43
9 Тұтынушыға ұсынылатын (соның ішінде шетелдік) тауарды
жарнамалау сапасы жəне деңгейіне.
Тауардың бəсекеге қабілеттілігінің экономикалық көрсеткіштерін есептеу
негізіне бір жолғы жəне эксплуатациялық (ағымдағы) шығындардан тұратын
тұтынушының толық шығындарын салыстыра қойылуы мүмкін. Бір жолғы
шығындар - өнімді алуға (нақты баға), кедендік баж салығы жəне басқа
алымдарға шығындар, тасымалдауға, жинақтауға жəне іске қосуға кеткен
шығындар. Эксплуатациялық(ағымдағы) шығындарға мыналар кіреді: өнімге
қызмет көрсететін қызметкердің еңбек ақысы, отын мен қуатқа шығындар,
жөндеуге кеткен шығындар жəне т.б.
Өнімнің бəсекелестік қабілеттілігін бағалаудың бірқатар басқа əдістері бар,
мысалы, бағалық, салыстырмалы құны бойынша, салыстырмалы пайдалылығы
бойынша. Бағалық əдіс кезінде тауар, егер оның сатылу бағасы, дизайны жəне
сапасы нарықта ұсынылған осыған ұқсас тауарлардың сипаттамасынан кем
қалмаса, бəсекеге қабілетті деп саналады. Салыстырмалы құны бойынша
бəсекеге қабілеттілік бірегей валютада саналған салыстыратын фирмалардың
өңдеу өнеркəсібіндегі еңбек бірлігінің салыстырмалы құны ретінде
түсіндіріледі. Салыстырмалы пайдалылық бойынша бəсекеге қабілеттіліктің
өлшемі компанияның пайдасының нормасы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: