Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған



бет30/73
Дата04.10.2022
өлшемі7,76 Mb.
#41359
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73
Байланысты:
Ботаника лекция

53 - с ур е т. Эндодерма
А-эндодерма дамуының алғашқы (бірінші) кезені: Б-Каспари белбеуі түйісуінің көлемдік схемасы; В-эндодерма дамуының үшінші кезеңі. 1-ксилема. 2-перицикл; 3-эндодерма; 4-өткізгіш клегпсалар; 5-Каспари белбеуі; 6-цитоплазма.

Алғашқы кезеңіңде жасушаларының радиальды және көлденең қабырғалары қалыңдайды. Егер бұл қалындаудан көдденең кесінді жүргізсек, олардың пішіні нүкте тәрізді болып көрінеді. Ол Каспари дақтары деп аталады. Басқа бағытгағы кесінділер қалыңдаулардың жасушаны шеңбер жасап қоршап жататындығын көрсетеді. Сондықтан ол Каспари белбеуі деп аталады. Көрші жасушалардың белбеулері бір-бірімен жалғасып, орталық цилиндрді қоршап жатады. Химиялық талдаудың нәтижесі Каспари белбеуінде суберинге ұқсас заттың жиналатының және сүректену жүретінін көрсетгі.


Эндодерма дамуының алғашқы кезеңі плаундардан басқа өсімдіктердің тамырынан табылған. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің көбінде эндодерманың алғашқы кезеңі тіршілігінің соңына дейін сақталады. Соған қарамастан өсімдіктердің басым көпшілігінде эндодерма құрылысының екінші кезеңі байқалады. Овда эндодерманың барлық жасуша қабырғаларының ішкі бетіне суберин сіңеді.
Дара жарнақтылардың және қос жарнақтылардың көбінде тамырларына екінші рет қалыңдау тән емес, сондыктан мұнда эндодерма дамуының үшінші кезеңі байқалады. Бұл кезенде жасушалардың барлық кабырғасы қатты қалыңдайды және сүректенеді тек сырт жаққа (мезодермаға) қараған қабырғалары ғана салыстырмалы түрде жұқа қалпында қалады.
Эндодерманың жоғарыда сипатталған құрылымыңың мәні өте үлкен. Өйткені Каспари белбеуі арқылы қоректік затгар қабықтан орталық цилиндрге өтеді, ал цилиндрден қабыкқа қарай өте алмайды. Заттардың эндодерма жасушаларының тірі бөлігі (протопласт) арқылы ғана өтуі мүмкін.
Бұл кезеңде де эндодерма қабатының арасында кейбір жасушалардың қабықшасы қалыңдамайды. Олар өткізгіш жасушалар деп аталады. Өткізгіш жасушалардың саны орталық цилиндрдегі ксилема сәулелерінің санына сәйкес келеді және олар осы сәулелерге қарсы орналасады. Эндодермадан заттардың өтуін өткізгіш жасушалар қамтамасыз етеді.
Орталық цилиндр негізінен түтікшелер мен сүзгілі түтіктерден тұратындықтан, оны түтікшелі цилиндр немесе стель деп атайды. Стель плеромадан пайда болады және тамырдың қабық бөлімінен меристемалық жасушалардың перицикл деп аталатын қабаты аркылы бөлінеді. Перициклден ішке қарай про­камбий жасушалары жатады, олардан алғашқы өткізгіш ұлпалар пайда болады. Перицикл жасушаларының бөлінуінен жанама тамырлар өсіп шығады, сондықтан бұл перикамбий деп те аталады. Перицикл камбийдің және феллогеннің пайда болуына да қатынасады. Жабық тұқымдыларда перицикл саны, әдетте, бірқатар. Кейбір дара жарнақтыларда (агава, драцена), қос жарнақтыларда (тал, таудаған, талшын және т. б.), сол сияқты астық тұқымдастарда перицикл көп қабатты. Су өсімдіктері мен паразитті тіршілік ететін өсімдіктерде перицикл болмайды. Грек жаңғағы, қияқтар және бірсыпыра астықтарда көп қабатты және үзілмелі, ксилема сәулелерінің қарсысына да орналасады. Тұт ағашында да көп қабатты, үзілмелі, флоэма сәулелерінің қарсысында орналасады. Кейбір кездерде перицикл қор жинаушы және бөліп шығарушы ұлпалардың қызметін аткарады. Күрделі гүлділердің кейбір түрлерінде пе­рицикл жасушаларында сүтті шырын жиналады.
Флоэма элементтері бөліну аймағына таяу жерде ксилемадан бұрын пайда бола бастайды. Алғашқы сүзгілі түтіктер серік жасушаларынсыз перицикл маңайында пайда болып, протофлоэманы түзеді. Флоэманың одан кейінгі элементтері тамырдың ортасына таяу қалыптасады және метафлоэманы түзеді. Протофлоэма мен метафлоэма екеуі бірге алғашқы флоэма деп аталады. Флоэманың ксилемадан бұрын пайда болуы протофлоэма арқылы тамырдың төбе меристемасына, оның тіршілік әрекеттері үшін қажетті қоректік заттардың жеткізілуіне байланысты.
Ксилема флоэмадан кейін пайда болады. Оның алғашқы элементтері (протоксилема) тамырдың созылу аймағында қалыптасады әрі сақиналы, серіппелі түтіктерден тұрады. Про­токсилема перициклге таяу жерде пайда болып, оның жасушалар тобы флоэманың жасушаларының тобымен кезектесіп ор­наласады. Ксилеманың келесі элементтері (метаксилема) та­мырдың ортасына таман қалыптасып, торлы немесе поралы түтіктерден тұрады.
Сонымен, флоэма мен ксилема тамырдың шетінен ортасына қарай, яғни экзархты (грекше «экзо»-сырт жағынан, «ар-хайос»-көне, ескі) қалыптасады. Ксилема даму барысында флоэманы басып озып, тамырдың ортасын алып жатады. Та­мырдың алғашкы анатомиялық құрылысында ксилема радиус бойлай сәулеленіп, ал флоэма жасушаларының тобы сол сәулелердің арасында орналасады. Ксилема сәулелерінің саны екеу және одан көп болуы мүмкін. Бұлардың саны тұрақты емес, бір өсімдіктің өзінде оның негізгі тамыры және жанама тамырлардың арасында айырма бар. Бір сәулелі шоқ монархты, екі сәулелі шоқ диархты, үш сәулелі шоқ триархты, төрт сәулелі шоқ тетрархты, одан ары қарай пентархты, гексархты және т. б. болып жіктеледі. Моноархты шоқтар өте сирек, кейбір папоротник тәрізділерде, гүлді есімдіктерден су жаңғағында ғана белгілі. Диархты ксилема жиі кездеседі, мысалы, шомыр, қызылша, сәбіз жемтамырларында бар. Бес және жеті сәулелі ксилема алма, алмұрт және т. б. тамырында, алты сәулелі астық тұқымдастарыңда кездеседі. Пальмаларда жүз және одан да артық сәулелер байқалады.
Жанама тамырлардың пайда болуы перицикл жасушаларының бөлінуінен басталады. Перициклдің, әсіресе ксилема сәулелерінің қарсысындағы жасушалары қарқынды бөлінеді. Жанама тамырлардың мұндай бастамасы сәбізге және басқа да көптеген өсімдіктерге тән. Астықтар тұқымдасында жанама тамырлар флоэма сәулелерінің қарсысындағы жасушалардан басталады. Жанама тамырлар эндогенді жолмен басталып, қабықты жарып, сыртқа шығады. Жанама тамырларды қалыптастыратын перицикл жасушалары радиальды және тангенциальды бағытта бөлінеді. Осының нәтижесінде орталық цилиндрдің беткейінде жанама тамырлардың бой конусының негізі меристемалық төмпешік пайда болады. Төмпешіктің сырт жағындағы эндодерма жасушаларының бөлінуі жанама тамырлардың қалыптасуымен қатар жүреді. Эндодерма белбеуі кеңейеді де жанама тамырдың меристемалық төмпешігінің ұлғаюына жол ашады. Одан әрі эндодермаңың бұл бөлігі тамыр ұшының барлық құрылымыңың қалыптасып, тамыр қалташасы деп аталатын орынға айналады. Жанама тамырдың бой конусының ұшында (апекс) тамыр оймақшасы пайда болады. Жанама тамыр өсу барысында эндодермалық тамыр қалташасы арқылы қабықтың паренхималық жасушаларын ерітетін заттар бөліп те дамиды деген пікір бар.
Гистологиялық элементтердің жіктелуі барысында жанама тамырдың ұшындағы жаңа ұлпалар өзі пайда болған тамырдың біртектес ұлпаларымен жалғасады. Мысалы, жанама тамырдың ксилемасы өзінен бастамасын алған тамырдың ксилемасымен, флоэмасы оның флоэмасымен, паренхимасы өзінің паренхимасымен жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет