Лекция №1. Кіріспе. Аж жобалау объектісі. Ақпараттық жүйенің классификациясы. Аж қолдану салалары



бет5/6
Дата29.09.2023
өлшемі98,09 Kb.
#111408
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция №1

Қаржылық ағындарды басқару

  • Қаржылық ағындарды басқару
  • Ақпараттық технологияны қаржылық ағындарды басқаруға енгізу, мекеменің қателесу критикалық жағдайымен шартталады. Жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы есептесу жүйесін дұрыс құрмаған жағдайда, қолайлы сатып алулар, сатулар және жақсы маркетингтің өзінде ақша кризисіне ұшырауы мүмкін. Және керісінше дәл есептелген және қаржылық есептеулерді қатаң бақылау шарты фирманың айналымдағы қаражатын айтарлықтай жоғарылатуы мүмкін.
  • Қойманы, ассортиментті, сатып алуларды басқару
  • Бұдан әрі, сексен пайыз кіріс әкелетін, жиырма пайыздық ассортиментті тіркеп бақылай отырып, тауар жүрісін талдау үрдісін автоматтандыра аламыз. Бұл әркез қаражаттың жетіспеуі кезінде максимал пайданы қалай алуға болады деген сұрақты шешуге мүмкіндік береді?. Сондай-ақ, уақытылы қаражат талап етпейтін перспективті тауарды да қарастыруға болады.

Өндірістік процесті басқару

  • Өндірістік процесті басқару
  • Өндірістік процесті басқару өте күрделі тапсырма. Мұндағы негізгі тапсырма өндірістік процесті жобалау және басқару механизмі болып табылады.
  • Мұндай тапсырманың автоматтандырылған шешімі сауатты жобалауға, шығындарды ескеруге, өндіріске техникалық дайындық жүргізуге, өнімді шығару процесін өндірістік программаға және технологияға сәйкес жылдам басқаруға мүмкіндік береді.
  • Маркетингті басқару
  • Маркетингті басқару дегеніміз – бәсекелес-фирмалар туралы, және олардың өнімі және баға саясаты туралы ақпарат жинау және талдау, сондай-ақ ішкі ортаның параметрлерін бағаның тиімді деңгейін алу үшін, кірісті болжау үшін және жарнамалық компанияларды жобалау үшін модельдеу. Мұндай тапсырмалардың шешімі көбіне маргетингті басқару тиімділігін барынша жоғарылататын, ақпараттық жүйе түрінде дайындалуы мүмкін.

Құжатайналым

  • Құжатайналым
  • Құжатайналым кез-келген мекеменің әрекетінің маңызды процесі болып табылады. Құжатайналымды есепке алудың жақсы өңделген жүйесі, мекемеде дәл қазіргі уақытта мекемеде қандай әрекеттің орындалып жатқандығын анық бейнелейді және басқарушыға оған өз әсерін тигізуге мүмкіндік береді. Сондықтан құжатайналымды автоматтандыру басқаруды тиімді етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет