Курстық жұмыс Тақырыбы: Көрнекіліктер, оларды пайдаланудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері Орындаған: Тынысбекова Гүлнұра Қайратқызы Тексерген: Ибраймова Гүлназия Қуаналықызы Қорғауға жіберілді: 2022 Бағасы: ақтөбе 2022 мазмұНЫ



бет1/5
Дата08.04.2022
өлшемі89,04 Kb.
#30342
  1   2   3   4   5
Байланысты:
55555555555 (1)


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі

Ақтөбе көпсалалыАГУ Тарлан колледжі

Мамандығы: 0111000 «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі»

Курс: 4


Пәні: Әдебиетті оқыту әдістемесі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Көрнекіліктер, оларды пайдаланудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері

Орындаған: Тынысбекова Гүлнұра Қайратқызы

Тексерген: Ибраймова Гүлназия Қуаналықызы

Қорғауға жіберілді: «___» ____________2022

Бағасы: «________»

Ақтөбе 2022

МАЗМҰНЫ

Кіріспе..................................................................................................................................3-4

I. Көрнекілік.........................................................................................................5-25

1.1. Көрнекілік әдіс туралы түсінік.........................................................................5-7

1.2. Көрнекілікті пайдаланудағы тиімділік........................................................8-16

1.3. Көрнекіліктің оқудағы міндеті...................................................................................17-23

II. Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолданудың тиімді жолдары...........................24-44

2.1. Әдебиет сабағындағы көрнекі құралдар түрлері және маңызы..............................27-28

2.2. Әдебиет сабақтарында деңгейлік тапсырмалар мен тірек сызбаларды қолдану...........................................................................................................28-44

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................................44-47



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................................................................48

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстанның білім беру жүйесі қарқынды дамып, өркендеуіне байланысты оқытуда түрлі өзгерістер, сан түрлі дамыта оқыту әдіс-тәсілдері Білім жүйесіне ене бастауда. Жаңа ғасыр қоғамды қайта құру жағдайында білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі – ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіруді басты мақсат етіп отыр. Білім мен тәрбие берудің негізі жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту кезек күттірмейтін мәселе. Педагогика ғылым ретінде өте күрделі. Ал, оның жауапкершілік өлшемі – адам. Мұны бір ұстаздық өмірімізде күн сайын, әрбір минут сайын ұмытпайық. Мұғалім сабақта қандай мақсат көздейтінін, оған жету үшін қандай әдіс-тәсілдер мен көрнекі, техникалы құралдар қолданатынын нақты, алдын-ала жоспарлауы қажет. Көрнекі түрде оқыту – оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып оқыту деп түсінбеу керек. Көрнекілік – әрбір сабақтың тірегі. Мұғалім кейбір түсінуге қиын, көп күш кететін мәселелерді жеңіп, тез оңай меңгерту үшін көрнекілікті қолданады. Көрнекілік – педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулиды. Адам қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі – көру түйсігі. Адам жадында терең таңбаланатыны да осы көру түйсігі арқылы қабылданған ақпарлар. Бірақ, түйсік өздігінен құбылыстардың ішкі байланысын, олардың заңдылығын бейнелей алмайды. Құбылыстардың мәнін адам санасында ойлау, пайымдау қабілеті ғана бейнелейді. К-тің нәтижесінде қоршаған өмір құбылысын және заттарды салыстыра ойлап, пайымға салып қабылдау арқылы оқушылардың мәселені түйсіну дәрежесі артады, сана-сезімі қалыптасады. Сонымен бірге, қабылданған ақпарлар оқу міндеттеріне байланысты талданып, қорытылады. К. құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады. Бұл дидактиканың басты қағидаларының бірі болып саналады. К-ті чех педагогі Я.А. Коменский (1590 – 1670) 17 ғ-да енгізді. Одан кейін педагогтер швейцар И.Г. Песталоцци (1746 – 1827), неміс А.Дистерверг, орыс педагогі К.Д. Ушинский (1824 – 1870т), дидактика мен әдістеме жүйесіне лайықтап қалыптастырды. К-тің үлгілерін пайдалануға Ы.Алтынсарин зор көңіл бөліп, “Қазақ жастары ғылым-өнерді кітап сөзі деп қана қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білуін” мақсат етіп қойды. Қазіргі оқу жүйесінде жанды-жансыз табиғат объектілерін байыппен байқаудың, сурет, өрнек, көркемөнер туындыларын, график. материалдарды заттай пайдаланудың мәні зор. Қазіргі дәуірде ғылым, техника, көркемөнер салаларында мол дамыған шынайы деректерді, т.б. едәуір күрделі бейнелеу мүмкіндіктерін пайдалану үшін түрлі кабинет, арнайы жұмыс орындары – кабиналар ұйымдастырылды. Осыған орай оқу барысында кинопроекторлар, кинофильмдер, теледидар, оптик. аспаптар, түрлі механизмдер, дәлдік өлшеу-есептеу машиналары, т.б. көрнекі құралдар қолданылады. Әдебиет сабағында көрнекіліктің бірнеше түрге жіутеуге болады: 1. Көру көрнекіліктері. Оған сызба, үлестірмелі кеспе қағаздар, оқулық, кітаптар, буклеттер, экранды және техникалық құралдар жатады. 2. Есту көрнекіліктері. Оған техникалыққұрал түрлері, қосымша материалдардан алынған әңгімелеу жатады. 3. Көру, есту көрнекіліктерінің екеуіне жататын – кино, телехабарлар оқу фильмдері де көрнекіліктердің маңызды бір саласы болып есептелінеді. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие беру, оқушының қалыптасқан даралығын анықтап, жігер-қайратын ескеріп, ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу – қазіргі мұғалімдердің басты мақсаты. Сондықтан мен зерттеу жұмысымның тақырыбын Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолданудың тиімді жолдары деп алдым.

Зерттеу мақсаты: Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану – маңызды талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану сабақтарында көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдана білу мұғалім алдында тұрған бірде –бір міндет.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет