Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция



Pdf көрінісі
бет70/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   113
№7 семинар 
Тақырыбы:
Өмірдің мәні мен кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы. 
Жоспар:
1.
Кәсіби және жеке жетістік психологиясы 
2.
Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар 
3.
Кәсіби өсуге кедергілер, оларды болдырмау және жеңу жолдары. 
Кәсіби және жеке жетістік психологиясы. 
Кез келген саналы адам өмірде табысқа, 
жетістікке жеткісі келеді. Оның орындалуын көксеп, іштей алдына үлкен-үлкен мақсаттар 
қойып, соған жету үшін бар күшін салады. Әрине, көздеген мақсатқа бірден жете қою 
мүмкін емес. Жолыңызда небір кедергілер кездесетіні сөзсіз. Алайда жетістік адам 
баласына 
бақыт 
сезімін 
сыйлайды. 
Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатын бір мақсатқа бағыттау, сол мақсатқа 
жету. Қандай да бір істі тындырымды да тыңғылықты істеу де өз алдына жетістік. 
Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған 
арман-жетістіктің нақ өзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам өмірде соншалықты бақыт 
табады. Адамның шаттыққа оранып, құмарлана өмірден ләззәт алатын, қуанышқа бөленіп, 
рахаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету жолдарының бірі – осынау жетістік. 
Жетістікке ұмтылғанда адамға тұлғалық қасиеттермен бірге даралық ерекшеліктері 
және ерік сапаларының да әсері мол. Егер бастаған ісін аяғына дейін жеткізсе, 
қиындықтанқа мойынсынбай, шыдамдылық, табандылық танытатын болса міндетті түрде 


кез келген іс-әрекетте жетістікке жете алады. Жалпы жетістікке жету мотивациясы 
теориясында табандылық 1958 жылдан бастап арнайы зерттеудің обектісі болып табылды.
 
Х. Хекхаузен, М. Уинтерботт, Э. Френч, Ф. Томас және басқа ғалымдардың 
еңбектерінде жетістікке жету мотивациясы табандылықпен тығыз байланыста екенін 
көрсеткен. Х. Хекхаузеннің ойынша, табандылық мотивация сапасы және күшіне 
байланысты болатын құбылыс деп санады. Бұл сұрақтарды зерттеу жоғары сынып 
оқушыларына, студенттерге және ересек адамдарға жүргізілді. М.В. Матюхина және Т.А. 
Саблина еңбектерінде жетістікке жету мотивациясының қалыптасу және зерттеу 
мәселесіне байланысты сұрақтарды кіші мектеп жасында қарастыру қажеттігін негіздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет