Жоспары: 1. Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде.
2. Басқару туралы ғылымның дамуы, басқару ой-пікірінің эволюциясы: менеджменттің шетелдік теориялары мен тұжырымдамалары.
3. Ф.Тейлордың ғылыми басқару мектебіне, А.Файолдің әкімшілік басқару мектебіне, Э.Мэйо, А.Маслоудың адами қарым-қатынас мектебіне, Ф.Герцбергтің екіфакторлы модель мектебіне қысқаша сипаттама беру.
4. Врумның күту теориясы, Портера-Лоулердің сандық тәсілі, Д.Мак-Клелландтің теориясы, Д.Мак-Грегордің адами қарым-қатынас теориясы. Қазіргі менеджменттің мәні мен өзіне тән сипаты.
5. Менеджменттің американдық, жапондық және батыс еуропалық типтеріне ортақ және өзіндік ерекше белгілері.
Ұсынылатын әдебиеттер 1) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент. Оқулық . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -383 б.2.Т.В.Паньшина, Ж.Ж.Айтпаева Педагогикалық менеджмент Алматы, 2012
2) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент: Тест тапсырмалары, кейстер. Оқу құралы . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -87 б.
3) Бузаубакова К.Д., Ахметова А.Н. Педагогикалық менеджмент және қазіргі мектепті басқару. Оқу құралы. -Тараз: ТарМПИ, 2015. - 156 б.
4) Баймолдаев Т.М. Мектепішілік басқаруды ұйымдастыру құрылымы.- Алматы, 2005.-145 б.
5) А.Қ.Дүйсенбаев Педагогикалық менеджмент:- Алматы: Отан ЖҚ., 2015.-187 б.
6) Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері: Оқу құралы. - Ақтау, 2010. -87 б.
1. Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде.
«Менеджмент» ұғымының пайда болуы ХІХ ғасырдан бастау алады, бірақ оның әдіснамалық негіздемесі тек ХХ ғасырдың басында ғана пайда болды. «Менеджмент» латынның «ману» – «қол» қол деген сөзінен шыққан.
«Менеджмент» түсінігінің анықтамалары өте көп. Жалпы менеджмент деп «жеңу өнері» ретінде, адамдардың интеллектісін, еңбегін, жүріс-тұрысының уәжін пайдалану арқылы алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады. «Менеджмент» ұғымына ғалымдар әртүрлі анықтамалар ұсынады (1-кесте).