Лекция № 4. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси режимдер
Лекция жоспары: Мемлекет ұғымы және шығу теориясы. Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің аумақтық құрылым түрлері. Мемлекеттік басқару формалары. Саяси режимнің мәні және түсінігі. Тоталитарлы саяси режим. Авторитарлық саяси режим. Демократиялық саяси режим.
Лекция мақсаты мен міндеті: Мемлекет ұғымы және шығу теориясы. мемлекеттің негізгі белгілері, мемлекеттің аумақтық құрылым түрлері, мемлекеттік басқару формалары, саяси режимнің түрлері- авторитарлық, тоталитарлық және демократитялық саяси режимның ерекшеліктерін ашып көрсету.
Лекция мазмұны: Қоғам өзінің саяси жүйесінде әлеуметтік міндеттерді мемлекеттік билік арқылы, құқықтық заң-жобалар және басқа да шартты қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады. Бұл ретте саяси жүйенің өз ішінде саяси рөлдердің өз бөлініп отырады. Мемлекет саяси билікті жүргізудегі ең негізгі буын болып табылады. 1 Мемлекет идеясы адам сана сезімінің түбінен пайда болады. Негізгі мемлекеттің пайда болған себебі ол барлық елдердің өздерінің өмірлік маңызды өмір сүру шарттарын орындауға жалпы басқару керектігін сезді.
«Мемлекет» термині негізінен екі мағынада түсіндіріледі. Ойдың кендігінде ол ел қоғам деп түсінуге болады. Ол оның толған бір территорияда орналысқан және жоғарғы билік мүшелерімен басқарылып отырған.
Өзінің тар мағынасында мемлекет бұл белгілі бір территорияға жоғарғы билігі бар тарихи қалыптасқан ұйым.
Мемлекет қызметі және түрі мен дамуы туралы негізінен екі бағыттамасы болады. Олар: табиғи – мемлекеттік және классикалық мемлекеттік.
Қоғамдық ғылымдарда мемлекеттің пайда болуы туралы концепциялар бар. Соның ішінде кең таралғандары олар; патриархалдық, теократиялық, қоғамдық келісім, жаулап алу және әлеуметтік – экономикалық.
Патриархалдық теория мемлекеті бір әкелік биліктің астына кіші жанұялярдың еркін жинауы осының негізінен оны үлкен жанұя деп қарастырады.
Теократиялық концепция мемлекеттің пайда болуын негізінен құдай орнатқан деп қарастырады. Келісім концепциясы /Т. Гоббс, Б. Спиноза, Дж. Локк т.б./ мемлекеттің пайда болуын былай дейді ол басқарушы мен бағынушының тәртіп және қоғам өмірінің ұйымдастыру мақсаты мен келісім арқылы пайда болған.
Күштеу теориясы ол мемлекетті тікелей саясаттың әсері – ішкі немесе сыртқы күштеудің жаулаудың нәтижесі деп жариялайды.
Әлеуметтік – экономикалық концепция мемлекеттің пайда болуын мынандай факторлардың әсері мен олар қоғам еңбек бөлінісі, экономикалық қызығушылық, әлеуметтік қайшылықтар мен пайда болуы дейді.
Негізінен осы құрастыратын компоненттерге қарап мемлекетті анықталған елдерде өмір сүретін (Англия, Франция, Ресей және т.б.) саяси билік ұйымы деп қарастырады. Осы тұрғыдан территория, халық және саяси билік мемлекеттің негізгі әлеуметі болып келеді.
Территория – ол жағрапиялық кеңістік, мемлекеттің физикалық негізі.
Тұрғындар – ол мемлекет территориясында тұратын, оның билігіне бағынатын және ұлттың немесе елің құрайтын адамдар жиынтығы.
Саяси билік – ол «ұйымдасқан азшылықтың» – яғни саяси элита және халықтың арасындағы үстемдік пен бағыну қарым-қатынасы.
Мемлекеттің негізгі белгілері: Территория бірлігі, Ұлттың өз анықтаушылығы
Қоғам үстінде тұрып және оның басқарып отыратын белгілі жүйе қоғам өмірінің негізгі саласымен басқарып отыратын публикалық биліктік бар болуы.
Құқықтың болуы, яғни халық билігімен орнатылған және санкцияланған міндетті мінез-құлық тәртібі.
Салық – ол публикалық билік арқылы мемлекеттің қызметін жүзеге асыру кезіндегі пайда болған шығынтарын жабу және толтыру үшін азаматтар мен коммерциялық ұйымдар алатын міндетті төлеу.
Тәуелсіздік – ол мемлекет биліктің тәуелсіздік ұйымдастыруын ұсынады.
Жоғары айтылғанның негізінен мемлекетке осындай анықтама беруге болады. Мемлекет – ол материалдық-қаржы ресурстар және қоғаммен арналған механизмнің көмегімен құқық негізінен басқарушылығының жүзеге асыратын, анықталған территорияда ұлттын немесе көпұлттың жалпылығымен қалыптасатын саяси ұйымның ерекше түрі. Мемлекет өзін басқа саяси институттардан айыратын бір қатар қызметтерін атқарады. Мемлекет қызметтері – ол оның іс-әрекетінің басты бағыттамалары. Дәстүр бойынша мемлекет қызметі ішкі және сыртқыға бөлінеді. Ішкі қызметіне саяси, экономикалық, ұйымшылдық, құқықтың, әлеуметтік, мәдени - тәрбиешілдік жатады. Саяси қызметтің міндеті саяси тұрақтылыққа қамтамасыз ету, биліктік әрекеттерді жүзеге асыру, саяси бағыттама бойынша жұмыс жасау немесе таптың саяси үстемділігін тірек ету. Экономикалық қызмет салықтың және несиелік саясаттың көмегімен экономикалық үрдістерді реттейді, координация жасайды және ұйымдастырады, экономикалық өсуіне стимул тұғыстырады немесе жоспарлау жүйесін пайдаланады ж.т.б.
Ұйымдастырушы қызмет биліктің әрекетін жүзеге асырады, шешімдерді атқарады, мемлекеттік аппараты қалыптастырады және қолданады, заң орындауына бақылау жүргізеді, саяси жүйенің әр түрлі субъектілерінің әрекет координациясын жүзеге асырады.
Құқықтық қызмет – құқық тәртіп орнатады, қоғамдық қарым-қатнастарды және азаматтардың қылықтарын, қоғамдық құрылымды экстремистердің бұзушылық әрекетінен қорғайтын құқықтық нормалар орнатады.
Әлеуметтік қызмет адамдардың өмірлік маңызды қажеттіліктердің қанағаттандыру, деңсаулығын сақтау, қарт адамдарға, мүгедектерге, жұмыссыздарға, жастарға, әлеуметтік кепілін беру, өмірін және деңсаулығын сақтау.
Мәдени-тәрбиелік қызмет адамдардың мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай тұғызуға бағытталған отандық және әлемдік көркемдік мәдениетке ендіру, патриотшылдықты, азаматшылдықты, ұнатпаушылықты тәрбиелейді. Сыртқы қызметтің арасынан екіге бөледі.
Қорғау қызметінің міндеті елдің тұтастылығына қауіпсіздігіне және тәуелсіздігіне қамтамасыз ету. Ынтымақтастық қызметі ол экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, саудалық және басқа салаларда қарым-қатынас құру.
. Мемлекет ұғымы, пайда болуы, негізгі тұжырымдамалары Г. Гегель «Әрбір мемлекет өзіне сәйкес, сай келетін мемлекетті құрады».
Мемлекет ұғымы екі мағынада қолданылады. Біріншісі, «ел», «жұрт» деген мағынада тұтас территориясы халқымен алып түсіндірілсе, екіншісінде тек жоғарыды қолында билігі бар басшылар тобын ғана айтады.
Мемлекеттің белгілері: Территория, Тәуелсіздік немесе егемендік, Мемлекеттік билік, Халық, Салық салу құқығы.
Мемлекеттің пайда болуы туралы бірнеше тұжырымдамалар бар. Олар:
Қоғамдық келісім теориясы (Дж. Локк, Т. Гоббс); Т. Гоббс: Мемлекет әлеуметтік келіспеушіліктерді шешуге және күш көрестуді легитимді қылдыру үшін құрылған., Дж. Локк: Мемлекет билікті шектеу мақсатында құрылған., зорлық-зомбылық тұжырымдамасы (Л. Гумплович); Маркстік концепция (К. Маркс); Теологиялық тұжырымдама (А. Августин); Патриархалдық теория (Конфуцийден бастау алады).