Курстық жұмыс Тақырыбы: Көрнекіліктер, оларды пайдаланудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері Орындаған: Тынысбекова Гүлнұра Қайратқызы Тексерген: Ибраймова Гүлназия Қуаналықызы Қорғауға жіберілді: 2022 Бағасы: ақтөбе 2022 мазмұНЫ



бет4/5
Дата08.04.2022
өлшемі89,04 Kb.
#30342
1   2   3   4   5
Қорытынды

Оқыту жүйесінде Я.А.Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгерту құралы ретінде қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негізінде көрнекілік арқылы жүзеге асырылады, олар заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп, байқап таниды. Бұл принципті соңғы жылдары ғылым дәлелдеді. Мысалы, көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді екен. Көз арқылы алған мәліметтерді оқушылар тез, әрі есте көп сақтайды.

Көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін шыңдау үшін мұғалім өз ойын оқушыларға нақтылы жеткізу үшін қолданатын ережелерді атап өтейік.

- «Алтын ереже»: көруге болатынды көрсету, есіте алатынды естірту, сезіне алатынның бәрін - оқушылардың сезім мүшелеріне сездірту, түйсік туғызу.

- Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін, көлемін, түр-түстерін сөзбен емес көру арқылы әрі жеңіл, әрі тез есте сақтайтынын қамтамасыз ету.

Көрнекіліктерді көрсету барысында демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады.

Демонстрация оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі қолданылып отырған құбылыстың қозалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы мен сыртқы құрылысын немесе бірыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейді. Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады. (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы т. б.). Келесі кезектік оның ішкі құрылысы мен жекеленген құрамы көрсетледі.

Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Приборлар мен нысаналарды демонстрациялау нәтижесінің табысты болуы бірнеше жағдайға байланысты болады. Көрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға анық нақты көрінуі тиіс. Оқу материалын түсіндіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп, соңынан нысана алынып тастауы керек.

Оқытуды былай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалдарын жеңіл, терең меңгеруіне септігін тигізеді, олардың ойлау қабілетін арттырып, қосымша ақпараттар береді. Оқушылардың өздері құбылыстарды, процестерді және нысаналарды белсенділік танытып оқып, үйренсе, шын мәнінде әдіс нәтижелі болмақ.

Сабақ барысында оқытуды демонстрациялау әдістерін қолданғанда оқу киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп, эпидоскоп, теледидар, видеофильдер секілді техника құралдары пайдаланылады. Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттілігіне сай табиғи ортада да көрсетуге болады. Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникасы, өндіріс құралдары.

Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланысты болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар картиналар, портреттер, суреттер, чертеждер, картограммалар, модельдер) көрсетуге қолданады. Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін мұғалімнің қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Соның нәтижесінде оқушы мен мұғалім оқу материалдарын табысты. меңгеруге айтарлықтай көмек бере отырып, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді. Мектеп тәжірибесінде көрсеткендей сабақта иллюстрациялық материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың наразын тек өткен материалға бағыттап, ауытқымауға әкеп соғады. Сондықтан көрнекті құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын және таным процесінде олардың рөлін алдын-ала жақсылап ойластырып алу қажет.

Бұл әдістердің ішінде ең басты рөл атқаратыны - бақылау әдісі. Ол барлық оқу пәндерін оқытуда кеңінен пайдаланылады. Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі, техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда , еңбек операцияларын орындауда ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің қатысуымен сабақ уақтысында да, сабақтан тыс уақытта да қолданылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, байқағыштық қасиеттерін арттырады. Бақылау әдістерінің қолдану тиімділігі мынандай болады: байқаудың мақсатын анықтау, қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу, демонстрациялық бақылау, экскурсиялық бақылау, техникалық бақылау, лабораториялық бақылау.

Өмірде бар заттар мен құбылыстарды көрнекті құрал арқылы көрсету мектепті өмірмен байланыстырады. Демек, теорияны практикамен ұштастыру жөніндегі диалектикалық принципті жүзеге асыруға көмектеседі.

Нақты көрнекті материалды сапалы түрде меңгерту үшін қабылданатын зат пен құбылысты дұрыс байқау, анализ жасау керек.

Көрнекілікті оқу процессінің барлық кезеңінде пайдалануға болады, бірақ оны жай қолдануға болмайды. Көрнекілікті белгілі тақырып мақсатында пайдаланғанда ғана тиімді құрал болып саналады.

Кез келген сабақта көрнектілікті маңызды қолдану оқушылардың пәнге деген ынтасын арттыру, қызықтыруда үлкен роль атқарады. Пән кабинеттерін қажетті көрнекіліктермен жабдықтау сапалы білім беруге үлкен септігін тигізеді. Кабинеттердің қазіргі заман талабына сай көрнекіліктермен жабдықталуы, кабинеттерде техникалық көрнекіліктің болуы өмір талабы. Кабинет қабырғаларына қажет деген көрнекіліктер ілінуі шарт.

Әр пәннің белгілі тақырыптарына сәйкес әр түрлі сабақта мынадай көрнекіліктің түрі іске асырылады: кесте, үлестірмелі кеспелер, схема, карточкалы дәптер, плакат, суреттер, оқулықтар, перфокарталар, макеттер, кесте, натуральды заттар және техникалық құралдар. Қай кезде болмасын тәжірибелі педагогтар өз сабақтарында көрнекті құралдарды пайдаланып, сабақ сапасын арттыруға тырысып отырған.

Дидактикалық принцинтердің бірі- оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды пайдалану. Мектепте білім беруде, окытуда жазба көрнекіліктер пайдалану, сабақтың сапалы, қызықты, тартымды өтуіне әсер етеді. Мұғалімнің түсіндіруімен қоса, есту мен көру үшін көрнекіліктер қолданылады. Сыныптан тыс жұмыстарда да көрнекілікті пайдалану, оқушының ана тілін құрметтеуге, сонымен бірге тілге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпалын тигізеді. Оқушының танымдық қабілетін жетілдіріп, өздігінен жұмыс істеуге бағыт береді. Әсіресе, қазақ тілі сабағында көрнекіліктерді пайдалану грамматикалық ұғымдарды немесе ережелерді түсіндіруге көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ, оқушылардың пікір алысуына да мүмкіндік туғызады. Көрнекі құрал мұғалімнің сабақта өткен материалдарды қайталау, жаңа материалдарды түсіндіру, бекіту мақсаттарында қолданылуы мүмкін.

Сондықтан да көрнекілікті белгілі бір мақсат қоя отырып, пайдалану қажет.

Жазба көрнекіліктер деп бір қағазға жазылған түрлі көрнекіліктерді айтамыз. Олар: сызба (схема, таблица) кеспе (карточка) грамматикалық материалдар үшін көбірек қолданылады. Сызба көрнекіліктер қабырғаға ілінеді. Көлемі жағынан түрліше болып келеді. Кейде үлкен плакат көлемінде, кейде оның жартысындай болуы мүмкін. Сызба көрнекіліктер қолдану мерзіміне қарай екі түрлі болып келеді. 1).ұзақ уақыт қолданылытын көрнекіліктер.

2). Бір сабақта қолданылатын көрнекіліктер.

.

1.2. Сабақ процесінде сызба көрнекіліктерді сабақта қолдану.



Бұл көрнекіліктерді жаңа сабақ өткенде әр тақырыпқа байланысты пайдаланған өте тиімді. Оқушылар жаңа сабақты теория жүзінде емес, практика жүзінде көзбен көріп, өтілген сабақты ауызша он қайталағаннан гөрі, көздерімен көріп, ұққандары тез есте қалады. Жаңа сабақты өткенде көрнекілік арқылы жаңа сабақты тез ұғып, тез меңгереді. Физика заңдылықтары, Менделеев таблицасы, қазақ тілінің заңдылықтары т. б. күнде ауысып отырмайды, сондықтан бұл көрнекіліктерді жылда керек кезінде көрсетуге болады. Сызба көрнекіліктер әр сабақ сайын қолданылады. Бір ғана сабақта қолданылатын сызба көрнекіліктер де ете жиі пайдаланылады. Ол таныс емес материалдарды нақты түсіндіруге, меңгертуге өте ыңғайлы.

Мұндай сызба көрнекіліктер қазақ тілі бойынша мазмұнына қарай лексикалық, морфологиялық, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, синтаксистік, пунктуациялық болып бөлінеді. Ал қолданылуы жағынан салыстырмалы, сөзді көрсету, анықтау болып бөлінсе, түрі жағынан (формасы) жылжымалы болып келеді.

Лексикалық сызба сөздің мағынасын түсіндіруге, оқушының сөздік қорын дамытуға, лексикадан ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады.

Лексикалық сызба мазмұны жағынан әр түрлі болады. Мысалы, сөз және оның мағынасы, сөздің тура және ауыспалы мағынасы, антонимдер, синонимдер, омонимдер, қазақ тілінің сөз байлығы туралы, басқа тілден енген сөздер, көнерген сөздер мен жаңа сөзде (неологизмдер) жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдерге, диалект сөздер мен кәсіби сөздерге, тұрақты сөз тіркестеріне, мақал мәтелдерге, сөздіктер мен олардың түрлеріне байланысты сызбалар жасалады. Осындай мақсатта жасалған сызбалар лексика саласын өткенде әр тақырыпқа байланысты қолданылып отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет