Сөж Тақырыбы: Педагогикалық өнер Орындаған: Бақытжанқызы Алтынай Топ



бет1/3
Дата12.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#100640
  1   2   3

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті

Филология және көптілді білім беру институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
6В01701-қазақ тілі мен әдебиеті


Сөж
Тақырыбы: Педагогикалық өнер
Орындаған: Бақытжанқызы Алтынай
Топ: 305
Қабылдаған: Кудабаева К.И


Философиялық өнер

Философияда өнер көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты –дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материалдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің: көркем әдебиет, музыка, мүсін, кескіндеме, театр, кино, би, сәулет өнері, т.б. түрлері бар.


Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі, ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ.. Өмір жайлы: «табиғатқа еліктеу», «Құдайды тану», «шындықты бейнелеу», « сезім тілі», т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен саңқырлылығына сай оның мән-маңызың тек танымдық немесе идеалдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар Өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оны эмоционалды күйіне интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдини тәжірибесін, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер-туындысы адам сезіміне қозғау салумен берге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззатқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміз жүйесі арқылы айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамным көркем шығармасының әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлар ретінде таратылады.
Бірақ, қалай дегенде де, философияның әртүрлі жақтарын бір-бірінен ажыратып бөлек алуға болмайды. Философия – біртұтас ерекше Дүниеге деген көзқарастық білім. Философия – адамзат мәдениетінің өзегі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет