Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция



Pdf көрінісі
бет51/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   113
 
№2 семинар 
Тақырыбы:
Мен және менің мотивациям 
Жоспар: 
1. Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы 
2. Мотивтер және қажеттіліктер. 
3. Мотив түрлері. Жетекші мотив. 
4.Тұлғаның мотивациялық сфераның бұзылуымен байланысты еңбек тиімділігінің 
төмендеуі 


1.Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы 
Еңбек мотивациясы
– бұл жұмысшылар мен жұмысшылар тобын олардың жеке 
қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы кәсіпорынның мақсаттарына қол жеткізу 
әрекетіне ынталандыру. 
Мотив (ниет)
– жұмысшының түрлі жағдайларда өзінің мінез-құлқын түсіндіру 
және негіздеу тәсілі. 
Мотивтер мынадай еңбек жағдайларына байланысты: 

мамандық немесе жұмыс орнын таңдау жағдайы; 

белгілі бір мамандық бойынша нақты кәсіпорындағы күнделікті жұмыс дау-
жанжал жағдайы; 

жұмыс орнының өзгеруі немесе кәсіптің ауысуы жағдайлары; 

еңбек әрекетішарттарының маңызды өзгерістерімен байланысқан инновациялық 
жағдай. 
Еңбектің тәртібі ( жөн-жосығы ) мынадай мотивтерді сипаттайды: 

қамтамасыз ету мотивтері – жұмысшының және оның отбасының жағдайының 
жақсы , жайлы болуы үшін қажетті материалдық жабдықтар жиынтығымен 
байланысты; материалдық қызығушылыққа негізделген, жалақыны бағытқа алған; 

бейімділік мотиві – жұмысшының еңбек әрекеті процесіндегі ықтималды 
мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ұмтылуы; 

абырой мотиві – жұмысшылардың әлеуметтік мақсатын жүзеге асыруға, қоғамдық 
маңызды әрекеттерге қатысуға ұмтылуы. 
Мотивацияның негізгі рычагтары: 

ынталандыру – еңбекақы; 

мотивтер – адамның ішкі қалыптасуы: 
Еңбекке деген қарым-қатынас былай анықталады: 

адамның құндылықтарының жүйесімен; 

кәсіпорында құрылған еңбек шарттарымен; 

қолдануға болатын стимулдармен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет