оқушылардың оқу әрекетінің сапасына көзқарасын білдіріп, бағалап және
білім деңгейін тексеріп отыруы. Оқушылардың өзін – өзі қадағалап, тексеріп
отыруы.
Мектеп тарихының бастапқы кезеңінен оқыту, білімдер жүйесін
оқушылардың меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындардан немесе
кезеңдерден тұрады:
Оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды
әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай оқу міндеттерін
(тапсырмаларды) анықтау.
Оқушыға жаңа берілетін
Білімді баяндау және оны қабылдауға жағдай туғызу.
Оқушының білімді қабылдауы және оның санассында жаңа білімнің
қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасуына мүмкіндік
беру.
Берілген білімді бекітуге басшылық ету.
Білімді практикада қолдануға қарекет ету.
Оқушының білімі мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу,
тексеру және бағалау.
Оқыту процесінде мұндай басқару жүүйесі оқушылардың білім алудағы
таным әрекетінің ерекшеліктеріне байланысы, білімді жүйелі түрде қғынуға
мүмкіндік туғызады.
Демек, білімді бекіту кезінде жаңа білімді қайталау, жаттығу, практикада
қолдану т.б. оқыту процесінің элементтері қолданылады.
Ұйымдастыру жағынан алғанда, дидактикалық әр кезеңнің өзіне тән
ерекшелігі болатынын ұмытпаған жөн
Білім алудың мотиві мен мақсатын анықтау- белгілі бір мақсатқа жетуге
бағытталады. Сөйтіп, ол оқушының білім алудағы әрекеті де мотив пен
мақсатқа сәйкес іске асады.
Түрткі – әрекеттің себебін, оны неге жасау керектігін анықтайды. Мақсат
– әрекеттің нәтижесі қандай болуға тиісті екенін анықтайды. Баланың
оқудағы негізгі түрткісінің бірі – қызығу.
Оқу жұмысының жемісті болуы, ең алдымен, балада білімге деген
қызығушылықтың нәтижесі болып табылады. Мүмкін бала оқуға өзі
талпынбаса, күшпен зорлап оқыту мүмкін емес. Қызығуды туғызу үшін
оқушыларға берілетін білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіріп, оларға нақты
оқу міндеттерін үйрету керек.
Қызығуды туғызудың шарттары мен амалдары көп. Солардың ішінен
мына төмендегідей 3 процесті атап көрсеткен пайдалы:
Достарыңызбен бөлісу: |