Лекция Лекцияның тақырыбы: Көркем шығарманың тілі. Поэтикалық тіл Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Студенттерге әдеби-теориялық ұғымдар жайлы түсінік беру. Лекцияның мазмұны


Символ (грекше – symbolon – нысана, бейне, белгі)



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата03.11.2022
өлшемі470,41 Kb.
#47186
түріЛекция
1   2   3
Символ (грекше – symbolon – нысана, бейне, белгі). Горькийдің
«Дауылпаз туралы жыры» дауылды қарсы алуға ұмтылған, дауылдан да екпіні 
қаттырақ құсты суреттейді.
Осы сықылды образ, тура өз мағынасында емес, бейнелеу мағынасында
айтылса символдық образ немесе символ деп аталады. 
Троптың бір түрі – кекесін, яки ирония (грекше); тағы бір түрі – мысқыл, яки 
сарказм (грекше).
Троптың бір түрі – ұлғайту, яки гипербола (грекше); тағы бір түрі – кішірейту, яки 
литота (грекше). 


Литота (грекше – litotes - қарапайымдық).Образды сөздің бір түрі -
литота. Әсірелеу әр нәрсенің екі жағы тәрізді. Екеуінің айырмасы: әсірелеу бір
құбылысты өте үлкейте суреттесе, литота бір құбылысты өте кішірейтіп суреттейді. 
Әсірелеу мен литотаны кейбір әдебиетшілер троптың бір түрі деп қарайды. Ал 
кейбір әдебиетшілер көркем тілдің ерекше бір түрі деп біледі. Шындығында, осы 
соңғы пікір шындыққа жақын. Өйткені троптың қай түрін алсақ та, сөз өз 
мағынасында емес, ауыстыру, алмастырып айту мағынасында қолданылады. 
Әсірелеуде өмір құбылысы, қимыл, іс-әрекет, көрсетпек нәрсе қаншама үлкейтіліп 
айтылғанмен де, сөз өз мағынасында қолданылады. Зат, іс-амал, құбылыстар не өте 
үлкейтіледі, не өте кішірейтіледі. Бірақ өзінің бұрынғы мағынасынан 
ауыстырылмайды. 
Әсірелеу де, литота да өмір құбылысын суреттеудегі көркем тілдердің негізгі бір 
түрі есебінде бұрынғы және соңғы әдебиетімізден де орын алады. Бірақ ауыз 
әдебиетінде, әсіресе эпомтық поэмаларда, көп кездеседі  
А.Байтұрсынов тіл көрнекілігіне жету үшін түрлі әдістер қолданылатынын айта 
келіп, зерттеуші ол әдістерді айқындау (эпитет), ауыстыру (метафора), теңеу (екі түрлі), 
бейнелеу, ауысу, кейіптеу, әсірелеу, меңзеу деп бөлген. 
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, сызба–кестелер 
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, проблемалық, сұрақ – 
жауап, түсіндіру, сабақ жоспарына сәйкес оқу пәнiнiң нақты сұрақтарын талқылау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет