Оқушы білімділігі мен тәрбиелілігін тексеру, талдау.
Мұғалімдердің кәсіби даярлығының және оқу-тәрбие жұмысының сапасын тексеру, талдау, болжау жасау.
Оқу-тәрбие жұмысы, әдістемелік жұмыс жағдайы туралы, педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес шешімдердінің орындалуы жайлы мәліметтер банкін құру.
Озат тәжірибе туралы, педагогика, психология саласындағы жаңа зерттеулер, мектеп жұмысы жөніндегі ғылыми-әдістемелік материалдар банкін құру.
Оқу-тәрбие жұмысының мазмұн, форма, әдіс-тәсілдерін дамытудың жақын арадағы және келешектегі мақсаттарын айқындау, ұжымның және жеке арадағы және келешектегі мақсаттарын айқындау, ұжымның және жеке мұғалімнің ғылыми- әдістемелік іс-әрекетін дамыту.
Әдістемелік кеңестің жоспарлау, ұйымдастыру, ғылыми-әдістемелік жұмыс мазмұны жөнінде ұсынысын дайындау.
Әдістемелік бірлестік – білім мекемесінің әдістемелік қызметі құрылымындағы негізгі білім болып табылады. Бірлестік бір немесе туыстас бірнеше пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, зерттеу-тәжірибелік және сыныптан тыс жұмыстарды атқарады.