Германия ғалымы Э. Мейманның пікірінше, еріктік әрекеттердің барлығы ақыл-ой,
интеллекпен байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады, яғни ерік адамның
мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды дейді. Ал З.Фрейдпен
оның шәкірттерінің тұжырымдары бойынша ерік санадан тыс, ақылдан алшақ «либидо»
жыныстық құмарлықтың энергиясы деп қарастырады. Мен бұл пікірді мүлдем
қолдамаймын. Себебі ерік саналы әрекеттен туындайды, адам ақыл-ой арқылы ойлап,
қандай да бір әрекетті мақсат қою арқылы жүзеге асырмай ма?
Біз жоғырыда айтып кеткендей ерік әрекеті сонымен қатар түрлі амал кезеңдерден
тұратынын білдік. Ерік пайда болу үшін, ең алдымен, оны тудыратын себеп, түрткілер
болу керек. Бұлар адмның мұқтаждықтарынан туындайды. Кісінің күн көруі, тіршілік ету
үшін оған өзінің табиғи және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыру керек. Ол мақсат
қоюдан басталады. Ал мақсат адам мұқтаждықтарын өтеу үшін пайда болып отырады.
Қорыта айтқанда амал кезеңдері мынадай сатылардан өтіп отырады. Алдымен адам мақсат
қойып соған жетуге ұмтылады. Мақсатқа жету барысында түрлі мүмкіншіліктерді түсіну
қажет. Осыдан келіп түрлі ниет-тілектер пайда болады. Ниет-тілектер арасында өзара
тартыс болып, қалау туындайды. Қалау мүмкіншіліктерін пайдалана отырып адам бір
тоқтамға келіп, ақыр соңында шешім қабылдайды. Міне, сонда ғана адамның қалауы
толығымен орындалып, мақсаты жүзеге асады.
Еріктік әрекет себептері сонымен адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынаста
келуінен туындайды. Еріктің себепті болуы адамды қандай да қылыққа мәжбүрлеп,
көндіруді білдірмейді. Адам табиғатынан қоршаған орта жағдайлары болмай, өз өмірін
қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерік бостандығы – табиғат пен қоғамның
жалпыланған заңдылықтарын терістеу емес, керісінше, адамның оларды жете танып, өз
әрекетін соларға сай реттестіре білу.
Достарыңызбен бөлісу: