Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция



Pdf көрінісі
бет68/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   113
Жеке 
тұлғаның 
құндылық 
бағдарлары
-жеке 
тұлға
 ажырата 
алатын, 
өмірдің
 
мақсаты
 және оған жету үшін 
қажетті
 негізгі құралдар ретінде керекті 
және 
осыған 
байланысты 
индивидтің 
әлеуметтік 
мінез-
құлқын
 реттейтін 
маңызды
 функциясы бар әлеуметтік құндылықтар. 
Құндылық
-белгілі бір заттың маңыздылығы, керектігі. Сырттай құндылық зат не 
құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы 
табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам 
оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. 
Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның 
айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады. 


Мысалға, стақан сусын ішу құралы ретінде өз пайдалы қасиетін тұтынушы құндылығы 
ретінде, материалдық игілік ретінде көрсетеді. Еңбек өнімі және тауар айналымының заты 
ретінде, стақан экономикалық құндылық, бағалық ретінде болады. Егер стақан өнер заты 
болса, ол тағы да эстетикалық құндылық, көркемдікке ие болады. 
Қызығушылық әлеуметтік белсенділіктің жетекші мотиві . Мінез-құлықпен орнату. 
Мотивация психология ғылымында жеке тұлғаның дамуындағы мінез-құлқы мен 
іс-әрекеті, әрекеттегі белсенділігін реттейтін фак- тор ретінде қарастырылады. Ал жеке 
тұлға іс-әрекеттің қай түрі болмасын, оның мотивациялық ерекшеліктерін ескермей, 
әлеуметтік психологиялық тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. 
Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер 
мен заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу 
керек. Қазіргі кез- дегі психология ғылымы мотив, мотивация ұғымдарына әртүрлі 
анықтамалар береді. Сондықтан бұл ұғымдарды бірегей анықтау белгілі ғылыми мәселе 
болып табылады. Кейбір авторлар (В.В. Юрчук, М. Кордуэлл) мотив ұғымы арқылы 
психикалық құбылысты сипаттаса ал басқалары (А.К. Маркова, В.И. Ковалев) жеке 
тұлғаның қылықтары мен ісәрекетті таңдау себептерін түсіндіреді. Сонымен қатар, 
мотивация қызметі адамды қандай да бір күшке итермелеуші, қозғалмалы күштердің 
жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Бұл күштер адамның ішкі және сыртқы жағында 
орналасады және оны саналы немесе саналы еемес кейбір іс-әрекеттерге итермелейді. 
Осыған байланысты іс-әрекет түрткісі мен адамның реакциясы өмірлік тәжірибеге, 
тәрбиеге, эмоциялық күйіне байланысты адамдар бірдей әрекетке әртүрлі қабылдауы 
мүмкін. Сондықтан мотвацияның нақты анықтамасын беру керек: «Мотивация - бұл 
жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалынан өз қажеттіліктерін 
қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету процесі». 
Мотивацияның күші оның құрылымында және оқыту мотивациясының жетекшілігінде, 
кәсіби құзіреттілікті кәсіби меңгерілуінде. Студенттерді оқыту қызметінде міндетті түрде 
мотивтік құрылымды білу керек, ол жұмысты түзету әдістерінде, позитивті оқыту 
мотивациясын көтермелеуде, оқыту процесінің нәтижелілігінде көрініс табады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет