Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет65/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Баяндама - өзіндік жұмыс түрі, оқу және сабақтан тыс уақыттарда студенттердің зерттеу дағдыларын қалыптастыруда, танымдық қызығушылығын кеңейтуде, пікір айтуда маңызды. Баяндама жазуда берілген тақырып бойынша жоспар құрылып, қажетті әдебиеттер іріктеледі. Әдебиеттермен жұмыс жасауда алынған мәліметтерді жүйелеп, тұжырым жасалынады және жалпылайды. Тақырып үлкен болса, баяндама сұрақтарын бірнеше студентке бөліп беруге болады.
Жоғары оқу орындарында студенттерге оқыған теориялық материалдарды бекіту, орнықтыру үшін, сабақта белсенді болу үшін, іздене, үйрене білу үшін кенінен пайдаланылатын СӨЖ-ның келесі түрлері аннотация, эссе, конспект жазу.
Аннотация мәтіннің негізгі мазмұнының мүмкіндігінше қысқа, сығымдалған түрі. Аннотацияның рефераттан басты айырмашылығы реферат түпнұсқасының мазмұны жөнінде түсінік береді, ал аннотация – оның тақырыбынан ғана хабар береді. Аннотация үшін клишелерді, арнайы айтылыстарды пайдаланады.
Аннотацияның құрылысы:

  1. Аннотация жасалатын мәтіннің саласы, не бөлімі.

  2. Тақырыбы.

  3. Түпнұсқадан шығатын мәліметтер.

  4. Аннотацияның мазмұны.

Эссе – оқылған, өзіндік жұмыс үшін берілген тақырыпқа өз ойын, өз пікірін, көзқарасын, жазбаша беру. Сондықтан да эссе – өздігінен орындайтын жұмыстың ең маңызды, тиімді түрі.
Конспект – оқитын материалдың мазмұнына жазылатын жүйелі, логикалық байланысы бар жазба түрі. Бұған жоспар, тезис, көшірмелер не осы жазбалардың екі түрі кіруге тиіс.
Жазбалар мен тезистерден конспектінің айырмашылығы, конспект оқылған материалдағы жүйені, бірізділікті сол материалда берілгендей мазмұндайды. Конспект жасау үшін ең маңызды деген ақпарат алынады. Басты мәселе бөлініп алынады, маңызды сөз, сөз тіркесі көрсетіледі. Әрбір жаңа ой жаңа жолдан басталады. Конспектіде автордың аты-жөні, әдебиеттің аты, ол шыққан баспаның аты, мекен-жайы, уақыты, беті көрсетіледі.
Болашақ педагогтардың ғылыми зерттеу түрлерінің ең жоғары формасы курстық және дипломдық жұмыс. Бір жыл ішіндегі нақты тақырыппен жұмыс жасау, ал дипломдық жұмыспен 2-3 жыл аралығындағы оқу бітіруші студенттерге өздері зерттейтін мәселенің тек теориялық жағымен танысып қоймай, сондай-ақ практикалық жағын ұштастырып, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістерін меңгеруі өте маңызды.
Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысқа дағдыландырылғаның көрсететін СӨЖ-дың келесі күрделі түрі курстық жұмыс. Курстық жұмыс (Сourse work) – жекелеген оқу пәндерінен студенттің белгілі бір тақырып бойынша танымдық қабілеттерін дамытатын өздігінен орындайтын шығармашылық ғылыми-зерттеу жұмысы «Курстық» деп атауы нақты бір курсқа байланысты білім алу дегенді білдіреді. Курстық жұмыстар әртүрлі пәндерден жазылып, білім алушылардың білімі, білігі мен дағдылары бағаланады.
Курстық жұмыс1 жыл ішінде немесе бір семестр ішінде орындалады. Оқу жоспары бойынша кейбір факультеттерде курстық жұмысты педагогикадан жазу қарастырылған.
Курстық жұмысты орындау зерттеу әдістері мен формаларын меңгеру, педагогикалық әрекетке қызығушылығын ояту, педагогикалық үрдісті көру және талдау қабілеттерін қалыптастырады.
Курстық жұмыстың тапсырмалары:

  • студенттердің психологиялық және педагогикалық мәселелері бойынша білімінің кеңеюі;

  • студенттің педагогикалық тапсырмаларды шешуге шығармашылық дағдының қалыптасуы, оқу орыны сараманындағы және өзінің жұмыс қорытындыларын бағалау қабілеттігі;

  • студенттің теориялық білімдерін практикада қолдана алуы, алдыңғы педагогикалық тәжірибені талдау, педагогикалық практикадағы жеке тәжірибесі педагогикалық үрдістегі заңдылықтары мен негіздері орын алып отырады.

Курстық жұмыс психологиялық-педагогикалық және әдістемелік мәселелер бойынша білімді жүйелеуге, қорытындылауға, кеңейтуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет