Зерттеудің мақсаты:
Меніңде мақсатым – ана тілінің базалық құндылықтарын жақсы меңгерген, шығармашыл, заман талабына сай жан-жақты дамыған мектеп жасына дейінгі тұлғаны тәрбиелеу. «Бар жақсы балалар үшін» деген ұранның желісімен театрландырылған көрініс арқылы балаларды еркін сөйлей білуге, дарынды ойлауына, өзін жеке қажетті тұлға ретінде сезіне білуіне мүмкіншілік беру. Мен өз іс-тәжірибемде балаларды театрландырылған өнер ордасына деген құлшынысын арттыруды мақсат еттім.
Зерттеудің міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың театрландырылған әрекеттерін
дамытуға арналған заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру; - ойын, ән және биді ойдан шығару және әдеби көркем шығармаларды орындау арқылы балалардың сөйлеу белсенділігін арттыруға ықпал ету;
- шынайы өмірдегі және қиялындағы жағдаяттарда балалардың
әлеуметтік тұрғыда дамуына ықпал ететін олардың ынтымақтастық тәжірибесін байыту;
- балалардың шығармашылық белсенділігінің артуына және эмоциялық
жағдайына қолайлылы мүмкіндіктер туғызу.
Зерттеу әдістері:
Зерттеу пәні:
Зерттеу обьектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеу болжамы:,,,,,,,,
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 1 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың театрланған ойындар ұйымдастыру арқылы шығармашылық ойлауын дамыту.
5
1.Театр туралы түсінік және тарихы
«Театр – адамдарды туыстыратын
шығармашылық отбасы,сахна өнері – тіл
жетпес құдіретті өмір шындығын білу,
адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес».
Театр (грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.
Театр әдетте өз заманының озық идеяларын бойына сіңіре отырып, ізгілік мұраттарын паш еткенде, ең бастысы адамның өмірлік және рухани ой-мақсаттары мен оның күрделі ішкі жан дүниесін терең де шынайы ашып бейнелегенде ғана ол өзінің жоғары көркемдік сатысына көтерілумен қатар қоғамдық-әлеуметтік міндеттерін орындай алады.
Театрдың да өнердің өзге салалары секілді өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол – әдебиет, музыка, кескіндеме, архитектура, би және кинематографияның мәнерлі амал-тәсілдерін бойына жинақтаған синтездік өнер. Мұның өзі сахна мен көрермендердің рухани ой-сезім күйлерінің бір-бірімен өзара ұштасуын, оған қоса спектакльді жасаушылар мен көпшілік қауымның арасындағы жалпы мақсаттың ортақ болып, бір арнадан шығуын талап етеді.
Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті, яғни әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады. Театр әдеби шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі театрлық бояу-өрнекпен жаңа күйге түсіреді де драмадағы мінез-кейіптерді, олардың өзара қарым-қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас-тартыс пен іс-қарекеттеріне жан бітіріп, тірілтіп жібереді. Осыған орай көрермендер де театр сахнасында өтіп жатқан оқиға әрекет пен оған қатысушы-қаһармандардың ой-арманына, шат күлкісі мен сезім діріліне, күйінішіне, жалпы тіршілік-тынысына бейжай, немқұрайлы емес, қайта бар ынта-зейінімен, ынтызар көңілімен қарайды,
5
яғни олар осы сәтте сахналық өмір көріністерінің жай бейтарап, салқынқанды бақылаушысынан гөрі тікелей қатысушысы ретінде бой көрсетеді. Түптеп келгенде театрдың қоғамдық-тәрбиелік қызметі мен идеялық-эмоциялық және көркемдік-эстетикалық әсер күші де осыған саяды. Театрдағы басты тұлға, пьесадағы берілген жағдайға байланысты әрекет етіп, сахналық қаһарманның характерін жасайтын – актер. Ол сахнада шығармалық процесс кезінде пьеса материалын өзінің болмыс шындық туралы ой-түсінігімен, өмірде көріп-байқағандарымен, эстетикалық сезім-түйсігімен үнемі байытып, толықтырып отырады. Бұл тұста актердің бойынан орындаушылық өнерге қоса ойшыл суреткерлік қасиет те айқын аңғарылады. Актер образы пьеса және спектакльді қоюшы-режиссердің (қара Режиссерлік өнер) түсінік-шешімі мен түсіндірмесі негізінде өмірге келеді. Өнердің өзге түрлеріндей театр да өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейді. Ал мұның өзі спектакль бойынша жүзеге асады.
Театр – ұжымдық өнер, өйткені қазіргі театр спектакльі драматург, актерлер, қоюшы-режиссер, сценограф (декоратор-суретші; қара Театр декорация өнері), композитор (қара Театр музыкасы) мен хореографиялық өнерінің және киім-кешек жасаушылар, гримшілер, жарық берушілер секілді, театрдағы т.б. көптеген қызметкерлер еңбегінің өзара тоғысуы нәтижесінде туады. Театр өнерінің синтездік табиғаты оның тарихи даму сатысымен тығыз байланысты. Әсіресе, театрдың өзіне тән мұндай ерекшелігі драмалық әрекет, музыка, ән мен бидің бір-бірінен бөлінбей тұрған кезіндегі кең таралған халық ойын-сауықтарынан айқын көрініс тапты. Кейінгі дәуірлерде өнер түрлерінің жіктеліп шығуымен және олардың одан әрі ілгері дамуымен байланысты театр өнері өзінің синтездік қасиетінен айрылды. Сөйтіп, театр негізінде драма, опера және балет секілді 3 түрі қалыптасты. Енші алып, отау тігіп, өз алдына жекеленіп шыққанымен музыкалық театр өзінің драмалық негізінен айрылған жоқ, тек мұндағы уақиға-әрекет музыкалық драматургияның тәсілдерімен, музыка-поэзиялық образдар арқылы ашылды. Театр – табиғатынан көпшілік қауымға ғана арналған, қоғамдық-мәдени мән-маңызы үлкен өнердің бірі. Ол көрерменсіз, жеке өз алдына өмір сүре алмайды. Осыған байланысты сахна мен көрермен бірігіп отырып шынайы өмір құбылысына ой жүгіртеді, оған өз тұрғысынан баға береді; театр көрермендердің ішкі жан сезіміне әсер етіп, терең толғандырған жағдайда ғана өзінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін атқарып, эстетикалық мақсат-мұратына жетеді.Театр өнері көрерменнің өзгелерге деген, басқа халықтар өмірі мен қоғам тіршілігіне деген ынта-ықыласын арттырумен қатар, достық сезімін де күшейте түсуге игі әсер етеді. Дүние жүзіндегі түрлі халықтардың географиялық-тарихи даму өзгешелігі мен олардың өмір-тұрмысы, әдет-ғұрпы, психикалық хал-жайы әр алуан театр жүйелерінің туып,
6
қалыптасуына ықпал жасады. Осыған орай еуропалық театрларды және Шығыс елдерінің (Жапония, Қытай, Yндістан, т.б.) театр мәдениетін, Америка, Африка, Мұхит аралдары халықтарының өзіндік сипаты бар театр өнерін де атауға болады.Театрдың әрекет пен сауыққа негізделген мән-мағынасы тарихи тұрғыда, оның өмірге алғаш келуімен байланысты айқындалады. Адамзат тарихымен қоса жасасып келе жатқан театрдың қайнар көзі ежелгі замандағы аңшылық пен ауыл шаруашылық ойын-сауықтарына, халық мерекелері мен салт жораларына саяды. Осы негізде пайда болған алғашқы трагедиялық және комедиялық сипаттағы дәстүрлі ойын-сауықтар мазмұнынан драмалық тартыстар мен сюжеттердің нышандары, сондай-ақ хор әндері, билер, диалогтар, киім киіп, сән-салтанат құру, маскамен бет-әлпетін өзгерту бой көрсетті. Ойын-сауық әрекетінің діни-салттық негізден бірте-бірте арылып бөлінуі, қаїарманның хор тобынан алдыңғы қатарға шығуы және көпшілік мейрамдарын арнайы ұйымдастырылған ойын-сауыққа айналдыру әдеби драмалардың тууына қолайлы жағдай жасады. Актерлер мен көрермендерге жіктеліп бөліну Театрдың аса маңызды қоғамдық қызметін айқындай түсті. Бұл процесс еуропалық театр өнерінің өркен жаюына зор ықпал жасаған Ежелгі Грекия театрында айқын көрініс тапты. Біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырдың өзінде-ақ ежелгі гректердің мемлекет-қалаларында театр қоғамдық өмірдің орталығына айналды. Бұларда ойын-сауықтар бүкіл халық мерекесі саналды. Аспан аясында, төбесі ашық алып амфитеатрларға он мыңдаған көрермендер жиналып, ойын-сауықты тамашалап отырды. Ал мұндай ойын-сауықтар маман актерлерден басқа хорға қатысатын барлық көрермен-азаматтардың өздерін де қамтитын болған. Ежелгі грек драматургтері Эсхил, Софокл мен Еврипид трагедияларында аңыз құдайлары мен қаһармандарының тұлғасы жасалды, ал Аристофан комедияларында ежелгі дәуірдің саяси және әлеуметтік күресі бейнеленіп, қоғамда орын тепкен кемшіліктер мен орынсыз жайлар өткір күлкі отына ұшырады. Грек театр мәдениетінің дәстүрі жаңа қоғамдық өмірдің ерекшелігіне орай Ежелгі Рим театрында өзінің жаңа даму жолын тапты. Рим театрында (драматургтер Плавт, Сенека, Теренций, т.б.) спектакльді қою мен театр техникасы едәуір дамып, сахна түрлері өзгерді; ойын-сауықтың жаңа түрлері, оның ішінде мифологиялық сюжетке құрылған музыка-би сауығы – пантомима пайда болды. Ойын-сауықтың көптеген алуан түрлері Ежелгі Шығыс елдерінде де, соның ішінде Жапонияда, Индонезияда, Қытайда, Yндістанда, т.б. елдерде туып, өрістей бастады.
Ерте кезеңдегі театр түрлерінде жеке, бір адамға тән мінез даралығын емес, жалпы адамдарға ортақ мінез-кескіндерді көрсету принципі үстемдік алды да бұл тұрақты маска-типтердің тууына себепші болды.Мұндай принцип орта ғасырдағы халық театры сауықтарына да тән болатын.
7
Орта ғасырда Батыс Еуропадағы театрдың дамуы реалистік-демократиялық ағымдағы халық өнерінің шіркеу мен феодал діни-мистикалық идеологиясына қарсы күресі үстінде өтті. Халық театры қала мен ауыл бұқарасының әуесқойлар шығармашылық түрінде өмірге келді. Қалалардың өсуімен байланысты 11 ғасырдан бастап орындаушылық өнердің мамандануы басталады. Мысалы, кезбе актерлер: жонглерлер, гистриондар мен скоморохтар пайда болды. Орта ғасыр театрындағы ең ірі жанр болып табылатын миракль мен мистерия сауықтарының (14 – 15 ғасырлар) діни мазмұнынан өмір әуендері кең көрініс тапты және әуесқой актерлердің өнері арқылы келген шіркеуге қарсы белгілер, тұрмыстық реализм мен стихиялы халықтық бояулар да бой көрсетіп отырды. 15 – 16 ғасырлардағы аллегориялық драма сауығы – моралите өсиет пен мораль айтушылықтан аспады. 14 – 16 ғасырларда бірқатар елдерде (Италияда, Францияда, Германияда, т.б.) фарс секілді орта ғасыр театрының ең демократиялық бір түрі өркен жайды. Қайта өркендеу дәуіріндегі алғашқы еуропалық кәсіби театр болып саналатын итальянның дель арте комедиясының (16 – 17 ғасырлар) спектаклі тұрақты маска образдар мен сценарийлерге негізделген ұжымды актерлік шығармашылық бойынша жасалды. Бұл спектакльдер актерлердің көрермен-көпшілікпен емін-еркін қарым-қатынас жасап отыруына құрылды әрі олар жарқылдаған буффонада, гипербола, гротескіге құрылған өткір сатираға, нәрлі юморға, динамика мен жарқын бояуға толы болды. Қайта өркендеу дәуірінде әдеби драма өмірге келді; осыған орай Т. әдебиеттік негізге құрылып, бұдан былай ол қаланың мәдени орталықтарына, тұрақты мекенжайларға қарай ойысты. Жалпы мәдениеттің даму процесінде театрдың шығармашылық міндеттерінің ұлғайып өсуі оның алуан түрлерінің жіктеліп, әрқайсысының жеке, өз алдына дамуына себепкер болды. Мысалы, 16 ғасырда опера, 18 ғасырдың ортасында балет, 19 ғасырдың ортасында оперетта жеке жанр түрінде бөлініп шығып, қалыптаса бастады. Қайта өркендеу дәуіріндегі У.Шекспир, М.Сервантес, Лопе де Вега, П.Кальдерон, т.б. секілді ұлы драматургтер пьесаларында тарих мәселесі өткір әлеуметтік және саяси талас-тартыстар үстінде ашылды; олар өздерінің өмірлік мақсат-мұратын орындауға ұмтылған, ойлау мен әрекет жасау қабілеті жойқын, кесек мінезді ерен жандардың бейнесін алдыңғы қатарға шығарды. Жоғары адамгершілік пен қаһармандық негізінің болуы, өмірге деген философиялық көзқарас, поэзиялық, қайырымдылық пен зұлымдықтың ымырасыз кереғарлығы, арлылықтан арсыздыққа, трагедиялықтан комедиялыққа табиғи түрде ауысып отырушылық, т.б. Қайта өркендеу дәуірі драмасының ерекшелігін айқындады және оның барлығы сол дәуірдегі сахналық мәдениеттің де ерекшеліктерін қалыптастырды. Драматургияның халықтығы театрдың да халықтық сипатын айқындады.
8
Еуропа елдерінде кезбе актерлер труппасынан басқа театр антрепренерлері басқарған жеке меншікті немесе актерлер жолдастығы типіндегі тұрақты кәсіпорындар (мысалы, Лондондағы “Глобус” театры) пайда бола бастады. Көптеген сарай театрлары ұйымдасты. 16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың басындағы театрдың жаңадан қайта өрлеуі классицизмнің кең өріс алуымен тығыз байланысты. Осы кезеңде Францияда қатаң ережеге құрылған театр жүйесі (Н.Буалоның “Поэтикалық өнер” атты теортялық поэмасы, 1674, т.б.) жасалды. Көрерменнің жан дүниесін баурап алар актерлік сезім дүниесі театрдан аласталды. Трагедиялық актер өнерінде музыка-поэзиялық декламацияға негізделген принцип тұжырымдалды. Сана мен эмоция, борыш пен сезім арасындағы қайшылықтар және оның борыш пен ақыл-ой пайдасына қарай шешілуі драмалық әрекеттің негізгі өзегіне айналды. Осымен байланысты классикалық спектакль аналитикалық психологизмге, характерлерді ашуда монологтық принципке негізделді. П.Корнель, Ж.Расин сияқты көрнекті француз драматургтері өз пьесаларын зор қаїармандық пафосқа, психол. шынайылыққа, тартыстың ішкі трагизміне құрды. 17 ғасырдың ортасында реалистік реформасын жасаған Ж.Б. Мольер қызметінің нәтижесінде қарапайым халық өкілдерінің сахналық бейнесі жасалды. Актерлер өнерінде жоғары азаматтық әуен толыққанды характерлер жасау және тарихи шындыққа ден қою мақсатымен ұласты. Дегенмен, ой-парасатқа негізделген эстетика талаптары (Д.Дидроның “Актер парадоксы”, 1773 – 1778) актерлік сезімді жоққа шығара алмады. Ерлікті, ізгі жандарды және буржуазиялар, тоғышарлар тұрмысын жалаң сезіммен, патетикалық рухта бейнелейтін мещандық драма мен көз жасы аралас комедия секілді жанрлар пайда болды. Г.Лессинг, Ф.Шиллер, П.Бомарше, Г.Филдинг, Р.Шеридан, К.Гольдони қаламынан туған драмалық шығармаларда феодалдыққа қарсы идеология мен реалистік ағымдар белең алды. Ф.Ж. Тальма (Франция), С.Сиддонс (Ұлыбритания), И.Флекк (Германия), т.б. сынды трагедиялық актерлер шығармашылығынан романтик. бағыттың алғашқы нышандары айқын байқалды. 18 ғасырдың аяғында “Дауыл мен тегеурін” драматургиясының (Германия), мелодрамалар мен сатиралық ағымдағы водевильдердің өмірге келуі театрдың демократиялық негізін кеңейте түсті. 18 және 19 ғасыр аралығында өткен саяси-әлеуметтік өзгерістер нәтижесінде көрермендер молайды да оның өзі жалпы театр өмірін демократияландыру мен театр жүйесінің толассыз өсуіне ықпал етті. Сонымен қатар театр ісіне сауда тұрғысынан – пайда табу көзімен қараушылық күшейіп, театрда буржуазия идеологияның әсері байқалды. Театр идеялық-көркемдік күрес алаңына айналды.
9
Еуропадағы жаңа қоғамдық құрылыстың өткір қайшылықтары мен одан туындаған азат ету қозғалысы 19 ғасырдың бүкіл өн бойында театрдың прогресшіл бағыттан айнымауына жағдай жасап отырды. 19 ғасырдың 1-жартысындағы гуманистік мұрат пен утопиялық арманды паш еткен романтик. Театрда буржуазиялық тәртіпке қарсы қоғамдық наразылық білдіру, үстем тап өкілдеріне сыншылдықпен қарау мәселелері өз шешімін тапты. Романтизм туы астында драмада замани театрдың қоғамдық прогресшілдігі, халықтық пен ұлттық қасиеті үшін, сондай-ақ эпигондық классицизмге қарсы күрес өрістеді. Ресейде декабристер мен ақын А.С. Пушкин театр реформасын жариялап, театрды “шекспирлендіру” принципін ұсынды, ал М.Ю. Лермонтов өз шығарм-мен романтик. дәстүрді жалғастырып, ілгері дамытты. Еуропа елдерінде романтик. драманың жаңа үлгісі жасалды. Романтикалық драма мен театр ұлт-тық тарихқа, фольклорға, халық эпосына назар аударып, халықтың ұлттық сана-сезімінің оянуын, өсуін бейнелеп көрсетті. Романтикалық қозғалыстың алқапты арнасында театрдың реалистік негізі зор қарқынмен дами бастады. 19 ғасырдың 1-жартысындағы еуропалық театр репертуарынан мелодрамалар және романтик. тарихи драмалар мол орын алды. Аталмыш шығармаларда зұлымдық пен жауыздықтың иелері әдетте қолында билігі бар, ой-өрісі мешеу бай, үстем тап өкілдері болып келеді. Ал адамгершілік пен ізгілік мәселелері бұл жанрлардың әлеум. бағытын айқындай түсті. Сезім табиғилығы мен психологизм, контрастқа құрылған сахналық ойын жүйелері, қоғамдық әшкерелеу пафосы мен жарқын демократиялыққа ұмтылу романтик актерлері өнерінің ерекшелік сипаттарын айқындап берді. Сахнада өмірдің ұнамсыз жайлары үлкен әлеум. тұрғыда қорытылып, өткір гротескілік мінез-кейіптер жасау шеберлігі қалыптасты.
Театр мәдениетінің даму жолында ун-ттік театрлар үлкен рөл атқарды. 20 ғасырдың 60 – 90-жылдары Батыс Еуропада әр түрлі саяси-идеялық, сахналық-көркемдік бағыт-бағдар ұстанған жастардың театр қозғалысы (режиссер Е.Гротовский, Польша; режиссер П.Штайн, Германия; Э.Некрошюс, Литва) зор қарқынмен өркендей бастады. Әуесқойлар мен кәсіби, жұмысшылар мен студенттердің, т.б. көптеген театр ұжымдары пайда болды. Театр шығармашылығына ден қою жалпы бұқаралық сипат алды. Жастар спектакльдері цирк, жәрмеңкелік серуен мен қуыршақ театрының элементтерін бойына сіңіріп, пантомима, поэзиялық және деректі театр, буффонада, фарс, балаған, дель арте комедиясының үрдіс тәсілдерін молынан пайдалану негізінде қойылды. Спектакльдер қала алаңдарында, цехтар мен фермаларда, курорттық жағажайларда қойылып, театр өнері қалың көрермендер қауымын кеңінен қамтыды.
10
Осы заманғы театрда режиссура қызметінің және сценография (сахнаны безендіру өнері) мен музыканың рөлі бұрынғыдан да арта түсті. Сахналық өнерде ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі қыруар көркемдік тәжірибе жинақталып, ұлттық театр шығарм-ның мол дәстүрі қалыптасты. Осы тәжірибе мен демокр. дәстүр 20 ғасырдың сахналық мәдениетінде одан әрі пайдаланылып, сәтімен игерілді. Романтизм мен реализм жаңа тарихи даму сатысынан өтіп, тың түр табуда. Театр спектакльдерінде шартты реж-лік тәсілдерді батыл қолдану арқылы адам характерлерінің әр қырынан толық ашылуына ден қоюшылық (Г.А. Товстоногов, А.В. Эфрос, Ресей; Ә.Мәмбетов, Қазақстан), Брехттің сахналық дәстүрін (Ю.П. Любимов, Ресей; Р.Р. Стуруа, Грузия) жалғастыру, жаңа заман талабына сай алуан түрлі өнер тәсілдерін эксперименттік тұрғыда батыл қолдану сияқты жаңашыл ізденістерге қадам басу тенденциялары белең алды. Бейнелі шешімге ұмтылу, көркемдік тәсілдерді ұтымды қолданып, оның мазмұнды болу жағын қарастыру – қазіргі прогресшіл театр ағымын айқындайтын белгілер. Қазақстанда кәсіби театр халықтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтынан, ойын-сауығы мен ақындар айтысынан, шешендік пен халық қуларының өнерінен тамыр тартып жетілді. 20 ғасырдың басында өмірге келген қазақ театр өнері өзінің нығайып қалыптасу, өсіп-өркендеу, даму сатыларынан өтті. Қазақстанда театрдің дамуы және Абайдың театрдағы маңыздылығы Абайдың ақындық қабілетіне қоса, өз өлеңдеріне ән шығарған композитор ретінде танылуы шығармаларының ел арасына тарауына жол ашты. Абайға арналған әдеби-музыкалық кештер, оның шығармаларының сахнада орындалуы ақынның көзі тірісінде-ақ басталып, қайтыс болғаннан кейінгі жылдары кең құлаш жайды. 20 ғасырдың басында қазақ топырағында ұйымдастырылған түрлі этнография әдеби-музика кештерде, ас пен тойларда Абайдың өлеңдері мен қарасөздері айтылып, сауыққойлардың репертуарларынан тұрақты орын алды. 1914 жылы Абайдың қайтыс болғанына елу жыл толуына орай, әдеби-этнография, музика-драмма кеш өткізілді.
11
Достарыңызбен бөлісу: |