Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет16/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72
Орталықсыздандыру (децентрализация) – орталықтандырудың керісінше үдерісі. Педагогикалық білім берудің мазмұнына деген жеке талаптар аймақтық және жоғары оқу орындар деңгейінде, нақты педагогикалық практиканың сұраныстары мен қажеттіліктері ескеріле отырып анықталады және белгіленеді.
Интернационализациялау – педагогиканы оқыту үдерісін ұйымдастыру кезінде педагогикалық білім берудің мазмұнына әр ұлттар мен халықтардың жалпы адами идеяларын, халықаралық тәжірибенің есебін енгізуге бағдарланған.
Этнизация – педагогикалық білім берудің мазмұнын әр ұлттың мәдени құндылықтарымен толықтыруға бағытталған.
Саяси идеология – педагогикалық білім берудің мазмұнында демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекеттің басты саяси идеяларының көрініс табуы.
Плюрализация – педагогикалық білім берудің әр түрлі парадигмалары мен концепциялары, ғылыми бағыттары және ғылыми мектептері бар екендігін болжалдайды.
Білім берудің жаһандануы – білім берудің ашықтығына бағытталған, яғни білім алудың жалпыға қол жетімділігі, оны игерудің мол мүмкіндіктерінің болуы. Мысалы, адамдардың барлық категориялары педагогикалық білімді шектеусіз көлемде ала алады.


Білім беру мазмұны – жас ұрпаққа нені оқыту керек деген сұраққа нақты жауап болып табылады. Білім беру мазмұнын белгілі типті оқу мекемесінде арнайы оқытуға таңдалып алынған білім, біліктілік және дағдылардың нақты жүйесі деген түсінік қалыптасып келді. Бұл жүйеге білім алушылардың белгілі интеллектуалдық, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз ететін қоршаған орта, қазіргі заман өндірістері, мәдениет және өнер туралы білім; білім алудың интеллектуалдық және практикалық біліктіліктері мен оларды қолдану тәсілдері; танымдық іс-әрекет, теориялық және практикалық мәселелерді шығармашылықпен шешу дағдыларын меңгеру кіреді.
Білім беру мазмұны кез-келген оқу орны ұмтылатын соңғы нәтижесі болып табылады. Білім беру мазмұны келесі талаптардың тізімін құрайды. Олар:

  • тұлғаның өзін-өзі анықтауды қамтамасыз етуге бағытталған болу керек, оның жүзеге асу жайттарын құру; қоғамның дамуы;

  • әлемдік деңгейге сай қоғамның жалпы және кәсіби мәдениетіне сәйкес; білім алушылардың білімнің қазіргі деңгейі мен білім беру бағдарламаларының деңгейіне сәйкес, тұлғаның ұлттық және әлемдік мәдениетке интеграциясына сәйкес дүниеге көзқарасын қалыптастыру;

  • қазіргі қоғамның жағдайына бейімделген және сол қоғамды жетілдіруді көздеген адамды және азаматты қалыптастыру;

  • жастардың мамандық және соған сәйкес біліктілік алуға бағытталуы;

  • нәсілдік, ұлттық, діни және әлеуметтік жтқызылуына тәуелсіз адамдар арасындағы халықтар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа, түрлі дүниетанымдық ыңғайларды ескеруге, білім алушылардың ой мен пікірін еркін таңдауға құқығын жүзеге асыру мүмкіндігіне ықпал етеді.

Білім беру мазмұнының мәселесі ғасырлар бойы өткір теориялық, идеялық саяси күрестің пәні болып келді, оның шешілуінен халықтың мәдени деңгейі, оның өмір сүру деңгейі, жастардың өзбетті өмірге, еңбекке даярлығы байланысты болды. Бұл мәселе бүгінгі күнде барлық әлемде ерекше көкейтесті, білім беруде дағдарысы жалғасып жатқанда, бірқатар қарама қайшылықтар айқындалуда:

  • Қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттіліктері мен түлектердің жаңа жағдайда сәйкес орынды алуға даярлығы;

  • Бәсекелі экономикаға оқушы тұлғасының қатысуы мен оған деген қажетті сапалардың бойында болмауы арасында;

  • әлеуметтік экономикалық және қоғамдық өмірдегі көбейіп отыратын ақпарат пен білім алушының осы үрдіске даярланбағандығы арасында т.б.

Жалпы қоғамдағы үдерістердің инновациялық сипат алуы және өзгерістердің басты ресурстары ретінде адам капиталы белгіленуі білім беру жүйелеріндегі барлық салаларды жаңаша ұйымдастыру талаптарын қоюда. Қазіргі педагогикалық жүйелерді дамыту бағыттарын көрсететін бірнеше маңызды факторларды атауға болады. Олар:

  • Жаңа білімді «туындату», немесе жаңа білім түзілімдерін құрастыруға (бұрын тек мұғалім ғана жаңа білім көзі бола алатын) көптеген адамдардың, ұжымдардың қатысуына байланысты педагогтардың ролінің, сонымен қатар, білім беру мазмұнының өзгеруі;

  • Педагогтардың бойында өз әрекетін интеллектуалдық тұрғыдан қамтамасыз ететін жаңа құзыреттіліктерін дамыту қажеттігі;

  • Қазіргі заманда өмір сүру барысында кез келген адамның құзыреттік сапаларын бірнеше рет жаңартып отыру қажеттігін түсіну;

  • Бүгінгі білім берудің жекеленуге бағытталуы, яғни, әрбір білім алушы педагогтар мен тьюторлардың көмегімен, өзіндік білім алу траекториясын құрастыра алуы талап етілуі;

  • Педагогикалық жүйелерді басқарушылардың қатарында жаңа проблемаларды шеше алатын, ойлау мен инновациялық әрекет етудің жаңаша үлгілерін жасай алатын адамдар болуын қажет етуі;

  • Ғылыми білімнің мектептегі сабақ–сыныптық, университеттердегі дәрістік–семинарлық формада жаттанды түрде берілуін өзгерту қажеттігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет