Лекция Ағаш конструкциялары туралы тарихи шолу. Ағаш және пластмасс конструкциялардың түрлері мен қасиеттері



бет3/23
Дата25.11.2023
өлшемі3,58 Mb.
#126359
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Ағаш жоңқалы тақталарын(ПС және ПТ) синтетикалық шәуірмен жоңқаларды қысыммен ыстық пресстеу арқылы алады.
Тақталарды бір немесе екі жағынан ағаш шпонымен, фанерамен, қағазбен, пленкамен қаптайды. Сыртқы тақталардың механикалық көрсеткіштері жоғары болып келеді, сырты жазық және түрі жақсы болып келеді.
Ағаш жоңқалы тақталарды жиһаз жасауда қолданады, төбелерді бекітуде, қабырғаларды өңдеуде және дерелерде де қолданады.
Ағаш талшықты тақталарды (ДВП) сортты емес ағаш қалдықтарынан жасайды, оларды жоңқаларға езіп талшықты материалға дейін жеткізеді. 5% синтетикалық суға төзімді шәуірді қосу арқылы қатты тақталарды алады, ал 10%-ке дейін жеткізгенде аса қатты тақталарды алады.
Қабырғаларды, ара жабын және жабындарды жылыту, дыбыс изоляциясы және өңдеуде, есік жасауда қолданады.
Шыны пластиктар деп аса берікті бетті материал, байланыстырғыш ретінде синтетикалық шәуірлерді, ал толтырғыш ретінде шыны талшықтары, шыны маталары болып келетін материалды айтады. Бұл талшықтар шыны пластиктарын берік етеді.
Құрылыста шыны пластиктар өзінің беріктігі үшін аса көп таралған, сонымен қатар, олардың сызықтық тығыздығы аз, жақсы электро-, жылу-, және дыбыс изоляция сипаттарына ие, гигроскоптік көрсеткіші аз және химиялық төзімді материал болып табылады.
Құрылыста қоршау конструкцияларында (қабырға және төбе панельдерінде), санитарлы-техникалық бұйымдарда, декоративті қаптау материалдарында, бетон консрукцияларының дерелерінде қолданады.
Лекция 3. Ағаш және пластмасс конструкциялар жұмысын біліп, созылуға, иілуге, ортадан және ортадан тыс сығылуға есептеулерді жүргізу. Шіруге және өрт кауіпсіздік шаралары.

  1. Ағаш құрылымы.

  2. Ағаштағы ылғал.

  3. Физика-механикалық сипаттамалар.

  4. Ылғал мен температураның беріктікке әсері.

  5. Ағаштың иілуге, созылуға, сығылуға және жаншылуға жұмысы.

  6. Ағаштың ұзақ мерзімді кедергісі.

  7. Құрылыс фанерасы.

  8. Ағашты оттан және шіруден қорғау шаралары.

  9. Конструкциялы пластмассалардың негізгі түрлері және қасиеттері.

1 ТМД елдеріндегі ормандар 750 млн га жерді алып жатыр, ағаш қоры 82 млрд м3. Қазақстанда 47% орман ресурстары ШҚО-да шоғырланған.
Қылқан жапырақты ағаштар көп бөлігін құрайды: - 37%, қарағай – 19%, шырша мен самырсын – 20%, кедр – 8%, қайың – 13%.
Ағаштың артықшылықтары:

  • Жоғарғы салыстырмалы беріктік;

  • Химиялық төзімділік;

  • Қалпына келгіштік;

  • Аз жылу өткізгіштік;

  • Жақсы акустикалық сипаттамалар;

  • Ұзақ мерзімділік;

  • Өндірістік артықшылықтар;

  • Сәулеттік артықшылықтар;

Кемшіліктері:

  • Отқа төзімсіз;

  • Биологиялық ақаулықтар;

  • Гигроскопия, кебу және ісіну;

  • Құрылымының бірқалыпсыздығы (анизотропия және ақаулықтар: бұтақтар және т.б.);

Ағаш құрылыс конструкциялары көбінесе қылқан жапырақты ағаштардан жасалады, сондықтан тек қана қылқан жапырақты ағаштың құрылымымен танысумен шектелеміз, ол жапырақты ағаштардан қарапайымдылығымен және бірқалыптылығымен ерекшеленеді.

Сурет 13,1. Діңгектің басты қималары (а); құрылымы (б)
Бүкіл ағаш (ішкі аймақ), екі әртүрлі түсті бөліктен тұрады: қаралау жағы ядро д.а., ал ақшыл жағы шел қабық д.а. Уақыт өткен сайын ядро бөлігі өседі, яғни шел қабық ядроға айнала бастайды. Ағаштың үстіңгі жағында шел қабық көбейе бастайды.
Көлденең қимада шоғырлану сақиналары орналасқан. Әрбір сақина бір жылды білдіреді.
Ағаштар құбыр-талшық құрылымды болады, олар талшықтардан тұрады. Қылқан жапырақтыларда олар трахеидтер д.а. Олар діңгек бойымен орналасқан, сондықтан оның беріктігі бойлық бағытта және бұрыштық бағытта әртүрлі болады. Бұл жағдай механикалық анизотропия д.а.. Мысалы, ағаш беріктігі бойлық бағытта созу кезінде σв0=1000 кг/см2; көлденең бағыттаσв90=50 кгс/см2.
Анизотропия дәрежесі n= σв0/ σв90=20.
2 Ағаштағы ылғал еркін (капилярлы) және байланған (гигроскопиялық) болып бөлінеді. Байланған ылғал жасушалы қабықтарды толтырады, оның үлесі 0 ден 30%-қа дейін. Байланған ылғалдың максималды мәні гигроскопиялық шек д.а. және 30%-ті құрайды. Ылғалдың әрі қарай толуы еркін ылғал әсерінен болады, ол кеуектерді толтырады.
Еркін ылғалдың мөлшері ағаш көлеміне әсер етпейді. Байланған ылғалдың төмендеуі кебуге әкеп соғады (көлем кішіреуі), ылғалдың көбеюі көлемнің үлкеюіне әкеледі, (ісіну). Ағаш неғұрлым тығыз болғанда ісіну мен кебу мөлшері де көп болады. Ісіну мен кебу ішкі кернеудің пайда болуына әкеп соғады, сондықтан ірі бұйымдарда (бөренелерде)кебу сызаттары пайда болады, ал жіңішке бұйымдарда (тақтай) бүрісу орын алады (сурет 13,2).

Сурет 13,2. Ағаштың кебу кезінде деформациясы.
Бүрісуді жою үшін кептірудің тиімді жолдары табылған, табиғи және жасанды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет