Лекция 1 Тақырыбы: Басқару психологиясы туралы түсінік. Сабақ жоспары: Басқару туралы білімнің тарихи деректері


Психологияның теориялық-әдіснамалық негіздеріндегі басқару ұғымы туралы



бет3/32
Дата20.10.2022
өлшемі173,67 Kb.
#44404
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
2. Психологияның теориялық-әдіснамалық негіздеріндегі басқару ұғымы туралы
Басқару ғылымы экономикалық-ұйымдастырушылық ғылымға қатысты, өйткені ол өндірісті басқару және тұтас экономика процесінде адамдардың қарым-қатынасын, байланысын зерделейді.
Адамдардың қоғамдасып тіршілік етуі материалдық өндіріс қажет, ал осы өндіріске қатысты қарым-қатынас адамдардың қоғамдық тұрмысын анықтап береді. Қоғамдық өндірістің ішкі шеңберінде тікелей өндіріс шешуші мәнге ие, «Өндіріс – тұтыну үшін тек затты ғана өндіріп қоймай, оның тұтынудағы анықтамасын, сипатын, аяқталуын береді» К.Маркс. Онда болатын процестер мен оларды басқару осы ғылымның объектісі болып табылады.
Басқару ғылымының мазмұны біріккен еңбекті басқару қажеттілігінен пайда болатын ерекше міндетті іс ретінде басқарудың мәні арқылы анықталады. Өндіріс пен барлық экономиканы біліктілікпен басқаруды қажет ететін біріккен еңбек саласы, жеке адамдардың кооперативті ретінде қарастыруға болады. К.Маркс басқару ісіне қатысты былай деп жазған: «...жеке орындаудағы скрипкашы ешкімнің сүйемелдеуінсіз өзі-ақ ойнай алады, ал оркестерге дирижер керек».
Өндіріс пен оның адамдарды басқару процесіне адамдардың бір-біріне белгілі бір қарым-қатынасы жатады. Сондықтан да басқаруды оқып-білу- бұл ең алдымен өндіріс процесіне белгілі бір мақсатпен ықпал ету барысындағы адамдардың қалыптастыратын заңдарды анықтау болып табылады. Осының негізінде басқару қызметінің принциптері, оларды жүзеге асырудың формалары мен тәсілдері белгіленеді.
Басқару ғылымы әр түрлі халық шаруашылығы буындарына қатысты басқару процестерін зерттейді: оның алғашқы әрі ең шешушісіне микродеңгей жатады. Кәсіпорынды, жеке өндіріс түрін, былайша айтқандай, түпкі есебінде қоғамның экономикалық бет-бейнесін жасайтын заттай-материалдық құндылықтарды өндіретін салаларды басқару объективті қажеттілік болып табылады. Осыған қарай басқарудың осы деңгейі барлық басқару жүйесінің басты назарында ұстайтын объектісі болуы керек.
Кәсіпорындарды басқару ісі барлық экономикалық байланыстар мен қатынастардың жиынтығын толық қамти алмайды. Өндірісті басқарудың ғылыми сипатында халық шаруашылығының біртұтас жүйесін құрайтын қоғамдық, басқа да өндірістік және тұтынушы ұяшықтарымен бірге қарастырылады.
Басқарудың бірі объектісі – мезодеңгей. Мұнда басқару пәндеріне өндіріс ұйымының, технологияның әр түрлілігімен байланысты өзіндік ерекшелігі бар салалар, аймақтар жатады. Аймақтарға олардың экономикалық дамуының алғышарттары мен кеңістіктегі орналасқан орнына, тарихи-географиялық факторларына, өндірістік әлеуетіне қарай болатын ерекшеліктер тән. Аймақтардың басты құрастырушыларына аймақтардың арасындағы экономикалық байланыстар, аймақтық жүйелер, өндірістік күштердің орналасуы жатады. Аймақты басқару объектісі ретінде мемлекет пен ұлттық экономиканың, аймақ-нарық, аймақ-әлеумет ретіндегі оқшауланған қосымша жүйені білдіреді.
Әлдеқайда ғаламдық сипаттағы басқару объектісіне макродеңгей – экономикалық саясаттың күллі объектісі жатады. Макроэкономика – бұл экономикалық теорияның бөлімі. Онда экономика тұтас жүйе ретінде зерттеліп, экономикалық саясаттың мақсаттары қалыптастырылып, оларды жүзеге асыруға қажетті экономикалық құралдар анықталады. Макроэкономикалық тәсілдеме ұлттық деңгейде немесе үлкен секторлар деңгейінде экономиканың жағдайы мен қозғалысын зерттеу үшін пайдаланылады. Макроэкономика ұлттық көрсеткіштерімен айналысады. Экономиканың бұл аспектісі басқару теориясына апаратын басты аспекті болып табылады, өйткені оны халық шаруашылығының ауқымында алып қарастырғанда ғана зерттеудің бастапқы сәтін анықтауға болады. Бұны кәсіпорынның барлық халық шаруашылық жүйелерінің ажырамас бөлігін құрайтынымен байланыстырып түсіндіруге болады.
Қоғамдық ауқымдағы басқарудың өзіндік ерекшелігі бар объектілерге барлық әлеуметтік салалар, қызмет салалары кіреді. Мұнда басқару ісі негізінен адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметтермен айналысады. Бұл салада адамдардың көптеген талап- тілектері жүзеге асырылады. Ол қоғамның бүкіл жағдайына, оның ішінде әлеуметтік ақыл-ойының қалыптасуына себепші болатын барлық әлеуметтік инфрақұрылымдар мен қызмет түрлерін қамтиды.
Қоғамды рухани тұрғыдан дамытуды басқару барлық басқару жүйелерінің ажырамас бөлігі болып табылады.Бұл турасында жалпы ұғымға айналып кеткен К.Маркстің «... мәдениет саналы түрде бағыт алмай, стихиялы дамитын болса... ол кеңістік қана болып қалады...» деген сөзі шындыққа келеді. Басқару ғылымының объектілері туралы жалпы сөз еткенде өндірісті басқару кез келген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда еңбек процестері жиынтығының ажырамас бөлігін құрайтынын түйіндеп айтуға болады. Оның көп қырлы сипаты болады, әрі «басқару ісі барлық өндіріс тәсілдерінің қажетті сәті жатады.
Басқару ісі қарым-қатынастың көптеген жағын саяси, әлеуметтік, экономикалық, этикалық және т.б. қамтиды. Егер өндірістік процестер мен қатынастардың мазмұны өндірісте материалдық игіліктерді тікелей өндірудің еңбегін ұйымдастыруды бейнелейтін байланыстарды құрайтын болса, онда басқарушылық процестер мен қатынастардың мазмұны – бұл өндірісті басқару ісіне қатысушылардың ортақ еңбегін көрсететін байланыс. Басқару бойынша қызмет нәтижесіне шешім жатады. Қорытындысында адамдардың бір бөлігі материалдық игіліктерді өндіру бойынша тікелей еңбекпен айналысатын болса, басқа біреулері – басқару ісімен шұғылданады. Өндірісте осы екі топтағы адамдардың арасында өндірісті басқару қатынасы ретінде сипатталуы мүмкін белгілі бір қарым-қатынас орнайды. Бұл қарым-қатынас, яғни қоғамдық байланыстар мен олардың өзара ықпалдасуының жиынтығы басқару субъектілері мен объектілері арасында, сондай-ақ басқару субъектісінің ішінде пайда болады.
Басқару қатынасы қандай түрге немесе тұрпатқа (типке) жататынына қарамастан, ол ең алдымен басқарудың объектілері мен субъектілері арасындағы қатынас ретінде болады.
Барлық экономикалық жүйе екі қосалқы жүйенің – басқарушы мен басқарылушының бірлігі ретінде қарастырылады. Оның алғашқысы басқару аппаратының қызметкерлерін, басқару органдарын- мемлекетті, үкіметті, министрліктерді және т.б. қамтитын басқару субъектілерін білдіреді. Ал екіншісі жалпы түрдегі халық шаруашылығындағы салаларды, аймақтарды, кәсіпорынды және т.б. білдіреді.
Жұмыс орнына келетін болсақ, мұнда басқарудың басқа түрі- Ф.Энгельс заттарды басқару деп анықтаған еңбек құралдарын басқару жүзеге асырылады. Осылайша, өндірісті басқарудың екі түрі бөліп көрсетіледі:
а) адамдарды (қызметкерлерді) басқару;
ә)еңбек құралдарын (затты) басқару;
Еңбек құралдарын жұмыскерлердің басқаруы қосалқы жүйемен басқарылатын тікелей өндіріс процесін білдіреді. Басқарудың қосалқы жүйесі тек адамдарды басқару ісіне ғана қатысты. Басқаша айтқанда, өндірісті басқару – бұл өз кезегінде еңбек құралдарын басқаратын жұмыскерлерді басқару.
Қоғамдық өндіріс саласындағы басқарудың айрықша ерекшелігі мынада: ол қоғамды қатынастардың барлық жиынтығымен айналысады. Мұның себебі, адам өндірістік процесте бірлескен еңбек процесінің тек қатысушысы ғана болып қалмайды, сонымен бірге ол бір мезгілде әлеуметтік тұлға да. Ал, адам әлеуметтік тұла болғандықтан оған қилы қажеттілік , талап-тілек, және т.б. тән.
Адам қарама-қайшылыққа толы, сол себепті де оларды әлеуметтік құбылыс ретінде, яғни әлеуметтік тұрғыдан басқару қиын. К.Маркс өзінің «Фейербах туралы тезисінде»: адам- қоғамдық қатынастардың жиынтығы, деп анықтама берген.
Жоғарыда айтылғандардың түйіндемесі мынадай.
Басқару қатынасы басқару ғылымының мазмұны болып табылады. Өндірісті басқару қатынасы басқарумен ықпал ету процесінде адамдардың және ұжымдардың тұрақты өзара байланыстары мен өзара әрекеттерінің күрделі кешенін білдіреді.
Өндірісті басқару қатынасы сипаты түрлері бойынша жіктеледі. Олар мыналарға бөлінеді:
- Басқарушы және басқарылушы қосалқы жүйелерінің арасындағы қатынасқа;
- Басқарушы жүйенің ішіндегі басқару қатынасы (басқару сатылары және деңгейлері арасында);
- Басқарудың әрбір буынындағы басқарушылар мен бағынушылар арасындағы қатынасқа.
Өндірісті басқару қатынасы сипаты бойынша мыналарға бөлінеді:
- Тұлғалар арасында;
- Жүйелер арасында;
- Аралас.
Басқару қатынасы мыналарға бөлінеді:
- а) салалық, яғни бір саланың шегіндегі қатынасы;
- ә) территориялық, яғни бір аймақтың шегіндегі қатынас;
- б) салааралық, яғни әр түрлі салаларындағы ұйымдардың арасындағы қатынас;
в) аймақаралық, яғни әр түрлі аймақтардағы ұйымдардың арасындағы қатынас;
г ) территориялық-салалық.
Басқару қатынасын ұйымдық байланыстардың саны бойынша жай және күрделі деп бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет