Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары


Сурет-14. Педагогикалық процесс компоненттерінің өзара байланысы



бет36/92
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79593
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   92
Сурет-14. Педагогикалық процесс компоненттерінің өзара байланысы

Педагогикалық процесс өзіндік ерекшеліктерінен айқындалады: белсенділік пен қатынастың бірлігі, процеске қатысушылардың барлық субъектілерінің ұйымдастырылған, бірлескен, дербес іс-әрекеттері; әртүрлі сатыдағы жүйелердің қызметінің арнайы мамандануы; субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.


Тұтас педагогикалық процестің ерекшеліктері:

  • педагогикалық процесс әлеуеті оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысушылардың арасындағы іс-әрекеттердің алмасуымен анықталады;

  • ынтымақтастық: оқушы үшін әртүрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуына жағдайы болады;

  • «мұғалім-оқушы» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процесс ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері барысында мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;

  • педагогикалық процестің негізгі интерактивтік қасиеттерін әртүрлі тетіктерінің бірлігі деп есептеу керек, ондағы үздіксіз өзара байланысқан жүйедегі оқушы «тұлғасын» қалыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (мұғалім мен оқушылардың) қайта құру белсенділігімен анықталады.

Педагогикалық процестің компоненттері:

  • Мұғалім – арнайы дайындығы, білімі бар ұстаз, педагогикалық процесті жүргізетін маман.

  • Оқушы-тыңдаушы – объект және субъект ретінде қарастырады.

  • Педагогикалық процестің мазмұны ол адамның әлеуметтік қатынасынан туындайды. Оның мазмұнына идеология, өндіріс, еңбек, ғылым, мәдениет және т.б. жатады.

  • Педагогикалық процесті ұйымдастыру және басқару комплексі. Оған педагогикалық процестің мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, әдісі, құралы жатады.

  • Педагогикалық диагностика. Ұстаз бен шәкірттің тәрбие, оқу, үйрену процесін жүргізу барысында істің нәтижесін білуі.

Педагогикалық процестің нәтижесін бағалау. Оқушының іс-әрекетінің нәтижесінің қорытындысын, бағасын, сол баланы қоршаған орта, қауым береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет