Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары



бет18/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
2. Құрылыс шынысының жалпы қасиеті және оны өндірудің негізі.
Шыны дегеніміз басқа құрылыс материалдарына тән емес, әртүрлі қасиеттердің жинағы бар зат. Шынының көптен ерекшелінетін морттығы мен сәуле өткізетін қасиеттері бар.
Шынының механикалық қасиеттері көптеген факторларға байланысты: құрамына, жылумен өңдеу тәртібіне, қырларының жағдайына және үлгілердің өлшемдеріне. Шынының қысқандағы беріктігі, басқа да тасты заттардай едәуір жоғары – 7000-1000 МПа, ал созылғандағы беріктігі 15-20 рет аз – 30-60 МПа. Бірақта шыныны көп жағдайда, майысу мен созылуға жұмыс істейтін жұқа табақтар күйінде пайдаланатынын ескере отырып, оның механикалық қасиеттерін анықтайтын көрсеткіш ретінде, шынының созылғандағы беріктігін қабылдайды.
Кәдімгі силикатты шынылар сәуленің барлық көрінетін және инфрақызыл бөліктерін жақсы өткізеді де, ультракүлгін сәулелерін өткізбейді. Шынының химиялық құрамы мен түсін өзгерту арқылы, оның әртүрлі сәуле жиынтығынан сәуле өткізу қабілетін реттеуге болады. Кәдімгі терезе шынысының сәуле мөлдірлігі 83-90.
Силикат шынысы балқығыш және фосфор қышқылынан басқа, көптеген агрессивті агентердің әсеріне жоғары төзім көрсетеді. Шынының химиялық төзімділігі оның құрамы мен құрлысына байланысты. шыныда 25 көп бос кремнезем бар. Құрылыс шынысының құрамы төмендегіше (): SiO2 = 72; Al2O3 = 2, Na2O = 15; CaO =6,5; MgO = 4. Шыныға әр түрлі қасиет беретін басқа да қосындылар енеді.
Шыны алу үшін пайдаланатын шикізаттарды негізгі және қосымша деп екіге бөлуге болады. Негізгі деп ең басты компоненттерді, ал қосымша деп шынының балқуын жеделдететін және шыныға арнайы қасиет беретін қоспаларды айтады.
Кремнеземді (SiO2) кварцты құмды, ұнтақталған кварцт немесе құмдақ түрінде қосады. Кремнеземді шикізатта қосындылар мүмкін болғанша аз болғаны жөн, әсіресе шынының сәуле өтетін қасиетін күшті нашарлататын темір тотықтарының болмауын тежейтін негізгі талаптар бар. Кремнезем шыны құрайтын және оның төзімділігі мен баяу балқығыштығын өсіретін негізгі тотық.
Глинозем (Al2O3) шикізат қосындысына дала шпаты мен каолин түрінде өндіріледі, оның шыны қасиеттеріне әсеріне ұқсас. Na2O шынының балқу температурасын төмендетеді де, температуралық ұлғаю коэффициентін өсіреді, химиялық төзімдігігін төмендетеді.
Кальций мен магний тотықтарын (CaO мен MgO) шынының шикізатына, бор, мәрмәр, әк тас, доломит және магнезит түрінде қосады. Аталған тотықтар шынының химиялық төзімділігін арттырады. Одан басқа шынының шикізатына бор ангидридін қосады. Ол шынының пісуін тездетеді, температуралық және химиялық төзімділігін өсіреді. Арнаулы шыныларға қорғасынның, барийдің, мырыштың тотықтарын қосады. Шынының қасиеттерін өзгертулеріне орай қосымша шикізаттар мынадай топтарға бөлінеді: жарықтандырғыштар – шыны массасынан газ көпіршіктерінің бөлінуіне де демеу болады (натрий мен аммонидің сульфаты, ерігіш шпат); түссіздендіргіштер – шыны массасын түссіздендіреді; сөндіргіштер – шыныны күңгірт етіп бояйтын және мөлдірлігін төмендететін заттар.
Шыныға қосылатын бояулар, шыны массасында толығынан еріп кететін, молекулалары шыны массасында біркелкі бөлініп шашылып жатқан, өте майда коллоидты бөлшектер болуы мүмкін. Біріншісіне кобальттың (көк), хромның (жасыл көк), марганецтің (күлгін), темірдің (қоңыр және көк, жасыл көк) ал екіншісіне металды алтын (қызыл күрең), күмісті (сары), селен (күлгін қызыл) жатады.
Шыныны пісірер алдында шикі заттарды ұнтақтайды, керекті қатынаста ұқыпты түрде араластырады да, шыны балқылатын пешке салады. Кәдімгі шыныны тәуліктік қуаттылығы 200 тоннадан көп, пайдалы көлемі 600 м3-қа дейінгі үздіксіз жұмыс істейтін ванналы пештерде алынады. Арнаулы шыныларды пісіру үшін (оптикалық, түсті т.б.) үздіксіз істейтін ванналы немесе балшықты пештерді пайдаланады.
Шыныны пісіру – шыны өндірісіндегі ең басты операция. Осы басты процестің шыныға айналдыратын бірінші сатысында – 1000-12000С балқитын силикат қосындысы пайда болады; бұл сілтілі компоненттердің кремнеземмен әрекеттесуінің қорытындысы. Осы балқыманы одан әрі қыздырған кезде SiO2 және Al2O3 сияқты баяу балқитын компонентері ериді. Бұл ретте пайда болған масса құрамы жөнінен бірыңғай емес және газ көпіршіктерімен қаныққан.
Балқыманы көбіксіздендіру мен толық бірыңғайлау, шыны пісірудегі ең ұзақ кезеңі – шыны алу сатысындағы 1400-16000С температура түзіледі. Үшінші қорытындылау кезеңінде, берілген әдіспен шыны өңдеудің керекті тұтқырлығына жететіндей етіп шыны массаны салқындатады.
Өңдеу әдісі (қалыптау) бұйымның түріне байланысты. Құрылыс шынысын алу үшін соруды, сығымдауды және жазып ысуды пайдаланады.
Шыныны салқындатқанда, оның жылуды нашар өткізуінің салдарынан, ішкі кернеулік, пайда болуына себеп болатын температураның үлкен айырмашылығы пайда болады. осы көзқараспен қарағанда шынының тұтқыр пластикалық жағдайынан, морттық жағдайға ауысқандағы кезеңі өте қауіпті деп саналады. Сондықтан шыныдағы ішкі кернеулерді құрту үшін, оларды қалыптап болған соң, арнайы тәртіппен жасытады (жайлап салқындатады) масса қатаюының басталуына дейін жылдам, өте қауіпті температура аралығында (600-3000С) өте баяу, одан әрі кәдімгі температураға дейін қайтадан жылдам салқындатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет