Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары



бет1/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
Лекция курылыс материалдары-3


МАЗМҰНЫ

Лекция 1. Құрылыс материалдарының түрлері Оларды классификациялау.


Лекция 2. Құрылыс материалдардың негізгі қасиеттері.
Лекция 3. Табиғи тау материалдар және құрылыс материалдарын өндіруге арналған тау жыныстарынан алынатын шикізаттық материалдар.
Лекция 4. Минералдық шикізатты термиялық өңдеумен алынатын материалдар
Лекция 5. Шыны және минералдық балқымалар негізінде алынатын материалдар. Металл материалдар
Лекция 6. Бейорганикалық байланыстырғыш заттар
Лекция 7. Бейорганикалық байланыстырғыш заттар
Лекция 8. Гидравликалық байланыстырғыш заттар.
Лекция 9. Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары.
Лекция 10. Жеңіл бетондар
Лекция 11. Силикат материалдар мен бұйымдар.
Лекция 12. Органикалық шикізат негізінде алынатын құрылыс материалдары.
Лекция 13. Арнайы тағайындалуы бар құрылыс материалдары
Лекция 14. Жылуизоляциялық және акустикалық материалдар.
Лекция 15. Әрлеулік материалдар.

Лекция 1
Құрылыс материалдарының түрлері Оларды классификациялау Құрылыс материалдары - құрылыстың негізі

Материалдарға жұмсалған шығын құрылыс пен құрастырмалы жұмыстың барлық құнының жартысынан көбін және өндірістегі күрделі қаражаттың үштен бірін құрастырады. Құрылыс материалдар өндірісі өте мол түрдегі шикізатты қазып алу, тасымалдау мен өңдеуге байланысты. Тек ТМД елдері бойынша 12 миллиард тоннадан көп. Тек минералды шикізаттарға ғана теміржол көлігі жалпы тасымалданған жүктің 25%, ал РФ бойынша өзенмен тасымалданған жүктің 57% тиеді. Іс жүзінде материал салмағының азаюы, көлік ысырабын азайтуға, конструкцияларды ірілендіруге, еңбек өнімділігі мен құрылыс құндылығын азайтуға мүмкіндік туғызады. Құрылыс материалға жұмсалған қаражатты әрбір процентке азайтудың өзі жыл сайын 400 млн Ресей сомын немесе 1780 млн Қазақстан тенгесін үнемдеуге мүмкіндік жасайды.


Құрылыс материалдар курсында студенттер тиімді құрылымдағы материалдарды алудың негізін, білім алудағы ең жоғарғы шектегі құрылыс материалдарының қасиеттерін таңдап алу мен оларды дұрыс қолданудың шарттарын анықтау, тасымалдау, сақтау, құрастыру мен төсеу сияқты қасиеттеріне көңіл бөледі.
Оқулықтың елеулі түрдегі әдістемелік ерекшеліктері – оларда өмірге қөзқарасты аспекталардағы элементтердің болуында. Белгілі идея мен философияның алдыңғы қатарлы табиғи қөзқарасының алдағы туралы және оған сүйенетін техникалық-ғылымның бағыты, осы заманғы ғылым-техникалық өзгерістердің дамуына ерекше мағына берді. Сондықтан жеке техникалық сұрақтардың қысқа түрдегі жағдайлары келтірілген. Олар осы заманғы диалектиканы, алдыңғы қатарлы табиғи тану түсінігімен байланыстырып және оған сүйенетін ғылымның осы заманғы ғылыми-техникалық революциясының талабына мақсат беруіне қарағанда, оның маңыздылығы өте жоғары. Сондықтан осы заманғы диалектиканы басшылыққа ала отырып және техникалық құрылыстық сұрақтарды қарастырғанда материалдар технологиясының дамуындағы кейбір заңдылықтарды ашуға қол жетеді. Мұндай жағдайда құрылыстың материал танудағы күрделі ғылыми-техникалық сұрақтарды шешуге себтігін тигізеді.
1928-1940 жылдардың өзінде құрылыс материалдар өндірісі елеулі түрде дами бастады, жұмыс істеп тұрған мекемелер қайта жабдықталып, тұтқырлы заттар, кірпіш, шыны, рубероид, асбестцементті және басқада бұйымдар өндіретін бір қатар заводтар мен цехтар салына бастады, іске қосылды. Құрылыс материалдар өндірісінің тез дамуы үшін соғыстан кейінгі кезеңде құрылыс бағытындағы сұрақтарды таңдауда үкімет қабылдаған шешімдердің маңызы зор. Ондай тиімді құрылыс материалдарын жеңіл құрылысты және үлкен өлшемді бұйымдар мен конструкцияларды завод жағдайында жоғарғы дәрежелі дайындалуын, индустрияализация деңгейін қамтамасыз ету, материал сыйымдылығын азайту, сондай-ақ құрылыс құндылығын арзандату сияқты маңызды бағыттар қарастырылды.
Осының салдарынан бұрынғы Одақ көлемінде өте маңызды құрылыс материалдарын өндіруге бет бұрыс басталды. Тек 1962 жылдың өзінде ТМД елдері цементті өндіруі жағынан АҚШ мемлекетінен озып алға шықты, ал құрастырмалы темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын, асбестцементті табақтар мен құбырлы бұйымдар, терезе шынысын өндіру жағынан дүниежүзілік масштабта бірінші орынға шықты. Кейінгі жылдары құрылыс материалдар өндірісіндегі әрбір жаңа бағыттың дамуына нақтылы жоспарлар белгіленді және қаражат қарастырылды.
Күрделі қаражаттың негізгі мақсаты, оны индустриализация негізінде құрылыстағы керекті ірі конструкциялар мен бұйымдарын завод жағдайында орындалатын етіп бағыттау. Құрылыстар мен объекталардың жағдайындағы жұмыстың үздіксіз процесстегі шегенді механизациялау мен автоматтандыруға ауыстыру болып табылады. Осыған орай үйқұрылыс мекемелері мен ауылдық құрылыс комбинаттар, сондай-ақ алдыңғы қатарлы жергілікті құрылыс конструкциялары мен бұйым өндіретін мекемелер дами бастады.
Осы заманғы құрылыста әмбебапты және ұзақ тұратын құрастырмалы темірбетон көбейді. Оның көлемі 1980 жылдары 121 млн м3 шекке жетті, ал сапалы материал көрсеткіштері – массасын азайту мен бетонды полимермен және басқада материалдармен біріктіру бағытындағы технология жетілдіретін болады. Құрылыс материалдар өндірісінде аз энергиялы технологияларға және отын-энергия қорларын үнемдеуге алдын ала жол беріледі. Сондықтан тиімді жылудоғарғыш материалдарының өндірісін елеулі түрде көбейтеді. Онымен қатар көтеріңкі теориялық кедергісі бар, сыртқы қабырғаға керекті құрастырмалы темірбетон бұйымдары қарастырылады. Қоршаған ортаны қорғау мен отын энергетикалық қорларды үнемдеуде қалдықсыз құрылыс материалдар өндірісі өте маңызды бағыт.
Қосымша өндіріс қалдықтарын – металлургиялық шлактар, жылу энергетикасының күлдері мен шламдарын тұтқыр затқа, бетонның жеңіл толтырғыштарына және жеңілдоғарғыш материалдарға айналдыру және басқада шегенді өндірудің жолдары қарастырылған.
Полимерлі құрылыс материалдары мен бұйымдар өндірісі өте жылдам дамуда, әсіресе шыны пластиктен алынған тиімді жеңіл конструкциялар, еден үшін полимерлі материалдар, санитарлы-техникалық жабдықтар, пластмассалы құбырлы өткізгіштер, жылудоғарғыш және лакты-бояулы материалдар жөнінде ақпараттар бар.
Оқу құралында олардан басқа желімделген ағаш конструкциялардың, тиімді шынылы бұйымдар, керамика, асбестцементті заттарының қасиеттері қарастырылған.
Оқулықта құрылыс материалдар бойынша ғылым мен техника бағытындағы көп жетістіктер аталып өткен және материалдың ішкі мен сыртқы құрылысы мен қасиеттері арасындағы байланыстық туралы оқулық бағыт келтірілген. Қрылыс материалдарының қасиеттерін осы заманғы химиялық әдіспен дәлелденгені келтірілген. Бетон құрылысының теориялық дамуы, заңдылықтың физикалық мағнасы, беріктік пен әсіресе деформациялық қасиеттерін мағналы түсіндіруге мүмкіндік тудырады, басты өткізгіштік пен аязға төзімділік сияқты басты факторларды түсіндіреді. Осы теориялық негізде бетонға арнайы қасиеттер беруге, оның ішінде бетонның полимермен бірге істеуі және дисперсті қаңқалау және т.б. бағыттар қарастырылған.
Қазақстанның даму тарихында құрылыс материалдар мен бұйымдар өндірісінің мекемелері, құрылыстың ірі сапасына бағытталған, олардың механикалық және автоматтандырылған мекемелері бар, белгілі квалификациядағы мамандар шоғырланған, орасан зор ірі ғылыми базаларға айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет