«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны Мақсаты: оқушылардың қазақ тілі, әдебиет және ағылшын тілі пәндері бойынша білімдерін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру, тіл байлығын жетілдіру, шапшаң ойлауға, ойын жинақы жеткізе білуге үйрету.
Көрнекілік: интерактивті тақта, әр түрлі қақпалар, сұрақтар, алтын сандықша
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қатысушылар, қонақтар! «Тілдер апталығы» аясында өткізіліп отырған «Алтын қақпа» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Good afternoon dear participants and guests! Welcome to our intellectual game!
Жүргізуші: Енді сіздерді ойынның шартымен таныстырып өтейін. Балалар, біздің мақсатымыз – жан-жақты білімімізді көрсету. Ал бұл ойынның мақсаты – Отанымыздың жүрегі, бас қаласы – Астанадай алыс жердегі «Алтын қақпаға» жету. Ондағы «алтын сандықта» «Білім» деген қазына бар. Сол «Білім» қазынасын алу үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз.
Жүргізуші: The game consists of three contests. The first contest is “Stone gate”, the second is “Silver gate” and the third one is “Golden gate”.
Жүргізуші: Жалпы 6 қатысушы бар. Сұрақтар салмағы әр кезеңнің атауына байланысты болады. Мысалы, «Темір қақпада» сұрақтар сәл жеңілдеу болса, «Күміс қақпада» сұрақтар алдыңғы кезеңге қарағанда күрделене түседі. «Алтын қақпаның» сұрақтары болса, алдыңғы екі қақпаның да сұрақтарынан салмақты, алтындай бағалы болады. Берілген тапсырма, сұрақтарға дұрыс жауап берілген жағдайда қақпа ашылады. Үш қақпа ашылған соң, «алтын сандықты» ашу үшін соңында бір қатысушы қалады. Алтын сандықтың сұрағына жауап берсе, жеңімпаз атанады.
Жүргізуші: We think you understand the rules of the game. If you understand, let’s start! We wish you good luck!
І кезең. «Тас қақпа» Астана қаласы қай жылы құрылды? ( 10 желтоқсан 1997 жыл)
Қазақстан Республикасының рәміздері күні қай кезде аталып өтеді? ( 2007 жыл 4 маусым)- елтаңба- Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов; ту- Шәкен Ниязбеков; Әнұран- Жұмекен Нәжімеденов, музыкасы- Шәмші Қалдаяқов
What is the first letter of English alphabet? (A)
Республикамыздың астналары туралы айтсаңдар...
What is the capital of Great Britain? (London)
Who wrote “Harry Potter”? (J.K.Rowling)
Extra questions: Мен, мен едім, мен едім сөзінің авторы және кімге арналған? (Исатайға Махамбет 1836-1838 жж)
Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қай жылдары болды? (1837-1847)
Five plus two is (7)
Жүргізуші: Біз екі қатысушымызбен қоштасуымызға тура келеді.
«Тас қақпа» ашылды.
Жүргізуші: Let’s go to the next contest which is called “Silver gate”.
ІІ кезең. «Күміс қақпаны» ашуға арналған сұрақтар Қазақ хандығы қашан құрылды және алғашқы ханы кім? (1465 ж, Керей хан)
Көбінесе ай 30 немесе 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 күн бар? (он екі айда)
An important day for all of us which happens once every year. (Birthday)
What is Westminster Abbey and where is it? (I is the most famous riligious building, church, it is in London, GB)
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы не жайлы және қандай бөлімдерден тұрады? (Алмас қылыш, Жанталас, Қаһар) 1-кітап- 15-18 ғғ қазақ хандығының құрылуы; 2-кітап-17-18 ғғ - Ресей патшалығының қол астына өту; 3-кітап- 18 ғ, Абылайдың қазақ елін біріктірудегі әрекеті, қалмақтарды талқандау
«Абай жолы» эпопеясында Абай науқастанып жатқанда қонаққа келген ақындар (Барлас пен Байкөкше)
Жүргізуші: unfortunately, we need to say “Goodbye” to our two contestants.
Жүргізуші: «Күміс қақпа» ашылды. III кезең «Алтын қақпаны» ашуға арналған тапсырмалар. Берілген сөзден сөздер құрастыру. Сол сөздердің орысша, ағылшынша аудармасын жазу. Толық жазылған сөз ғана дұрыс деп есептеледі.
ЖАСАМПАЗДЫҚ
БЕЙБІТШІЛІК
Жүргізуші: Let’s find how many correct words you have. Who will have more answers that can go to the next final stage.
Жүргізуші: «Алтын қақпа» ашылды. Өте тамаша, біз барлық қақпаларды аштық. Енді сандықты ашуымыз қажет. Ашу үшін тапсырма бар. «Алтын сандықтың» тапсырмасы. Қолданбалы сән ескерткіштерінің бірегейі. Ол біздің күнімізге дейін жеткен көшпенділер сәулетінің үлгісі. Жинақы, жеңіл, лезде жиналып қойылатын дүние. Бұл не және не үшін қолданылатынын үш тілде әңгімелеп айтып бер.
Жүргізуші: Білімнің мініп алып тұлпарына, Қиналмай шықты білім шыңдарына. « Алтын қақпа » сайысы аяқталды, Сөз кезегі әділқазы алқасына. Жүргізуші:Бүгінгі «Алтын қақпа» интеллектуалды ойынының жеңімпазын құттықтаймыз!