Күзгі семестр Пән аты: Тілді танымдық тұрғыдан оқыту Мамандық шифры



бет5/5
Дата31.12.2021
өлшемі38,15 Kb.
#23593
түріСеминар
1   2   3   4   5
«Бәйге» ойыны.

Мақсаты: Шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрi дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру.

Ойын шарты .Бұл ойынға әр қатардан бiр-бiрден шабандоз шығады. Ойын белгiлi бiр такырыпты өткеннен кейiн бекiту максатында жургiзуге болады. Мұғалім тақырыпка сай сұрақтарды айтады, шабандозшылар тез әрi дұрыс жауап беру кажет. Әрбір дұрыс жауап- бiр қадам алға жылжу.

Мысалы: «Сөз құрамы» тақырыбынан кейiн мынандай сауалдар қоюға болады :

1. Сөз дегеніміз не?

2. Сөз құрамына не жатады?

3. Түбір дегеніміз не?

4. Косымша дегенiмiз не?

5. Жұрнак дегенiмiз не?

6. Жалғау дегеніміз не?

7. Түбiрлес сөз деген не?

8. Туынды сөз дегеніміз не?

9. Көптік жалғауларын тап?

Қазақ тілі сабағында әдiстердi тиiмдi пайдалану аркылы окушылардың бiлiмге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсендiлiгiн калыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.

Сонымен қоса қазақ тілі пән бiрлестiгiнiң мүшелерi «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы: «Ой шақыру», «Сұрак кою», «Кубизм», «Кластер», «Түртiп алу», «Бес жолды өлең» стратегияларын сабақты өткізу барысында тиiмдi пайдаланады.



Сын тұрғысынан ойлау мен жазу бағдарламасын сабақтарында колдану, оқушыға үйрету емес, оқушынын үйренуiне көмектесу негізінде iске асырылады. Бұл жүйе окытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін жүзеге асырады. Ұжымдық іс-әрекет бiлiм игеруде ортақ карым-қатынас құралына айналады. Білім алу мұғалім көмегiмен окушылардың білім деңгейіне карап сараланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет