Адам Смит – шотландық экономист, философ- этик, қазiргi экономикалық теорияның негізін қалаушылардың бірі. Шотландиялық кеден қызметкері отбасында дүниеге келген. Глазгомен Оксфорд университеттерінде білім алған. Глазго ун-тінде адамгершілік философиясының (шындығында қоғамдық ғылым) проф., өмірінің соңғы жылдары Эдинбургте ірі кеден қызметкері болды. “Адамгершілік сезімдер теориясы” (1759) және “Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу” (1776) атты күрделі кітаптар жазған.
Адам Смиттің ғылыми теорияларының негiзі болып, адамға үш жақтан қарау болды:
Адам Смит – бұл өзінің «Исследование о природе богатства народов» атты еңбегінің арқасында экономиканың атасы атанған шотландық экономист(1776). Политэкономияның ағылшындық классикалық мектебінің көрнекті өкілі болып табылады. Осы бағыттың негізгі идеясы болып, байлық физиократтар ойлағандай тек қана ауыл шаруашылығын жүргізу кезінде ғана емес, экономиканың кез келген саласында өндіріс жүргізу арқылы пайда болады. Адам Смит қоғамдағы ең басты нәрсе – бұл еңбекті салалар бойынша бөлу, ал әр саланы операцияларға бөлу деп санаған. Адам Смит
Адам Смиттің еңбектері әр түрлі болған, сондықтан болар, экономикадағы қарама-қарсы бағыттардың арғы атасы атанған:
1) Еңбектің политэкономиясы ( қоғамды мүлдем қарам-қарсы қызығушылықтарға байланысты бөлу, пайданың капитализм кезіндегі эксплуататорлық пайда болуы) ( Карл Маркс);
2) Экономикс ( « көрінбейтін қолдың» принципі, экономикалық либерализм, бақталастық)