Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған



бет28/73
Дата04.10.2022
өлшемі7,76 Mb.
#41359
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73
Байланысты:
Ботаника лекция

60-сурет. Тамыр жүйесінің типтері: А-кіндіктамыр жүйесі; Б-қосалқы тамырлар жүйесі; В-аралас тамырлар жүйесі: 1- гипокотиль.

Суда және батпақта өсетін өсімдіктердің тамыр жүйесі үлкен болмайды.


Құрғақ жерде өсетін өсімдіктердің (мысалы шөлейттің немесе шөлдің) тамыр жүйесі аса жақсы жетілген болады. Мысалы, богарада (суғарылмайтын жерде) егілген бидайдың жерасты бөлігінің салмағы (массасы) жер бетінің салмағынан 140 есе артық болады. Формасы жағынан тамыр жүйесі кіндік тамырлы болады, бұл жағдайда кіндік тамырдың өсі басқалардан мөлшері жағынан айқын басым болып келеді (бұршақ тұқымдастарда); шашақ тамырлар жүйесі, бұл көптеген мөлшері жағынан бірдей тамырлардан тұрады (астық тұқымдастардың тамырлары). Бұтақталған тамырлар жүйесі, бұл жағдайда қосалқы тамырлармен жанама тамырдың бірінші қатары, жуандығы және ұзындығы жағынан кіндік тамырдан көп кіші бола бермейді (ағаштарда).


ТАМЫРДЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
Тамыр ұшының кұрылысы. Тамырдың ұзына бойында оның анатомиялық құрылысы бірдей болмағандықтан, оның әр түрлі бөлімдері бірыңғай қызмет атқармайды. Әдетте жас тамыр ұшының ананатомиялық құрылысынзерттеу барысында оның төрт аймақтан (зонадан): бөліну, өсу (немесе созылу), copy, өткізу және тамыр оймақшасынан тұратыны анықталған.
Тұқымды өсімдіктердің ұрық тамыршасының меристемалык жасушалары өсу барысында әр түрлі ұлпаларға жіктеледі. Тамырдың бой конусы меристемалық кұрылысын сақтап, тамырдың оң геотропизм бағытында терендеп өсуін қамтамасыз етеді. Өсу барысында тамыр топырақтың қатты бөлшектерімен жанасады. Тамырдың бой конусын механикалық зақымданудан сақтайтын ерекше паренхималық ұлпа жасушаларынан тұратын тамыр оймақшасы жауып тұрады (51-сурет, 1). Тамыр оймақшасы борпылдақ орналасқан тірі паренхималық жасушалардан тұрады. Ол жасушалардың сыртқы қабаттары тез ескіріп, топырақтың қатты бөліктерімен жанасқан кезде түлеп түсіп отырады. Олардың орнын жаңадан жетілетін жас жасушалар басады. Тамыр оймақшасының әсіресе сыртқы жасушаларында көп мөлшерде крахмал дәндері жиналады. Құрылық өсімдіктерінің барлығының тамыр ұшында тамыр оймақшасы болады, ал суда өсетін өсімдіктерде тамыр оймақшасының орнына оймақшаға ұқсас тамыр қалташасы жетіледі. Тұқымды өсімдіктердің көбіңде әсіресе дара жарнақтылар тамырының ұшында калиптроген деп аталатын тамыр оймақшасының меристемасы болады. Соңғы деректерге қарағанда, калиптроген гормондарды (ауксиндер) синтездеп, тамырдың өсуіне әсер етеді.
Тамыр оймақшасының ішкі жағында жасушалардың бөліну аймағы (зона) жатыр (51-сурет, 4). Тамырдың барлық ұлпалары меристемадан тұратын бөліну аймағынан пайда болады. Инициалды жасушалардың саны әр түрлі. Папоротник тәрізділерде апикальды меристема бір инициалды жасушадан тұрса, ал ашық тұқымдылар мен жабық тұқымдыларда олардың саны молайып, кейде топтанын үш қабат түзіп жатады. Бөліну аймағында меристемалық ұлпаның үш қабаты түзіледі. Сыртқы қабат — дерматоген, ортаңғысы — периблема, ішкісі — плерома. Дерматогеннен (протодерма) тамырдың алғашқы жабындық ұлпасы эпиблема немесе ризодерма және тамыр оймақшасы, периблемадан алғашқы қабық, плеромадан орталық цилиндр қалыптасады. Бөліну аймағынан жоғары жасушалардың өсу (со­зылу) аймағы орналасады (51-сурет, 5). Бұл аймақтағы жасуша­лардың пішіні алғашқы кезде изодиаметрлі, созылып өсудің нәтижесінде цилиндр тәрізді пішінге ие болады. Жасуша ішінде вакуольдер санының артуына орай олардың көлемі де ұлғаяды.
Бұдан жоғары орналасқан copy аймағын, кейде жасушалардың мамандану аймағы деп те аталады. Өйткені, мұнда жасуша­лар жіктеліп, өзгеріске ұшырап, олардан. әр түрлі ұлпалар пай­да болады (51-сурет, 6). Copy аймағында жетілетін тамыр түктері арқылы өсімдіктер өзі өсіп тұрған ортасынан суда және онда еріген минераддық заттарды қабылдайды.
Тамыр ұшының эпиблемасының сабақ пен жапырақ эпидермасынан айырмасы - мұнда жасуша қабықшасы жұқалығынан, устьицелер мен кутикулалар болмайды және суды оңай өткізеді.
Тамырдың copy аймағында эпиблеманың әрбір жасушасы бір жасушалы тамыр түгін жасауға қабілетгі. Тамыр түктері шағын аймақта, әрбір шаршы миллиметрге бірнеше жүзден, сирек жағдайда екі мыңға дейін келеді. Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі. Ұзындығы 1 см-ге жететін ұзын түктер қант кызылшасы, аскабақ өскіндерінде кездеседі, астықта 0,75-тен 2 мм-ге дейін болады. Тамыр түктерінің жасуша қабықшасы целлюлозалы, вакуолі ірі, цитоплазмасы қабықшасын астарлай орналасады. Түктер түзетін эпиблеманың беті өсімдіктердің жапырағы сияқты кутикуламен емес, топырақ түйіршіктерін түктерге жабыстыратын шараналы заттармен жабылады. Та­мыр түктері су және батпақты жерде өсетін батпақ қалтагүлінде (Caltha palustris), тұңғиықта (Nymphaea) және т. б. болмайды. Тамыр түктерінің тіршілігі 10—20 күннен аспайды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет