Лекция №1 Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәніне кіріспе



бет21/33
Дата06.04.2022
өлшемі344,42 Kb.
#30094
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Лекция №11. Этнодемографиялық үдерістер мен ұлтаралық келісімнің нығаюуы

1.Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.

2.Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы Қазақстан халқының форумы. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер.  
азіргі кездегі мемлекеттік билік күннен күнге халық санының өсіп-өнуіне үлкен назар аударуда. Адам санын есептеу мемлекетке өзінің əлеуметтік функцияларын атқару үшін қажет. Ол өз кезегінде барлық еңбек ресурстарын анықтайды, сонымен қатар, əлеуметтік даму саласында белгілі бір шешім қабылдау үшін жəне басқа мемлекеттің функцияларын орындау үшін негіз болып табылады. Халықтың демографиялық даму көрсеткішін білмей, елдің ұлттық құрамының  қалай өзгергенін анықтау мүмкін емес. Халық санының өсуі мен дамуын зерттеу қоғам өмірінің барлық салаларын мемлекеттік басқару үшін маңызы бар. Демографиялық үрдістердің өзгеруімен, мемлекеттің де маңызды экономикалық, саяси, əлеуметтік жақтары өзгереді. Халықтың өсіп-өнуі оның өзгеруі, туылым, өлім, көші-қоны көрсеткіштерін дамуын қамтиды. Соңғы кездері біздің ел үшін адамдардың шекара арқылы қоныс аударуы, өздерінің тұрғылықты жерлерін ауыстыруы маңызды мəселе болды.

Көші-қонын адамдардың тіршілік ету ортасын өзгерту нысаны деп қарауға болады. Көші-қон дегеніміз тұрғылықты өзгерту не оған қайтадан қайтып келу мақсатында адамдардың шекара арқылы белгілі бір аумақ арқылы қозғалысы болып табылады.Көші–қонның жағымды жақтарына қазіргі еліміздің басынан кешіріп жатқан экономикалық дағдарыстан шығуға ықпал жасайтын экономикалық белсенді адамдардың өсуін талап етеді. Мұндай көшіп-келушілердің көбісі жеке бизнеспен айналысуға ұмтылады. Көші-қон бойынша халықаралық ұйымның мəліметтеріне сəйкес Қазақстан мемлекеті ең көп көші-қон үрдістері болатын мемлекеттер қатарына жатқызылған.

Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы - Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы.

Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы - Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Құрылтайға қатысушылар Түркістан, Жезқазған, Ұлытау сияқты еліміздің ежелгі саяси-әлеуметтік, мәдени орталықтарында болып, ата жұртымен қауышты. Құрылтай жұмысын 200-ден астам журналистер, 50-ден аса телерадиокомпаниялар насихаттауға ат салысты. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына қатысушылар Қазақстан халқына және дүние жүзінің басқа да халықтарына, мемлекеттеріне, олардың үкіметтеріне Үндеу қабылдады. Құрылтай күндері “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” деген тақырыпта ғылыми конференция болып өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық” деген тақырыпта баяндама жасады. Қазақ халқының тағдыры, ата-баба мұрасы, тілі, бүкіл дүние жүзіндегі қазақтарды біртұтас ұлттық мемлекетіне біріктірудің құқықтық негіздері, т.б. мәселелер жөнінде баяндамалар тыңдалды. Конференцияда Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, оның төрағасы болып Н.Назарбаев сайланды. Бұл орталыққа ұлт өмірін жан-жақты зерттеп, қазақтардың әлеуметтік-экономика, мәдени, рухани тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді шешу міндеттері жүктелді. Құрылтай шет елде жүрген қазақтарға олардың артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты.1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.

Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды.

2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.

2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соныңішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.

Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.Бизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды.

«Нұрлы көш» - мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – ресми тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу.

Қазақстан халқы 2009 жылғы санақ бойынша 16 млн 403 мың адамға жетті. Халық санының аз болуы - бұл әлсіз ішкі нарық, яғни сыртқы нарыққа тәуелділік, сондай-ақ жұмыс қолының жетіспеуі, соған байланысты қажетті аймақтардың игерілмеуі, сонымен бірге елдің қорғаныс қабілетінің әлсіреуі. Сондықтан да халық санын көбейту - қоғамнын, негізгі мәселелерінің бірі. Қазақстан халқының саны бойынша орташа мемлекеттер қатарына жатады. Халық саны жөніндегі толық мәліметтерді халық санағы береді. Мемлекет оны белгілі бір уақыт аралығында жүргізіп отырады (біздің елімізде 10 жыл сайын). Әр санақ аралықтарында қорытынды есеп беріліп отырады. Алғашқы жалпы халық санағы 1897 жылы, ал соңғы ҚР Ұлттық санағы 2009 жылы 25 ақпаннан 6 наурыз аралығында өтті. Бұл уақыттың ішінде Қазақстан халқы 4 есе өсті.Бірақ оның динамикасы біркелкі болған жоқ, жылдам есу айтарлықтай төмендеумен алмасып келіп отырды.

Елдің, аймақтың, елді мекеннің халкының саны екі түрлі себептерге (факторға) байланысты. Бірінші фактор - туу мен өлудін, нәтижесінде ұрпақ, ауысуы немесе халықтың табиғи өсімі, ал екіншісі - адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы (келу мен кету), оны халықтың механикалық қозғалысы (көші-қон) деп атайды. Туу мен көшіп келу тұрғындар санын көбейтсе, өлу мен көшіп кету, керісінше азайтады.



Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады.

Этносаралық және конфессияаралық келісімді, азаматтық бірлікті қамтамасыз ету Қазақстан дамуының, елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси жаңғыруының маңызды шарты болып табылады.

Ел бірлігі доктринасы (бұдан әрі - Доктрина) 2008 жылғы 23 қазанда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV сессиясында Қазақстан Республикасы Президенті берген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында әзірленді. Доктрина Конституцияның, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңның және өзге де нормативтік- құқықтық актілердің ережелеріне, сонымен қатар, аталған саладағы халықаралық құқық нормаларына негізделген. Доктринада ұлттық саясаттың мақсаттары, міндеттері, ұстанымдары, сондай-ақ оны іске асырудың негізгі бағыттары баяндалған. Доктрина қоғамды әрі қарай ұйыстыруға қолайлы шарттарды қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге негіз болып табылады.

10 беттен тұратын «Ел бірлігі» доктринасында 3 тарау бар. Олар «Бір ел – бір тағдыр», «Тегі басқа – теңдігі бір», «Ұлт рухының дамуы» деп аталады.Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы – ел болу, бірегей қоғам қалыптастыру деген сөз. Тəуелсіздік жылдары мемлекет іргесі бекіді, қоғамның демократия негіздері, азаматтық қоғам институттары сияқты маңызды күретамырлары қалыптасты. Қазақстан Конституциясы, Қазақстан-2030 даму стратегиясы, бірқатар концепциялық құжаттар мен стратегиялық бағыттар, Ассамблея туралы заң елдің болашаққа бастар жолын айқындады. Осы бағытта əлемдік қауымдастық тарапынан мойындалған, этностық ерекшелігіне қарамастан, сүттей ұйыған барша азаматтарды қазақ халқының төңірегіне ұйыстыра отырып, ел бірлігін əрі қарай дамытатын құжат қабылдау – заңды құбылыс.

Доктрина қазақ мемлекеттілігі мен дəстүрінің ғасырлар бойы жинақталған тəжірибесіне негізделеді. Аталған құжат əрбір қазақстандықтың жүрегіне жақын халық мұраты, терең əлеуметтік философиялық жəне патриоттық мағынадағы «Ел бірлігі» ұғымынан бастау алады. Соныме қатар, мəдениеттер мен өркениеттер тоғысында орналасқан халықтың қонақжайлылық пен сыйластық қасиеттері аталған ұғымның берік орнығуына негіз болды.

2015 жылы желтоқсан айында бекітілген Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасының мақсаты – азаматтық қағидаттарына және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарына негізделген қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту.

Тұжырымдаманың міндеттері:  азаматтық қағидаттарында қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту жөнінде барлық  деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының бірыңғай жұмыс жүйесін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтары негізінде жаңа қазақстандық  патриотизмді құру; ел дамуының стратегиялық мақсаттары төңірегіне топтасқан, қазақстандық бірегейлік пен бірлік қағидаттарында тәрбиеленген «Мәңгілік Ел» жаңа қазақстандық патриотизм ұрпағын қалыптастыру; еңбек және кәсіпқойлар қоғамын қалыптастыру, онда отбасы, достық, бірлік, сондай-ақ еңбексүйгіштік, адалдық, оқығандық пен білімділік, үштілділік сияқты құндылықтар дәріптеледі; орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тарихи ескерткіштер мен халықтың рухани-мәдени мұраларын нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан қоғамының рухани бірлігі қағидаттарына негізделген мемлекеттің зайырлы сипатын дамыту жөніндегі шараларға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асыруы. Сонымен қатар, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Тұжырымдама іс-шараларын, сондай-ақ болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметін мониторингтеу, есеп беру және бақылау тетігін қалыптастыру.  

Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері: 2015 – 2020 жылдар: ҚХА туралы заңнаманы жетілдіру; елдегі қоғамдық келісім кеңестерінің жүйелерін одан әрі дамыту; ҚХА медиация жүйесін және ҚХА қайырымдылық жүйесін қалыптастыру; қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру; заңнаманы жаңғырту және ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдаудың жаңа нысандарын (гранттар мен сыйлықтар) енгізу. 2021 – 2025 жылдар: білім беру жүйесін үш тілге көшіруді аяқтау; ҮЕҰ-ның жергілікті басқаруға қатысуын кеңейту; елде қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыруды жетілдіру;  «Мәңгілік Ел» құндылықтарын қоғам мәдениетінің негізі ретінде бекіту; жаңа қазақстандық патриотизмді нығайту үшін жағдайлар жасау; өскелең ұрпақтың бірегейлігі және оларды әлеуметтендіру саласының тетіктері мен инфрақұрылымын дамыту және нығайту.

Қазақстан халқы Ассамблеясы-1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. 

Бұл  бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Ассамблея  қызметінің арқасында Қазақстанда  этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Ассамблея  қызметі этносаралық қатынастар  мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр.

Қазақстандық  үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өткен болатын. Қазақстандық  үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді.



Қазақстан Ха­л­қы ассамблеясы қоғам­ды топтас­тыру­шы тетіктердің біріне ай­налды. Шын мә­нін­де, ол ұлтаралық келі­сімнің қазақ­стан­дық моделін жүзеге асырудың маңызды те­тігі болатын. 1995 жылы 16 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі ұлт­­тық мәдени орталықтардың жетек­ші­лерімен кездесу өткізді. Сонда Елбасы рес­публикадағы ұлтаралық келісімді сақ­тау және оны одан әрі нығайту үшін рес­публикада жаңа қо­ғамдық институт – Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қа­зақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін ассамблея құру қажеттілігі туындап отыр­ғандығына назар ау­дарды. Ассамблеяның басты мақсаты: Қа­зақстандағы барлық эт­ностардың ру­хани тұрғыда қайта жан­ғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өрке­ниеттік және демок­ратиялық ұстаным­дарға, мемлекеттік ұлт­тық саясатта барлық этностардың мүд­де­сіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қа­тынас мәдениетін қалыптастыру бо­ла­тындығы айқындалды. Барлық облыстарда кіші ассамблеялар құрылып, олардан сес­сияға 260 делегат сай­ланды. Сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өт­ті және оның құра­мына 40 ұлттық-мә­дени орталықтың өкіл­дері енді.Сессияда Қазақстан Президенті Н.На­зар­баев баяндама жасап, ассамблеяның ұйымдастырушылық құрылымдары белгі­ленді. Ассамблея құру идеясы қоғамды топтас­тырушы күш ретіндегі тұжырымдама негізінде ұсынылған болатын. Ассамблея мемлекеттік басқару деңгейіндегі ұлттық саясатты жетілдіруге белсенді түрде атса­лысады. Ассамблея Президент жанындағы ұжымдық орган ретіндегі, ал облыстық бөлімдері әкімшілік басшысы жанындағы орган ретіндегі мәртебеге ие. 2007 жылы ассамблея конституциялық орган мәрте­бесін иеленді, кепілді парламенттік өкілдік – ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат сайлау құқығын алды. 2008 жылғы 20 қазан­дағы ҚР «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заңы ассамблея қызметі мен құры­лымдарын, еліміздің қоғамдық-саяси жүйесіндегі оның орны мен рөлін норматив­тік-құқықтық реттеуді, конституциялық парламенттік өкілдікті жүзеге асыруды қамтамасыз етті. Ассамблея құрылған кез­ден бастап ұлттық саясаттың барлық бағыт­тары бойынша мемлекеттік шешімдер қа­был­дауға қатысып келеді. Ассамблея этно­мәдени бірлестіктерді құрамына бірік­тіреді және олардың жетекшілері Қазақстан халқы ассамблеясы мен кіші ассамблея мүшесі. Ал 2008 жылы «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заң қабылданды. Ассамблея мен этномә­дени орталықтар та­ра­пынан көтерілетін баста­малар мемлекет­тік деңгейдегі қолдауға ие болды.

Ассам­блея­ның ең жоғарғы органы Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы. Ассамблеяның өткізген барлық сессия­ларда Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев Қазақ­станда ұлтара­лық татулық пен келі­сімді нығайта беру бағы­тын­да ізденістер­ді жал­ғас­тырудың қажет­тілігіне баса назар аударып отырады. Қазақ­стан халқы ас­сам­блеясы үлгісінде Ресей Федерация­сын­да, Қырғызстанда халық ассамблеялары құрыл­ды. Бұл жерде тағы бір ерекше атап көрсе­тетін жайт, ол Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің деңгейі жағынан да, қызметінің ауқымы жағынан да олардан дараланып тұрады. Ассамблея өзінің құрылымы жағы­нан республикалық, облыстық және қала­лық этномәдени орталықтарды біріктіретін ұйым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет