Квалиметрия



Pdf көрінісі
бет2/44
Дата10.12.2022
өлшемі0,75 Mb.
#56379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
treatise8149 (2)

ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ 
 
ХСҰ (ISO) – Халықаралық стандарттау ұйымы (International Standard 
Organization) 
ӨСБ – өнімнің сапасын басқару 
СБЖ – сапа басқару жүйесі 
ӨП – өндірістік процесс 
ӨСК – өнім сапа көрсеткіші 
НТҚ – нормативтік-техникалық құжат 
ТШ – техникалық шарттар 
ТК – тағайындау көрсеткіштері 
ТТ – техникалық тапсырма 
ҚЖК – қор жинақтау көрсеткіштері 
ХЭК – халықаралық электротехникалық комиссия 
ӨКД – өнімнің кемшіліксіз даярлануы 
ӨСБКЖ – өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесі
ӨМҚЕ – өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету 
ӨЖНКЖ – өндірісті жоғарлатудың нəтижелік кешенді жүйесі 
ӨСББЖ – өнімнің сапасын басқарудың бірыңғай жүйесі 
ӨЖП – өнім жасау процесі 
НҚ – нормативтік құжат 
МҚЕ – метрологиялық қамтамасыз ету 
ҒТП – ғылыми техникалық прогресс 
БСҰ – Бүкілəлемдік сауда ұйымы 
ЕСҰ – Еуропалық сапа ұйымы 
 


6
КІРІСПЕ 
Қазіргі таңда сапа əмбебап сипатқа ие. Ол бəсекеге қабілеттілік жолында 
көптеген объектілердің негізгі қайнар көзі. Əрбір мемлекеттің экономикалық 
жəне əлеуметтік дамуы кез келген тұтынушының өміріне тікелей əсер ететін 
тауар сапасы мəселесінің сəтті шешілуіне байланысты. Еліміздегі соңғы он 
жылдықтағы экономикалық жəне əлеуметтік қиындықтардың себептерін 
түсіндіретін бірнеше объективті факторларды атап өтуге болады: 
• өндіріс тиімділігінің жоғары болуы; 
• өндірілетін жəне шығарылатын тауар сапасы; 
• дамыған мемлекеттердің өмір сүру деңгейі жəне т.б. 
Қазақстанның нарықтық экономикалық жаңа сатыға көтерілуі мемлекеттің 
сапа мəселесіне жаңадан қарауға мəжбүрлейді. Өйткені, бүгін болмаса ертең 
дамыған бəсекелестік нарық өз талаптарын қояды, өндірушілердің бəсекеге 
қабілеттілігі арта түседі. 
Сапа түсінігі көп ғасырлы даму жолында болды. Қоғамдық қажеттіліктер 
дамып, олардың саны артқан сайын жəне оларды қанағаттандыратын өндіріс 
мүмкіндіктері өскен сайын сапа да өз кезегінде дамыды. Əсіресе, соңғы он 
жылда сапаның өзгеше динамикалық даму процесі мен оның параметрлерінің 
өзгерулері байқалды. Сапа түсініктемесі мен оған деген қажеттіліктер мен 
тəсілдер тез өзгеріске ұшырай бастады. 
Қоғамның жəне экономиканың қарқынды даму жолына өтуін жеделдетудің 
басты негізінің бірі болып сапаны жетілдіру. Жоғары сапа – еңбек жəне 
материалдық ресурстарды үнемдеу, экспорттық мүмкіндіктерді арттыру, 
сондай-ақ қоғам қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру болып табылады. 
Сапаны жетілдірудің тиімді жолы – сапаны басқару. Сапаны жетілдіруді 
жоспарлау, бақылау, ынталандыру үшін ең алдымен сапаны бағалау қажет, яғни 
сапаны сипаттайтын барлық қасиеттер жиынын бағалау болып табылады. 
Объектілер мен олардың қасиеттерінің маңызын сипаттаушы ретінде сапаның 
қоғам үшін тəжірибелік маңызы өте зор. Сондықтан адамзаттың кез келген 
заттың сапасын бағалауда туындайтын сұрақтары өз маңызын жоғалтқан жоқ. 
Сондықтан, қазіргі кезде ғылыми техникалық прогрестің қарқынды дамуына, 
халықтар арасында экономикалық, техникалық жəне ғылыми қатынастардың 
дамуына байланысты халық шаруашылығының барлық салаларында сапа 
ұғымына көп көңіл бөлінуде. Əлемнің дамыған жəне дамушы елдерінде, 
халықаралық, аймақтық, ұлттық ұйымдар мен фирмаларда, түрлі 
кəсіпорындарда, өндіріс пен экономиканы бағалауда өнімнің сапасын басқару 
өте қажет. Ғылым мен техниканың алға басуына, өндірістің дамуына 
байланысты сапаны басқару өрісі күннен күнге кеңеюде.


7


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет