Лекция № Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси режимдер


сұрақ. Тоталитарлы саяси режим –



бет5/6
Дата19.04.2023
өлшемі134 Kb.
#84532
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
2 сұрақ. Тоталитарлы саяси режимол мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б. Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Руминияда т.б. елдерде болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар. Осындай белгілерге тоталитарлық режим кіреді:
- азаматтардың жаңаша ойлау және жаңа қоғам құруын жоққа шығаратын ресми идеология;
- билікке жалғыз бұқаралық партияның монополиясы, олигархиялық белгілері мен харизматикалық лидер жарияланған қоғам;
- террористік полицейлік бақылау жүйесі;
- барлық бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, телевидение, газеты, журнал) партиялық бақылау;
- қарулы-әскери күшпен бақылау;
- экономикаға орталықтанған бақылау және экономикалық қызметті бюрократиялық басқару жүйесі;
- қоғамдық және индивидуальдық өмірдің барлық салаларына биліктің қадағалау орнатуы
- тұлғаның еркін ойлауы мен әрекеті болмайды;
- «Билік бұйырмағанның (рұқсат етпегеннің) барлығына тиым салынады» - деген принцип әрекет етеді;
Тоталитаризмнің негізгі белгілерін белгілі батыстық политологтар К. Фридрих, З. Бзежинский, Х. Арендт өз уақытында анықтаған. Белгілі Американдық зерттеуші З. Бзежинский тоталитарлық режимге келесідей «диагноз» қойды: егер елде осы аталған белгідердің бесеуі кездессе онда осы режим демократиялық жаққа көшпейді. Тоталитарлық – ол индустриализация, модернизация дағдарысы кезеңіндегі қоғамның «реакциясы» мұндай кезеңде қоғам үлкен қиыншылыққа келеді: дәстүрлік құрылымдар бұзылады, адамдарда сезімнен айырылу, жалғыздық пайда болады. Үстемдік жүргізетін – идеологияға соның саяси іс-әрекетінің мазмұнына әсер ететітіне қарай. Тоталитаризмді негізінен коммунизмге, фашизмге және ұлтшылды-социализмге бөледі. Жалпы түрінде 1918 жылы қалыптасқан тоталитаризмнің тарихи алғашқы түрі кеңес типіне жататын коммунизм болып табылады. Коммунистік тоталитаризм басқаларына қарағанда, яғни басқа идеологияларға тәртіптің негізгі түрін көрсетеді, өйткені ол жеке меншікті, әрбір жеке автономияны және мемлекеттің абсолюттік билігін жояды. Тоталитаризм екінші түрі ең бірінші 1922 жылы Италияда орнатылған. Бұнда тоталитаризм толық түрінде көрсетілмеген. Италияда фашистік тоталитаризмнің шекарасы мемлекетке әсер етушілер тұрғысымен орнатылған. Сондықтан тәртіптің ыдырауы жақындағанда олар Муссолиниді өздері-ақ биліктен алып тастайды. Тоталитаризмнің үшінші түрі – ұлтшылды (социализм – ол 1933 жылы шынай саяси қоғамдық түрінде Германияда пайда болған). Оның фашизммен туыстастығы бірақ көбінесе кеңес коммунизмге ұқсайды. Мысалы, тоталитарлық партиялық ұйымшылдық түрі және «товарищ» деп айтқанында. Тоталитаризм өзінің коммунистік түрінде көп өмір сүреді. Бөлек мемлекеттерде бүгінгі күнге дейін өмір сүреді. Кейбір авторлар тоталитаризмді нашар дамыған елдердің модернизациясының саяси түрі деп қарастырады.
Бірақ тоталитаризм – тарихи тәртіп. Тоталитаризм – жабық қоғам уақытында сапалы жаңаруына үйренбеген.
Авторитаризм – саяси тәртіп, бұнда бір түрдің немесе топтың өз басшысымен билікке ұмтылысы. Авторитаризм қоғамдық құрылысы ауысып жатқан елдерде, тағы да ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда пайда болады. Берілген шарттар, авторитарлық саяси режимнің орнату факторы болады. Өз сипаттаумен ол тоталитаризммен демократияның арасында орналасады. Тоталитаризммен оның автократиялық заң мен шектелмейтін билік сипаттамасы демократиямен – автономия бар болуы, мемлекет пен басқарылмайтын қоғам салаларымен ұқсайды. Мысалға XX ғасырда көп авторитарлық мемлекеттерде легитимация мақсатымен ұлттық идеология және формальды билік бақылайтын сайлау көп қолданған. Көптеген Азиядағы, Африкадағы және Латын Америкадағы болған авторитарлық режим өзін өмір сүруін ұлттық босатумен және туумен ақтайды. Соңғы онжылдықта авторитарлық жүйелер жиі кейбір демократиялық институттармен пайдаланған – олар сайлау, плебисцит т.б. Мысалы, конкуренті емес немесе жарты конкуренті сайлаулар: авторитарлы немесе жарты авторитарлы режиммен Мексикада, Бразилияда, Оңтүстік Кореяда, Ресейде, Қазақстанда және басқа мемлекеттерде пайдаланған.
Жалпы зерттеушілер авторитаризмнің айыратын белгілерін береді, олар:
- күшті орталықтанған билік
- бір топтың немесе партияның билікке монополиясы
- элитаның қалыптасуы
- оппозицияға толық немесе толық емес тиым салуы
- билік өзгеруінің күштеу мінезі
- шектелген плюрализм
- билікті ұстап қалу үшін күш құрылымын кең қолдануы
- өкіметтік билік органдарының, салмаудың және оппозицияның бар болуы. Бірақ оларды жұмыс істеуі шектелген тек формальды түрінде ғана.
- халықты билікке жібермеуі
- қоғам мен жеке адамның үстінен тотальды бақылаудан бас тарту.
Қазіргі әлемде авторизмнің сақталып қалуына көп жағдайлар себеп болып келеді. Мысалы:
- Азаматтық қоғамның дамымағандығы
- Экономиканың артта қалуы
- Дамушы қоғамдарда шиеленістің биік тәсілі
Қазіргі уақытта тоталитарлық саяси жүйенің ыдырауымен көптеген әлемнің коммунистік мемлекеттерінің ғылыми және саяси қызығушылығы авторитаризмге көбейді. 80-90 жылдары авторитарлық мемлекеттер, олар (Оңтүстік Корея,Чили, Китай, Въетнам және т.б.). Өзінің экономикалық және әлеуметтік күштілігін көрсетті және экономикалық гүлденудің саяси тұрақтылығымен күшті биліктің – бостандық экономикамен және қауіпсіздікпен дамыған әлеуметтік плюрализммен дамығандығын дәлелдейді. Сондықтан авторитаризмнің реформаторлық мүмкіншіліктері бар екен деп ғалымдардың пікірлерімен келісуге болады (В.П. Пугачев). Бірақ демократияға көзделген авторитарлық тәртіп көпке шыдамайды. Бұнда қазіргі жағдайда тұрақты саяси жүйенің бір типі – ол демократия.
«Демократия» - түсінігі ол саяси ғылымда маңызды болып келеді. Демократия ол:
- бір қалыптасқан ұйымның түрі мүшелерінің шешім қабылдауына тек қатысуына негізделген;
- қоғамдық құрылымның идеалы және оған сәйкес әлем көзқарасы;
- халық билігі және демократияның мақсаты мен идеалының жүзеге асуы үшін әлеуметтік-саяси қозғалыс;
Демократияны мемлекеттік құырылым ретінде зерттегеннен кейін оның тағы бір белгілерін көресетеді:
- қоғамда көптеген қызығушылықтармен мүмкіндіктердің бар болуы;
- саяси институтқа-топтарға кепілденген жолы;
- жалпы сайлау құқығы;
- өкіметтік институттардың өкімет іс-әрекеттік бақылау;
- саяси нормаға қатысты көпшілік қоғамның келісуі;
- пайда болған шиеленістерді бейбітшілік түрінде шешу.
Демократия анықталған жағдайда пайда болады және сақаталады. Біріншіден. Экономикалық дамудың биік деңгейі. Пипсет С Дженмен В. мен Куртпен жасалған. Зерттеу қорытындысы бойынша тұрақты экономиканың өсуі ең соңында демократияға әкеледі. Екіншіден. Қоғамда толеранттылықтың бар болуы, саяси азшылықтың құқығын сыйлау. Үшіншіден. Қоғамның базалық құндылығына, тең құқығына, қатысты келісімі. Төртіншіден. Халықтың саяси қатысушылыққа ұмтылысы (біріншіден сайлау түрінде). Демократиялық саяси режимді демократиялық тәртіпке негізделген басқару түрі деп атауға болады. Оның негізінде – адамның бостандығын, құқық кепілдігін қорғау. Демократияда өмірді реттейтін ол заң болып табылады. Мемлекет міндетті түрде құқықты болады және қоғам азаматты түрде болады. Плюрализм принципі қоғам өмірінің бүкіл саласына таралған. Сондықтан мемлекеттік және қоғамдық құрылымнан туындайды. Бұған әсер ететін азаматтық қоғам және әртүрлі әлеуметтік қабаттың мәдениет демократиясы. Тұрғындардың билік құрылымының әрекетіне бақылау жүргізуіне мүмкіндігі бар және орын өз басқарушылығынан дамыған. Тікелей немесе өкіметтік демократия. Осындай принцип: «Заң мен тиым салмағанның бәріне рұқсат» бар. Осымен демократия саяси режимнің жүргізуші элементі болады. Батыс саясаттанушылары, демократия режимнің мынадай басқару түрлерін ажыратады:
1. Президенттік режим, 2. Парламенттік режим
Президенттік режим түрі онда парламенттің және заңшығарушылық қызметінің орындауына қарамастан толық билік президенттің қолында болады. Осы режимде Президент үкіметті өзі құрады заңға вето салуға құқығы бар және заң шығаруға құқығы бар; парламентті шашыратуға және парламенттік сайлаудың мерзімге дейін жариялауға құқықығы бар және т.б. Президенттік режим классикалық түрін АҚШ-та көруге болады. Парламенттік режим түрінде толық заңшығарушы билік парламентте мемлекет басшысы монарх немесе парламент пен тағайындалған президент болса да осы режимде Парламенттің Президент ветосын қабылдамауға құқығы бар, президент заң шығаруына қарсы заң қабылдауға құқықығы бар: импичмент арқылы президентті орнына алуға құқықығы бар; президент басқарып отырған үкімет үстінен бақылау жүргізуге құқықығы бар; және т.б. Маңызды қызығушылық қазіргі демократиялық жүйенің талдауын көрсетеді: Ол А. Лейпхарттың «вестминистерлік демократия үлгісі» мен «демократияның консенсустық үлгісін» ұсынуы. Бірінші үлгі көпшілік принципін білдіреді. Бұл үлгі өмір тәжирибесінде атқарушы биліктің концентрациясын сипаттайды (бір патиялық кабинет немесе «таза көпшілік кабинеті»); биліктің тұтасуы; ассиметрикалық екіпалаталы парламент; партиялырдың біртүрлілігі; плюралистік сайлау жүйесі; унитарлық және орталықтанған басқару; парламент суверениеті мен жазылмаған конституция; өкілдік демократия. Мұндай демократия үлгісі Ұлыбританияда, Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда және т.б. елдерде бар. Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Ол қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән – мағынасын терең түсініп - білуге адамдардың өмірінде атқаратын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси ғылымның негіздерін меңгеру арқылы, әсіресе қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық – саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс - әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттық сыр – сипатын, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат – мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашады, жалпы, халықтық қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді. Халықтың тиісті саяси мәдениетінсіз демократиялық мемлекет орнауы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрине, қандай қоғамда болмасын барлық адам түгелімен саяси шешім қабылдауға қатыса алмайды.
Десе де, мемлекеттік саясатта жұртшылықтың әр түрлі топтарының мақсат – мүдделерінің ескерілуі, басқарушы топтың құзыреттілігі мен жауапкершілігі көбіне азаматтардың саналығы мен белсенділігіне байланысты. Адамдардың саясатқа қатысып, салиқалы шешім қабылдауы өзінен - өзі тумайды. Ол үшін газет, журналдарды оқып, радио тыңдап, теледидар көру де аз. Ондағы материалдарды сындарды сараптап, шынайы қорытынды шығару, саяси өмірдің субъектісі болу үшін жүйелі түрде саясат теориясын игеріп, саяси процеске қатысу жолдарын арнайы оқып – үйрену, іс жүзіндегі тәжірибе керек. Біздің заманымызда кәсіппен айналысқанына қарамастан, саяси білім мен мәдениет әр адамға қажет. Себебі, ол қоғамда тұрақты тіршілік еткендіктен басқа адамдармен және мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп әрекет етуі керек. Мұндай білімі жоқ адам саяси істерде амал – айла, құлықтың құлы болып кетеді. Оны саяси жағынан белсенді күштер өз мақсатына пайдаланып, ойындағысын істейді. Азаматтардың көпшілігінің саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкімшілігіне негізделген үкімет жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан адамдарды біріктіріп бір мемлекеттің ішінде өркениетті өмір сүруге тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі және ол осы бағытта талмай тиімді жұмыс істеуі тиіс. Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ықпалы әр түрлі. Жеке адамның саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі молайып, биіктеген сайын, оның қоғамдағы орны да жоғары болады. Адамның әлеуметтік және саяси мәртебесі оның саяси субъектілігінің негізгі өлшемі болып саналатын азаматтық – құқықтық заңда айқындалады. Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндік беретін құқығы конституциялық сипаттан қарапайым демократиялық еркіндікке тікелей байланысты. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдың әлеуметтік – мәдени, саяси – құқықтың алғы шарты қажет. Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы, белгілі бір дәрежеде білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы керек. Білімді адамның мәдениеті жоғары болады. Егер жоғарыда көрсетілгендей алғы шарттар болмаса, тұлғаның қоғамдық саяси өмірге белсене қатынасып, оның нағыз субъектісіне айнала қоюы қиынға түседі. Сондықтан шын демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады. Саясатта жеке адамның мәдениетінен басқа негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі – жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп кісіге белгілі игілік алуды қамтамассыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады. Мәдени құқық адамның рухани дамуын өрбітіп өрістеуге бағытталады. Оған білім алуға, мәдени қазыналарды көруге рұқсат, өнер мен техникалық жасампаздыққа, қоғамның мәдени өміріне еркін араласуға құқығы және т.б. жатады.
Адам құқығы мен бостандығының жүзеге асырылуын оның қоғам мен мемлекеттің алдындағы міндеттерінен ажыратып қарауға болмайды. Олар өзара тығыз байланысты. Бұл міндеттерінің орындалуы жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін қажет. Халықтың саяси мәдениетін көтеруге тек белгілі саяси білімді меңгеріп, саяси құбылыстар мен процесстерді, заңдылықтар мен принциптерді түсіну ғана емес, сонымен қатар қоғам алдында өз жауапкершілігін сезініп, жалпы адамзаттық қазынаны сақтап, молайтуға тырысу, Отанға қауіп төнсе, оны қорғай білу де жатады. Енді бүгінгі Қазақстанға келсек, еліміздің саяси мәдениетін тап басып айту қиын. Себебі, республикамыз өтпелі кезеңді басынан кешіріп отыр. Халықтың санасында, іс - әрекетінде, дәуірдің де, бүгіннің де, болашақтың да, мәдениеттің де көріністерін байқаймыз. Мәселен, біраз адамдардың санасында жеке тұлғадан гөрі бұрынғыдай мемлекеттің басым тұрғандығы сезіледі. Бірталайы болашақты күтумен күн кешуде. Ал болашақ дегеннің өзі бүгіннен басталады ғой. Сондықтан әркімнің қазіргі саяси өмірге белсене араласып, қоғамымыздың тезірек демократиялануына өз үлесін қосқаны абзал. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында да адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Әркімнің өмір сүруге, жеке басының бостандығына құқығы бар. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Адамның қадір – қасиетіне, жеке өміріне қол сұғылмау. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Мұның бәрі Қазақстан халқының демократиялық жолмен даму тарапындағы алғашқы қадамдары деп білеміз. Сонымен қатар ол саяси мәдениеттің даму деңгейін де аңғартады. Жеке адамның саяси мәдениеті жоғары болу үшін мемлекет ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар жөнінде жан – жақты хабардар етіп отырғаны орынды. Сонда ғана елдің азаматтары бұл мәселелер жөнінде жетік біліп, дұрыс баға бере алады. Көлемді және сенімді мәлімет алып тұру дамыған хабарламалық жүйенің болуы қоғамның саяси мәдениетінің, саяси қатынастарының қаншалықты дамығандығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет