Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция


Ерік және тұлға. Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы



Pdf көрінісі
бет61/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   113
2.Ерік және тұлға. Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы. 
Ерік
– бұл адамның өз мінез-құлқын саналы реттеу қабілеті, өзінің барлық күшін 
қойылған мақсатқа жетуге бағыттау. 
Ерік 
– іс - әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы. Іс - 
әрекетті орындау тұлғаның іс - әрекет элементтерін ұйымдастыруы және басқаруы болып 
табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару. Еріктік іс - әрекет тұлға 
қасиеттерімен (өмірлік тілекпен, ұмтылыстармен, сенімдермен және т.б.), іс - әрекеттің 
мазмұнымен, өмірлік жағдайлармен детерминантталған. 
Ерік – іс -
әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы. Іс - 
әрекетті орындау тұлғаның іс - әрекет элементтерін ұйымдастыруы және басқаруы болып 
табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару. Еріктік іс - әрекет тұлға 
қасиеттерімен (өмірлік тілекпен, ұмтылыстармен, сенімдермен және т.б.), іс - әрекеттің 
мазмұнымен, өмірлік жағдайлармен детерминантталған. 
Ерікті әрекеттер мен амалдар мәнісі мен құрылымы жағынан өте күрделі процесс. 
Немесе ерікті амал, бұл – мазмұны тұрғысынан өте күрделі психикалық әрекет. Бұл әрекет 
бірнеше кезеңдерден не сатылардан тұрады. Сол сатылардың ретін мынандай сызбамен 
көрсетуге болады. 
Нағыз ерікті әрекет адамның алға қойған мақсатына жету үшін белгілі тоқтамға 
келіп, шешім қабылдауынан көрінеді. Бұл да жауапты кезең.
Е
рік
– қайратының күшеюі талпыну тек шешім қабылдау барысында ғана емес, оны 
орындау кезінде де әртүрлі ауытқу мен уайымға ұшыратуы мүмкін. Бұл ретте сыртқы 
кедергілерді жою қажет болады. Алға қойған мақсатқа жету үшін адам өз мінезіндегі
бұрыннан қалыптасқан мүддесін сенімін, өзін-өзі бағалай білуін, ерік-қайрат қасиеттерін 


талдап, оларға бақылау жүргізе білу керек. Мұндай әрекет адамның еркін білдіретін 
психологиялық сапа болып табылады. 
Адамның еркі сонымен мақсат қоюдан басталады. Мәселен, орта мектепті бітіретін 
оқушының арнаулы оқу орнына түсуге талабы бар дейік. оқушының бұл мақсаты алдына 
қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы себеп болады. Кез келген адамнан «сен 
не үшін оқисың?» деп сұрасаң, оның нендей болса да бір дәлел айтатыны түсінікті. 
Адам осылай өзінің келешекте белгілі бағытта істейтін ісінің мәнін, жоспарын 
белгілейді. Мұны еріктік амалдың бастамасы – тілек немесе ниет деп атайды. Тілек – 
келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. Мәселен, «газетке мақала жазсам», «өзенге барып 
шомылсам», «домбыра тартып үйренсем», т.б. деген сөйлемдерде адамның түрлі тілегі 
бейнеленген. Бұларда белгілі бір қажетті өтеу көзделген, бірақ оны орындау жолдары әлі 
де болса көмескі, яғни оның жоспары сызылмаған. Дегемен осы секілді тілектерде еріктік 
амалға тән талғамалық сипат бар. Ал талғау ниетке ой әрекетінің араласуын қажет етеді. 
Ой тезіне салу арқылы адам өзіне қажетсіз тілектерді тежейді де, қажеттілерін орындау 
үшін тиісті жоспар сызып, амал-айла,әдіс қарастырады. Соңғы жағдай ғана адамның 
тілегін, нақтылы кесімді түрге келтіреді. 
Іс -әрекетті ұйымдастыру мен реттеудегі оқу және еңбектің маңызы зор. Балаларды 
еріктің дамуында қиындықтарды жеңумен байланысты ойындарды ұйымдастыру өте 
маңызды. Еріктік әрекеттерді орындау, тұжырымдарды қалыптастыру, тұрақты 
қызығушылықтар мен сезімдер орнығуы, оқушылардың білімі мен дағдылары үшін 
ойластырылған қолдау -ерікті қалыптастыру шарты. 
Тұлға
— жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын 
ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын 
ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді 
қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар 
жүйесіне енгізудің жемісі. 
Тұлға философиялық тұрғыда адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның рухани-
адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Психология 
тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын, психо-физиология ерекшеліктерін 
зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік 
қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық 
ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар 
тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым 
салаларының зерттеу нәтижелерінің өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр 
ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық мағына сыйғызады. 
Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық 
ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені 
адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз 
бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен 
айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды 
тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола 
бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі 
істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға 
дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын 
жоғары ұстауынан байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет