Курстық ЖҰмыс тақырыбы



бет8/10
Дата06.04.2023
өлшемі93,52 Kb.
#80056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ҚОРЫТЫНДЫ
Материал тақырыптық жүйеде берілгендіктен мазмұнға сәйкес сұрыпталып берілді. Ондағы мақсатымыз балалардың білімін бекітуде сөздік қорын байытуда, дүниетанымын қалыптастыруда. Сонымен қатар театрландырылған ойын түрлері-бала тілінің мәнерлігін дамытудың қайнар көзі. Бала тілін дамытуда театрландырылған ойын түрлерін орынды, жүйелі пайдалана білген әрбір тәрбиеші баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтіп ұғымын байытады. Сонымен қатар баланың ойлау белсенділігі артады, өз бетімен жұмыс түрі дамиды, сөз топтарын меңгереді, өз ойын еркін жеткізе алады деп ойлаймын.
Балалық шақ – адамның ең бақытты және уайымсыз кезеңі ғана емес, сонымен қатар бұл - тұлғаның қарқынды қалыптасу кезеңі. Балалық шағында қалыптаспаған нәрселердің орнын үлкен адам кейіннен толықтыра алмайды. Баланы оқуға мұқтаждау барысында біз одан ойынды, демек, балалық уайымдарды, талпыныстар мен қатынастарды тартып алатынымызды есте сақтайық.
Театрландырылған көрініс балалар үшін бұл әрқашанда ойын, таңғажайып ертегі, әдемі кейіпкердің әрекетінің сиқыры. Сонымен бірге театрландырылған әрекетте импровизация қағидасын ұстанып отырдым өйткені бала мәтінді ылғи есте сақтап жүре алмайды содықтан кез-келген уақытта өз еркімен сөйлеп, қозғалыс жасай білуі керектігін түсіндім. Мысалы: «Жұмағұл атайдың ауылындағы шілдехана тойы» атты театрландырылған көріністе мен баланың өзін еркін ұстағанын, өзінің сомдап тұрған рөлін сезінгенін, жарқында қуанышты түрде жеткізе алғанын байқадым.
Мен өзімнің іс тәжірибемнің негізінде келесі ұсынысымды айтқым келеді: Мектепке дейінгі орталықтың сұранысы мен Аудандық мәдениет үйінің жанынан қуыршақ театры ұйымдастырылса. Айдың белгілі бір күнінде осы қуыршақ театрының қойылымына аудан балабақшалары тамашаласа екен.
Біздің бүлдіршіндеріміз еліміздің ертеңі болғандықтан олардың Отанымыздың берік тұтқасы мен болашағы екеніне сеніммен қарау деп білемін.
Қорыта келгенде, театр балалардың көркем қабілеттіліктерін жетілдіріп қана қоймай, оларды тұлғааралық қарым-қатынасқа, өнерге деген
56
қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге, сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десек те, театр- балалар үшін мереке, демалыс орны. Баламен бірге театрға барып, оның алғашқы әсері мен қуанышын бөлісу - ата-ана үшін зор бақыт деп білеміз. Ал осындай бақытқа жол ашу - біздер, тәрбиешілер, үшін үлкен табыс.
Театрландырылған ойын түрлері балалардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын,белсенділіктерін арттырады, сөздік қорларын байытып,тілдерін дамытуға үлкен әсер тигізеді.Көптеген ойын барысында балалар әр түрлірөлдерді ойнайды.Ойын үстінде олардың қиялдау,көз алдына елестету қабілеттері қалыптасып,балалардың ой-өрісі кеңейіп,есте сақтау,көру қабілеттері дамиды.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы театрландырылған әрекеттер баланың шығармашылық әлеуетін ашуда және тұлғаның көркемдік бағытын анықтауда айтарлықтай рөл атқарады.
Балалар қоршаған ортасындағы қызықты идеяларды байқауға, оларды іске асыруға, кейіпкердің өзіндік көркем бейнесін құруға үйренеді, олардың шығармашылық қиялы, салыстырмалы ойлауы, күнделікті өмірден ерекшені көре білуі дамиды.
Театр өнері өз әрекеттерін серіктестерінің әрекеттерімен үйлестіруге, оларға кедергі жасамауға, тиімді қимылдар мен әрекеттерді таңдауға, өз кейіпкерлерінің рөлін орындағанда мәнерлілік құралдарын табуға үйретеді.Театрландырылған әрекеттер көркемдік-тілдік тәжірибесінің дамуында басты роль атқарады және баланың қоршаған ортасын дұрыс түсінуіне көмектеседі.
Мектепке дейінгі жас кезеңіндегі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріндегі әңгімелесуге үйрету кезінде, қимылдық ойындарды өткізуде, әрекеттердің бейнелеу түрлерінде және т.б. театрдың алуан түрін енгізуге болады.Сондай-ақ, тұлғалық даму мен логопедтік әрекеттерді түзететін психологиялық емдеу кезінде театрландырылған әрекеттер қолданылады.
Сондықтан, театрландырылған әрекеттерді ұйымдастыру мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік және көркемдік дамуына ықпал етеді және педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін арттырады.

57
Театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр- балалар үшін мереке, демалыс орны.Ал осындай бақытқа жол ашу біздер үшін үлкен табыс . Табысқа бірге жетейік !

58



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет