Лекция №1 Ғылыми зерттеулер жүргізудің жалпы заңдылықтары


Педагогикалық зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негізеу және бағалау



бет3/4
Дата29.11.2022
өлшемі81,49 Kb.
#53485
түріЛекция
1   2   3   4
Педагогикалық зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негізеу және бағалау. Педагогикалық зерттеудің ғылыми аппаратына кіріспе бөлім ретінде енетін оның тақырыбының көкейкестілігінің негіздемесі 2-3 бет көлеміндегі мәтіннен тұрады. Негіздеме мазмұнынын анық қүрылымы бар. Негіздеменің құрылымындағы негізгі түсініктерді ойлана отырып талдағанда, негіздемеде зерттеу тақырыбына қатысты әлемнің және Қазақстанның білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасын, зерттеу мәселесінің зерделену дәрежесін, практикадағы мәселелерді шешу деңгейлерін, мәселенің негізіндегі қарама-қайшылыктарды, сондай-ақ, зерттеу тақырыбының өзін нақты көруге болады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы көптеген жобалар мен есептерді, диссертацияларды және авторефераттарды талдау нәтижесінде ғылыми-педагогикалық зерттеулердің негіздемелерінің кұрылымын және олардың өзектілігін бағалауға койылатын талаптарды бөліп қарастыруға мүмкіндік туады. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі ғылым мен практикада оның нәтижелерін пайдаланушылардың қажеттілігінің маңызды сипаттамасы болып табылады. XX ғасырдың 70-жылдары КСРО Педагогика ғылымдары академиясын-дағылым мен практиканың өзекті мәселелерін қамтитын зерттеулерді үйымдастыру мақсатында Үйлестіру кеңесі құрылып жүмыс істеді.
Зерттеудің көкейкестілігін ғылыми қауымдастық бұрын зерделенбеген («ак тандактар») тақырып бойынша орындалғанда ғана мойындайды. 70-90 жылдары зерттеу тақырыбының өзектілігінің басты белгісі оның ізденуші қызмет ететін мекеменің (ұйымның) ғылыми-зерттеу жүмысының жоспарына немесе ғылыми-зерттеу жұмысының мемлекеттік жоспарға енгізілуі еді. 2003-2005 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Казак білім академиясында педагогика саласындағы зерттеулер тақырыбына елеулі өзгерістер жасаумен Ғылыми-әдістемелік үйлестіру орталығы айналысты. Бірақ, әртүрлі ғылыми бағыттардың аясындағы, сондай-ақ кейбір ғылыми жетекшілердің тақырыптағы өзгеріспен келіспеушілігінен білім беру жүйесін жаңартудың көкейкесті мәселелері бойынша ғылыми мектептер құру идеясын әрі қарай іске асыру мүмкін болмай, ақырында Ғылыми-әдістемелік үйлестіру орталығы таратылды. Өкінішке орай, такырыптардың қайталануы, кішігірім тақырыптардың орын алуы, бір ғалымның әртүрлі тақырыптарға жетекшілік етуі кажетті мәселелерді терең ойластыруға кері әсерін тигізіп келеді. Сондықган да қазіргі уақьпта такырыптың ғылыми-зерттеу жүмысыньщ жоспарына сәйкестігі өзінің өзектілігін жойды деуге болады. Мысалы, 2006 жылы майда Міржақып Дулатовтың педагогикалық идеяларын жүйелеуге арналған екі диссертация қорғалды (Алматы, Шымкент). Бұл жұмыстардың деңгейлері жоғары болды. Әрине, біз бір такырыптың өзін әртүрлі әдіснамалық тұғырлар тұрғысынан зерттеуге болатынын жоқка шығармаймыз. Дегенмен екеуінің дерекнама базасы ортақ болғандықтан, ізденушілердің ұксас қорытындыларға келгенін байқалған еді. Зерттеу такырыбының негіздемесін ашып көрсететін «көкей-кестілік», «зерттеудің көкейкестілігі», «зерттеудің кекейкестілігін бағалаудың өлшемдері», «көкейкестілікті аныктайтын әдістер» және т.б. түсініктер бар. Педагогикалық әдебиетте зерттеудің көкейкестілігі — ғылыми зерттеулердің сапасын бағалау өлшемі. Ол казіргі уакыттағы ғылым және практиканың ұсыныстары мен ғылыми идеяларға, практикалык нұскауларға деген сұраныс арасындағы алшақтық дәрежесін көрсетеді.
Кекейкестілік өлшемі оқыту және тәрбиелеудің теориясы мен практикасын ары қарай дамыту мәселесін зерделеп, шешудің қажеттігі мен уақытын нұсқайды, қоғамдық кажеттіліктер мен оны қанағаттандыратын кұралдар арасындағы қайшылыктарды сипаттайды [2, 161]. Әдіснамашылар ғылыми бағыттың өзектілігін дәлелдемелердің күрделі жүйесіне мұқтаж емес деп есептейді. Ғылымтануда бағыт — даму жолы; ғылыми ағым, топ, ғылыми мектеп; ортақ максатпен, дүниетанымының бірлігімен, зерттеу әдісімен біріккен жұмыстар тобы. Ғылымтанушылардың пікірінше, ғылыми бағыттың қүрылымдық бірліктеріне кешенді мәселелері: тақырыптар және ғылыми мәселелер жатады. Кешенді мәселе - бір мақсаттағы мәселелер жиынтығы; мәселе — қоғамда шешімін табу кажеттілігі бар күрделі теориялык және практикалық міндеттер жиынтығы.
Зерттеу жүмыстарымен, әдістерімен біріккен түрлі бағыттар бар. «Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика» журналындағы (2005. №1. : 51-55 беттер; 2006. №6.49-54 беттер) мақалаларда педагогикалық зерттеу тақырыбын таңдау және мәселені қою алгоритмін ашып көрсетгік. Негізінен әуелі мәселе анықталады, ал одан тақырып құрастырылады. Зерттеу тақырыбында мәселені шешуге мүмкіндік жасайтын жаңа білім көрініс табады. Зерттеу тақырыбы, оның өзектілігі, мәселесі өзара тығыз байланысты (1-кестені қараңыз).
Сәйкессіздіктің үш типі зерттеу өзектілігінен орын алады [2,338]. «Негіздеме» сөзінің өзі ғылымда «негіз», «негізділігі» деген түсініктермен катар қолданылады. «Негіздер» — бір нәрсенін, бастапкы, негізгі қағидалары, «негзділігі» — белгілі бір құбылыстарды жіктеуде қажет болатын мәнді белгі, немесе негізділігі дегеніміз — бір нәрсені негіздеу, дәйек, терең ғылыми негіздеме. Ғалымдар тақырыптың көкейкестілігін негіздеуге ерекше көңіл аударады және тақырыптың ғылыми және практикалық көкейкестілігін бөліп карастырады. Олардың пайымдауынша, такырыпты зерделеу практиканың мағыналы сүраныстарына жауап береді, ал алынған нәтижелер ғылымдағы «ақтандақтардың» орнын толтырады. Дегенмен, ғылымтанушылардын, ойынша, өзекті тақырыпқа орындалған зерттеу шынайы жаңа ғылыми нәтижелердің алынғанының кепілі бола алмайды. Ғалымдардың пікірінше, тақырып бойынша зерттеу жүргізу барысында алынған нәтижелер өзекті болмауы да мүмкін, әсіресе бұл ретте жетілдірілген әдістеме колданылып, түпнұсқалы эксперимент қойылса, ақпараттың соңғы жаңа ағымы пайдаланылса да, нәтиже өзекті болмауы ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет