Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары


Студенттердің өзіндік жұмысты орындау кезеңдері



бет71/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Студенттердің өзіндік жұмысты орындау кезеңдері.

  1. Дайындық кезеңі

  2. Жұмыс кезеңі

  3. Өңдеу кезеңі

  4. Мақұлдау кезеңі.

1. Дайындық кезеңі. Бұл кезеңде студент алған тақырып бойынша библиография құрады. Негізгі және сыбайлас (тектес) тақырыптар бойынша әдебиеттер оқиды. Қажетті материалдарды конспектілеп алады.


2. Жұмыс кезеңі. Алынған материалдар бойынша теориялық білімді жүйелеуді іске асырады. Бұл кезеңде жаңа ақпараттарды талдау, сараптау, оларды негіздеу, жаңа деректер іздестіру, ашу, жүйлеу орындалады.
3. Өңдеу кезеңі. Теориялық дайындамаларға сәйкес практикалық жағдайларда іске асырылатын тәжірибелер үлгілерін, олардың нәтижелерін талдау мен өңдеу жинақтау, біріктіру (кіріктіру) кіреді. Мұнда практикалық іс-әрекетте пайдалану көзделген үлгінің (нұсқаның) нақтылы оқу-тәрбие процесіне сәйкестілігі жапсарлатындығы тұжырымдалынады.
4.Мақұлдау кезеңі. Мұнда өз бетінше орындалған жұмыстардың нәтижелерін оқу процессінде мақұлдатудан (апробациялаудан) тұрады. Бұл кезеңде студент өз бетінше орындаған жұмыс мазмұнын, алған нәтижелерін, жасаған қорытындыларын мақұлдатады. Жұмыста пайдаланылған немесе өзі жасаған көрнекі т.б. материалдардың (кестелер, тізбелер мен ескертпелер, шартты белгілер т.б.) арнаулы, қолданылуы ашылып көрсетіледі.
Студент өз бетінше орындаған жұмыс нәтижелерін мазмұндауға даярлық барысында өзінің аудиторияда немесе оқытушы алдында сөйлейтін сөзінің қысқаша мәтінін алдын-ала жоспар бойынша даярлап алуы керек. Сондай-ақ тапсырманың орындалуын баяндау барысында тақырыпқа байланысты қойылуы мүмкін сұрақтардың жауабын да (болжамы бойынша) ойластырып қойғаны дұрыс.
Студент тапсырма мазмұнын айту барысында:
-Тақырыптың оқу-бағдарламасы аясында, оқу материалдарын толықтыруға яғни тақырыптың теориялық және әдістемелік практикалық жағынан толымды болуына жасайтын үлесіне;
-Тақырыптың ашылуына қатысты өзінше жасаған талдауларға, сараптауларға, болжамдарға, нәтижелерге, алынған қорытындыларға баса назар аударуы керек.
Студент тақырып мазмұнын баяндау барысында оқыған әрі жоспар түзіп құрастырған материалдардың жүйелі орналастығын сақтай және дәлелді жіктелімде айтылуына жоғары мән беруі керек.
Студент өз бетінше жұмыс орындағанда ең болмағанда өз тұжырымдауынша, өзіндік ойлау аясында бір идеяны ұсынуына және оның нақтылығын дәлелдеп беруіне болады. Ондай жағдайдан студент таңдаған тақырыпты курстық одан ары қарай дипломдық жұмысқа дейін дамытуына жол аша алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет