Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет109/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

жинағының 18-тарауында. 
АҚШ-та лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлығы ұғымына Заңдар жинағының 18-
тарауындағы төрт бөлімінде қарастырылған құқыққа қарсы әрекеттер жатады: 1) 11-бөлім 
«Парақорлық, арам табыстар, лауазымды адамдардың қызметтік жағдайын теріс 
пайдалану»; 2) 93-бөлім «Лауазымды тұлғалар және жалданған қызметкерлер»; 3) 41-
бөлім «Күштеп алушылық және қорқыту»; 4) 29-бөлім «Сайлау және саяси қызмет». 
Федеральды лауазымды қылмыстарға федеральды банк жүйесіне зиян келтіре алатын банк 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
қызметкерлерінің әрекеттері де жатады. Федеральды резервтік жүйеге жататын немесе 
Федеральды 
сақтандыру 
корпорациясымен, 
Ұлттық 
ауылшаруашылық 
несие 
корпорациясымен сақтандырылған кез келген банктің лауазымды тұлғалары, 
директорлары немесе жалданған қызметкерлері банк инспекторына несие немесе шай-пұл 
ұсынса, олар қылмыс жасады деп есептеледі, оларға 5000 долларға дейін айыппұл 
салынады немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Егер банк 
инспекторлары ұсынған несиені немесе шай-пұлды алатын болса, олар да дәл осылай 
жазаланады.
Мелекеттік қызметке тағайындау кезінде ықпалын пайдалану мақсатымен параға сатып 
алу лауазымдық зиян келтірудің өзгеше түрі болып табылады. Мұндай жағдайда пара алу 
тура мағынасында емес, сыйақы келешекте тек өз ықпалын пайдалануға сөз бергені үшін 
ғана беріледі немесе алынады. Бұл қылмыстың субъектісі тек жеке тұлға ғана емес, 
сондай-ақ фирма да, корпорация да бола алады. Келешекте лауазымға тағайындау кезінде 
қолдау көрсету немесе ықпал жасау үшін ақы төлеген, ұсынған немесе төлеуге сөз берген 
адамдар да жауапкершілікке тартылады. Федеральды заң қызметтік жағдайын теріс 
пайдаланушылыққа: 
- Мемлекеттік қызметкерлердің негізгі лауазымдық қызметтеріне сәйкес келмейтін 
іспен айналысуы; 
- шенеуніктердің мемлекеттік қаражат, ақпаратты пайдалану және алыпсатарлық 
арқылы баюға бағытталған әрекеті жатады. 
Федеральды заңда мемлекеттік лауазымды тұлғалардың мемлекеттік өкімет 
органдарынан кеткеннен кейінгі іскерлік белсенділіктерінің шектелуі алдын ала 
қарастырылған. Егер жұмыс істеп жүрген шенеунік үкіметтің лауазымды тұлғасы ретінде 
«жеке және маңызды» нақты мәселелерді шешуге қатысса, ол жұмыстан мүлдем 
шыққаннан кейін келешекте атқарушы өкімет органдарымен дәл осындай мәселелерді 
шешу үшін кез келген адамның мүддесін қорғауға құқығы жоқ және бұл тыйым тұрақты 
болып табылады. Жұмыстан мүлдем шыққаннан кейін жоғары дәрежедегі мемлекеттік 
қызметкер бір жыл бойы өзі қызмет атқарған ведомство алдында кез келген сұрақ 
бойынша кез келген адамның мүддесін қорғауға құқығы жоқ. Сайлаулар және саяси 
қызметпен байланысты лауазымдық қылмыстар америкалық заңда қарастырылуы 
кездейсоқ емес. АҚШ-та саяси сайлау кампаниялары ең қымбат болып есептеледі. 
Саяси кампанияны өткізу кезінде саяси қызметке қатысқаны үшін, кандидатқа 
немесе саяси партияға дауыс бергені үшін, жалданып жұмыс беруге немесе басқа да пайда 
көрсетуге 
уәде 
бергендер 
де 
жауапкершілікке 
тартылады.
АҚШ Заңдар жинағының жоғарыда көрсетілген ережелерінен басқа сыбайлас 
жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмауға арнайы заңдар бағытталған. Бұл арнайы 
заңдарда этикалық және тәртіптік нормалар, атап айтсақ, 1990 жылғы Үкіметтік 
шенеуніктер мен қызметкерлердің этикалық тәртіп қағидалары, 1978 жылғы «Үкіметтік 
мекемелердегі этика туралы» Заң. 
Құқық қорғау органдарына, соның ішінде полицияға барлық азаматтардың 
құқықтарын және қауіпсіздігін сақтау сеніп жүктеледі. Сондықтан бұл салада сыбайлас 
жемқорлықтың алдын алу аса маңызды. Бұдан басқа АҚШ-та барлық полиция 
бөлімдерінде жалпы тәртіп стандарты ретінде полиция қызметкері үшін этикалық кодекс 
қабылданған. 
Мұндай 
саясат 
жоғары 
нәтиже 
береді.
АҚШ-та жоғары лауазымды тұлғалар жөніндегі қылмыстық істерді Вашингтондағы 
округтік федеральды соттың арнайы бөлімімен тағайындалатын тәуелсіз прокурор тергеу 
жүргізеді. Сонымен қатар АҚШ конгресс комитеттері президентпен және жоғарғы 
лауазымды адамдармен жасалған құқық бұзушылық фактілерін тергеуге құқылы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет