Лекция мақсаты мен міндеті: Философияның қоғамдағы алатын рөлін түсіндіру



бет25/36
Дата14.10.2023
өлшемі0,72 Mb.
#115094
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
Қолданбалы өнер Көркем шығармашылықтың ең ежелгі және қазіргі күні де дамып отырған түрлерінің бірі- қолданбалы өнер. Қолданбалы өнер түындылары өзінің қайталанбас индивидуалдылығымен ерекше көзге түседі. Бұл оны жаратушы- суретшінің, қолөнершінің бүкіл тұлғасы мен талантын сақтап қалатын уникалды туындылар.
Сәулет өнері. (архитектура). Адам еңбек құралын даярлауды үйренгеннен кейін, енді оның тұрағы үңгір немесе ұя емес, эстетикалық кейіпке келген мақсатты құрылыс болды. Құрылыс сәулет өнеріні айналады. Архитектура-адамның тұрғын үйге және қоғамдық орынға деген қажеттілігін өтеуге негізделген ғимараттар мен құрылыстарды салу барысында шындықтың сұлу заңы бойынша қалыптасуы.
Кескіндеу өнері. Кескіндеу өнердің ең ежелгі түрлерінің біріне жатады. Қазіргі түсінігінде жазудың бір түрі ретінде қарастырылады. Өзінің не істегенін жазуға талпыну, графикалық түрде көрсетуге ұмтылу адамға әуел бастан-ақ тән.
Мүсін өнері. Мүсін өнері-құбылыстардың өмірлік бейнесін бере алатын, матеиалдарда таңбаланатын, әлемді пластикалық образдар арқылы игеретін кеңістіктік –бейнелеуші өнер. Адам –мүсін өнерінің жалғыз болмағынымен, ең басты обьекті.
Әдебиет. Әдебиет әлемді көркем сөзбен игереді. Оның саласына табиғи және қоғамдық құбылыстар, ірі әлеуметтік катализмдер, халық бұқарасының қозғалыстары, тұлғаның рухани өмірі, сезімдері енеді. Барлық адамзаттық тілмен байланысты және тілге қатысты барша нәрсе адамға тән.
Театр — әлемді драмалық әрекет арқылы көркемдік тұрғыда игеретін, оны актерлер көрерменнің көз алдында жүзеге асыратын өнер түрі. Театрдың негізі-драматургия. Сонымен қатар ол өз құрамына кескіндеме, мүсін өнерін, кейде сәулет, сән өнерін, кейде кино, музыка, би өнерлерін де енгізеді. Театр өнерінің синтетикалылығы оның ұжымдық сипатымен анықталады: спектакльде драматургтың, суретшінің, сазгердің, актердің шығармашылық күш-жігерлері біріктіріледі.Театрдағы көркемдік бейненің «құрылыс материалы»-тірі адам, актер. Драмтург пен режиссердің ойы актер ақылы жүзеге асады.
Өнерде образ өзінің жеке қасиетінде көпшіліктің белгісі мен сапасын білдіреді.
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады.
Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстыратын болсақ, онда біз олардың бір-бірімен біршама көп ұқсас жақтарын ашуымызға болады. Менің ойымша философияға қанша тұлға атсалысса, соншалықты философияның түрлері бар. Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін қайталамайды, ол жерде өнерпаздың дүниеге деген тұлғалық, сезімдік қарым-қатынасы өзгеше болып көрініп тұрады. Шынайы философиялық шығармалар көркемөнердегі ұлы туындылар сияқты, адамның жүрегінде, ой өрісінде өшпес із қалдырады,оның жан дүниесін ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық сезім билейді. Философияны өнерге жақындығы – Дүниенің біртұтастығын көрсету, ішке және сыртқа қарай шексіз Дүниенің суретін жасау – философия саласындағы ең қиын істің бірі. Өйткені Дүние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Олай болса, тек қана ғылыми жолмен шексіз Дүниені шектелген білім арқылы біртұтас ретінде суреттеу мүмкін емес.Ал, бірақ адамның жүрегінде Дүниені толығынан түсіну ұмтылысы ешқашанда бітпес іңкәр болып қала береді де, әртүрлі Дүние суретін тудырады. Ол үшін философ өзінің Дүниесуретін ғылыми деректер жетіспеген жағдайда қиял арқылы толықтырады, сезім толқындарымен бояйды. Олай болса, философия өзін тудырған мифологиядан толығынан бөліне алмайды. Философия мен көркемөнердің бір-біріне жақындығын, бір-біріне өтіп жатқанын айқын көрсететін нәрсе – тарихтағы ұлы тұлғалардың шығармалары. Оған Платонның «Диалогтарын», нақыл сөздерін, Ницшенің афоризмдерін, Камюдің эсселерін жатқызуға болады, өйткені олардың философиялық мазмұны көркем сөзбен берілген. Ал Абайдың өлеңдері мен Әуезовтың романдарында Достаевский, Толстой сияқты орыстың ғұлама жазушыларының шығармаларында терең философиялық сыр жатыр
Әдіснамалық қызметі ғылым философиясы саласына сәйкес, барлық ғылымдарға жолбасшылық жасап, жалпы бағдарларды, зерттеу әдістері мен әдіснамаларын жинақтап бере алады және ол ғылымдар осы бағдарлардан айнымай өзіндік зерттеу бағыттарын тиянақтайды. Мәселен, герменевтика, феноменология, структурализм сынды философиялық бағыттар қазіргі таңда көптеген ғылымдардың жалпы зерттеу әдіснамаларын құрайды.
Рационалды жүйелеу- философия адам тәжірибесін теориялық деңгейде тұжырымдайды, ғылыми емес, қарапайым бақылаулардың және ғылыми танымның нәтижелерін философиялық деңгейде қорытып-сараптайды, оларды белгілі бір жүйеге келтіреді.
Сыни- философиялық ұғымдар мен категорияларды, заңдарды игеру, философия тарихымен, оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу, олардың ілімдерін зерттеу адамның өз өміріне, қызметіне, қоғамдағы орнына тереңірек үңілуге, сыни тұрғыдан талдауға үйретеді.
Гуманистік-тәрбиелік- философия адамды дүниедегі ең басты құндылық деп таниды және негізінен руханияттық пен адамгершілікті басшылыққа алады.Орта Азия халықтарының ежелгі және орта ғасыр кезеңіндегі музыкалық мәдениетінің тек қана тәжірибе жүзінде ғана емес, ғылыми жетістіктерге қол жеткізді. Наво, парда, рах, кавлхусрави және сол секілді кәсіптік музыканың ежелгі түрлері алғашқы фольклорлы синкретизмнен алшақтап, негізгі музыкалық бастама ретінде қалыптаса бастады.
Орта Азия халықтарының исламға дейінгі кезеңіндегі музыка ғылымы жөнінде жазылған толық жеткен мәліметтер аз болғанымен, өнердің бұл түрі белгілі бір деңгейге дейін көтерілгені туралы дәлелдер бар. Беруни: « Араб әскер басы Кутейба ибн Муслим хорезмдік жазушыларды өлтіріп, көптеген кітаптары мен еңбектерін өртеп,хорезмдіктерді жазуға тыйым салған. Мүмкін олар үшін бұл тиімді болған шығар»,-деп айтқан
Арабтардың алғашқы династиялары Омейядтар мен Аббасидтер кезінде музыка жөнінде музыка саласын жетік меңгерген устадтар араб тілінде жазып қалдырған. Атап айтсақ, Мансур залзал , Якя әл-Макки, Ибрахим Маусили , Исхак маусили, сонымен қатар аджамнан араб емес халық шыққан белгілі теоретиктер болды. Орта Азия елдері де өздерінің мәдени дәстүрінің дамуына, соның ішінде музыкаға улкен мән берді.
Орта және Таяу Шығыс елдеріндегі музыка ғылымының негізін салушылардың бірі — Әбу Насыр әл-Фараби. Өз заманының көрнекті тұлғасының бірі және ғылымның әр түрлі саласының дамуына улес қосқан ғалым.
Сонымен, философияда өнер көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты –дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материалдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің: көркем әдебиет, музыка, мүсін, кескіндеме, театр, кино, би, сәулет өнері, т.б. түрлері бар.
Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі, ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ.. Өмір жайлы: «табиғатқа еліктеу», «Құдайды тану», «шындықты бейнелеу», « сезім тілі», т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен саңқырлылығына сай оның мән-маңызың тек танымдық немесе идеалдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар Өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оны эмоционалды күйіне интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдини тәжірибесін, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер-туындысы адам сезіміне қозғау салумен берге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззатқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміз жүйесі арқылы айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамным көркем шығармасының әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлар ретінде таратылады.
Бірақ, қалай дегенде де, философияның әртүрлі жақтарын бір-бірінен ажыратып бөлек алуға болмайды. Философия – біртұтас ерекше Дүниеге деген көзқарастық білім. Философия – адамзат мәдениетінің өзегі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет