2.2 Түсіндірмелі – иллюстрациялы оқыту
Түсiндiрмелi-иллюстрациялы оқыту дәстүрлi оқыту деп аталатыны
тарихта ұзақ уақыт бойы өмiршең болғанына байланысты. Дәстүрлi оқыту
жаңадан пайда болған түсiндiру жолдары мен көрнекiлiктердi өзiне кiрiктiрiп
отырады. Бұл жүйедегi негiзгi оқыту әдiс-тәсiлдерiне көрнекiлiктердi
пайдалана отырып түсiндiру жатады. Оқушылардың негiзгi iс-әрекетi:
берiлген бiлiмнiң мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерiнде сақтау. Мұндай
оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының
мазмұнын қатесiз қайталап айтып беруi.
Түсiндiрмелi-иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған
пайдалы жақтары:
- уақытты үнемдейдi;
- мұғалiм мен шәкiрттердiң күш-қайратын жетiлдiредi;
- күрделi бiлiмдердi қабылдауды жеңiлдетедi;
- оқыту процесiн тиiмдi басқаруды қамтамасыз етедi.
Түсiндiрмелi-иллюстрациялы оқытудың кемшiлiктерi:
- оқушылардың дайын бiлiмдi жаттап алуы;
- шәкiрттердiң өз бетiнше ойлауына қажеттi көңiл бөлiнбеуi;
- дара және бөлiп оқыту мүмкiндiктерiнiң жетiмсiздiгi.
|