18
шектелмейді. Шығарған өнімдері бəсекеге қабілетті болып, сұранысқа ие
болған жағдайда ғана қаржы тарту өндірісті қайта жабдықтау, жаңа
технологияларды өңдеуді қолға алуды қарастырады.
Қазіргі
жетілмеген, бағалық емес бəсеке жағдайында өндірістік
шығындарды азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу əрекеті, əсіресе,
фирмалар арасында бəсеке болғанда ерте ме, кеш пе фирма үшін төлем төлей
алмауға əкеледі. Сондықтан кез келген фирма үшін кез келген экономика үшін
шаруашылық қызметтің бағдары болып əлемдік деңгейде қазіргі заманға сай
кəсіпорындарда өндірісті ұйымдастыруы болуы тиіс жəне мына параметрлерге
сəйкес келуі тиіс:
1. Үлкен
икемділігі, өнім ассортиментін тез өзгертуге жəне өнімді жиі
жаңарту қабілеттері болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң стандартқа
негізделген жаппай өндірісі тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына
бейімделуге қабілетсіз жəне оның салдары төлем төлей алмауға əкеледі;
2. Фирма жаңа технология мен өндірісті ұйымдастырудың жаңа
нышандарына көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі
екені
соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышандарын
əсіресе, фирма өнімдерінің бəсекегеқабілеттілігі туралы мəселе шынымен
қойылған жағдайда қажет етеді;
3. Фирмаға өзінің өнімінің сапасын жəне сатудан кейінгі қызмет
деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім сапасына
деген талаптары бүгін тек, жоғарылап ғана қойған жоқ жəне де өзінің сипатын
түбірімен өзгертті. Қазір жақсы өнімді шығару аз, сондықтан тұтынушылардың
жоғары деңгейдегі өзіндік сұраныстарына ие аса сапалы өнімдерді шығару
туралы ойластыру қажет.
Өнім сапасын басқару – тауар сапасына əсер ететін факторлар мен
жағдайларға мақсатқа сай ықпал
жасау жолымен өнімді жасау, өндіру,
айналдыру мен пайдалану кезінде қажетті сапа деңгейін белгілеу, қамтамасыз
ету мен ұстау.
Өнім сапасын басқару(ӨСБ) ісі мынадай негізгі міндеттерді шешуге
бағытталған:
• ең жақсы əлемдік жетістіктерге сəйкес өнімнің жаңа,
жоғары сапалы
түрін жасау мен игеру;
• өндірістің жалпы көлемінде жоғары категориялы сапалы өнімнің, яғни
бəсекеге қабілетті өнімнің үлестік салмағын арттыру;
• шығарылатын өнім сапасының көрсеткіштерін жақсарту мен оны
бəсекеге қабілетті топқа көтеру;
• заттың сапасы ескірген өнімді уақтылы алып тастау, ауыстыру немесе
жаңғыртып жетілдіру;
• ұжымдар мен орындаушылардың жұмыс сапасын жоспарлы түрде
арттыру.
Өнім сапасын басқару (ӨСБ) жүйесін құру қағидаларына мыналар жатады:
19
• өнімді жасау, енгізу жəне жетілдіру;
• басқарудың
функциясы мен құрылымының мəселелік-мақсаттық
бағытталуы.
Өнім сапасын басқару – атқаратын функциялар
жиынтығының мынадай
белгілері бойынша егжей-тегжейлі қаралады:
а) мақсат түрлері бойынша – басқарудың стратегиялық, тактикалық жəне
оперативті нұсқасы қызметтер мен тиісті мақсаттарға жетуіне оңай;
ə) басқару процесі фазалар бойынша шешімді қабылдау, ақпараттық-
бақылаушылық жəне қатынастық ықпалды басқарудың істеріне;
б) өнімнің өмірлік цикл сатылары бойынша (зерттеу-əзірлеме, дайындау,
жабдықтау мен тұтынуға айналдыру) – сатылар бойынша басқарудың міндетті
қызмет аясына;
в) мақсат тобы бойынша – ғылыми-техникалық,
өндірісті экологиялық
факторлар мен жағдайларды басқарудың міндетті қызмет аясына.
Сапаны басқарудың ұйымдық құрылымын құру ерекшеліктері.
Басқарудың
ұйымдастырушылық
құрылымын
талдау
мынадай
тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
• Сапаны басқарудың міндетті қызмет аясының құрылымы дамыған жəне
басқарудың жеке буындары арасындағы амалдарын бірқатар бөлу кезінде
функционалдық аралық жəне анық функционалды ұйымдастырушылық жəне
өндірістік атқару құрылымдары буындарының іс-əрекетін үйлестіру қажет.
• Басқарудың дəстүрлі жүйесін қолдану сапаны басқару істерінің шағын
номенклатурасында анықталады жəне міндетті іс құрамын ұлғайту қажет
болғанда тиімділігі мардымсыз болады.
• Көптеген жағдайларда үйлестіруді тиімді қамтамасыз ету үшін
мамандандырылған қызмет құруды қарастырып матрицалық түрдегі
басқарудың мəселелік-мақсаттық нобайды қолданған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: