Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет111/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
көрсетілген дәрежедегі тұлғаларды лауазымдарынан босату жөнінде шешімдер қабылдай 
алатын «импичмент соты». 
Финляндияда бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық бақылаудың тиімді құралы 
рөлін атқарады және сыбайлас жемқорлық туралы фактілерді толығымен жария етіп 
отырады. Бұл ел өкіметі бұқаралық ақпарат құралдарына үнемі назар аударып, жауап 
қайтарып отырады. 
Финляндия сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық-құқықтық 
құралдарды кеңінен қолданады, осы саладағы негізгі ұйымдармен бірге қызмет атқарады, 
өз заңы мен тәжірибесін халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкестендіреді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізудегі финдық тәжірибенің ерекшелігі 
қандай? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір арнайы «фин үлгісі» туралы айту артық.Әрине, 
бізде де қолдануға болатындай кейбір заңдық-құқықтық ерекшеліктер бар. Бірақ сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрестегі финдық тәжірибенің ең бастысы – сыбайлас жемқорлыққа 
негіз болатындай жағдайлардың тудырылмауында, ал болса да бұл құбылыстың 
төмендеуіне ықпал етілуінде. 
Ресей 
Ресейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің көп ғасырлық тарихы бар. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті князьдар, патшалар, императорлар, бас хатшылар, 
премерлер, 
министрлер 
және 
губернаторлар 
жүргізген.
Жемқорлыққа қарсы күресте атақты ресейлік жазушылар мен ақындар: Н.А. Крылов, 
А.С.Пушкин, Н.А. Некрасов, Н.В. Гоголь, М.Е. Салтыков-Щедрин және т.б. белсенділік 
танытты. 
Ресейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүргізу мүмкіндіктерін түсініп баға 
беру үшін, бұл мәселені шешудегі негізгі серіктестердің: өкімет органдарының, азаматтық 
қоғамның негізгі бөліктерінің (кәсіпкерліктің, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының, 
қоғамдық институттардың) және бүкіл қоғамның қатысу мүмкіндіктерін талдау қажет. 
1. Бұқаралық ақпарат құралдары, бір жағынан, бұрыннан және тұрақты түрде 
сыбайлас жемқорлық айналасындағы оқиғалар алаңына айналды. Олар үлкен сұранысқа 
ие. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына ерекше топтық монополия жоқ
сондықтан 
уақытша 
бұл 
тақырып 
күн 
тәртібінен 
алына 
алмайды. 
Екінші жағынан, іскерлік элита БАҚ-ның күшін және оларға қаражат жұмсаудың саяси 
рентабельділігі тиімді экономикалық салдарға әкелетінін танып түсінді. Журналистар мен 
олардың «иелерінің» арасындағы заңдық және экономикалық қатынастардың 
реттелмегендігі бұл салада көлеңкелі және сыбайластық қатынастардың кең тарауына 
себеп болады. Нәтижесінде мемлекеттік емес БАҚ күшті азаматтық қоғам отрядынан 
экономикалық және бюрократиялық топтардың арасындағы күрес құралына айналуға 
мәжбүр болады. 
2. Ресейлік бизнес үш тең емес бөліктен тұрады деп қарастырған жөн. Бірінші 
кішкентай бөлігіне бюджеттік қаражат және әкімшілік қорға мүмкіндітері негізінде өскен 
негізгі қаржылық топтар жатады. Бір жағынан, бұл топтар өзара бірімен-бірі 
бәсекелестікте болып, оларға жаңа топтар қосылады. Ресейдің толығымен олигархиялық 
мемлекетке айналып кетуі мүмкін емес. Ақырғы кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара 
соққы берулер азаматтардың көзін ашып және оларды жеқорлыққа қарсы күресудің жаңа 
кезеңдеріне дайындап, топтар күресінің маңызды құралына айналды. Бұл тәртіп бойынша 
күрес ұждансыз жемқорлық әрекеттерді қолдану алдында қорқыныш тудырады; 
шенеуніктер ортасында да, бизнестегі жетістікке жету әдістерінде де табиғи сұрыптауға 
көмектеседі, өкіметтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы (уақытша әлсіз) күш салуына қызмет 
етеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет