Лекция мақсаты Салықтардың экономикалық мәні. Салықтар мен салық салудың құрылу негіздерін түсіну. Лекция сұрақтары



бет90/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#15009
түріЛекция
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90
ГЛОССАРИЙ


Акциздер

Тауардың құнына кіретін және сатып алушымен төленетін салықтың түрі.

Мемлекеттік төлемдер

Мемлекеттік органдарға және өкілетті органдарға заңды негізді іс-әрекеттер үшін төленетін міндетті төлем.

Салық салу бірлігі

Салық есептеуінде қолданылатын салық объектісінің өлшеуші бірлігі (1 тенге, 1 га, 1 метр)

Корпоративті табыс салығы

Бұл тікелей салықтың бір түрі; бұл салықты Ұлттық банк және мемлекеттік ұйымдардан басқа барлық  қызмет жүргізуші резидент және резидент емес заңды тұлғалар төлейді. 

Жанама салықтар

Бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне байланыссыз салықтар. Бұл салықтарға:қосылған құнға салынатын салықтар, акциздік салықтар, сыртқы экономикалық қызметтерге салынатын салықтар (кедендік төлемдер мен экспортқа және импортқа салынатын салықтар) жатады

Қосылған құнға салық

Бұл жанама салықтың бір түрі болып табылады. Кәсіпорынның өнім өндіру айналымының жалпы көлемінен алынып, бюджетке аударылатын салықтың түрін айтамыз.

Салық базасы

Салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар  және басқада міндетті төлемдердің  сомасы анықталады.

Үстеме пайда салығы

Салық кодексінде бекітілген нормативтен жоғары алынатын табысқа салынатын салық.

Салық жеңілдіктері

Заңға сәйкес салық төлеушінің жартылай немесе толықтай  салық төлеуден босатылуы.

Салық салу минимумы

Салық төлеуден босатылатын салық төлеушілердің аз бөлігі. 

Салық мөлшерлемесі

Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын береді.

Салықтық үлес (квота)

Салық төлеушінің табысынан алынатын пайыз түріндегі салық мөлшерлемесі.

Салықпұл

Субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы.

Салықтық режим

Бюджетке салық пен басқада төлемдерді төлеуде қолданылатын салық заңдылығының нормаларының жинтығы.

Салық міндетемесі

Салық заңдылығына сәйкес орын алатын салық төлеушінің мемлекет алдындағы салық органында арнайы салық тіркеушінің тіркеуінен өтуі, салық салу объектісін анықтауы, мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да төлемдерді төлеуі туралы міндеттемесі.

Салық кезеңі

Жеке салықтар мен басқа да міндеттемелерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі.

Салық жүйесі

Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру меналудың нысандары мен әдістерінің салық қызметі органдарының жиынтығы

Салықтар

Белгілі бір көлемде, белгілі бір уақытқа сәйкес алынатынмемлекетпен бекітілетін міндетті төлемдер.

Салық салуды ұйымдастыру

Салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын  сандай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс қимылдың тәсілдерін біріктіретін салық механизімін құру мен жүзеге асыру үрдісі.

Төлемақылар

Жер учаскелерін, су қорын және т.б. табиғи қорларды пайланғаны үшін және қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін ақшалай төлем.

Төлемдер

Заңды және жеке тұлғалардың  мемлекеттік органдардың  оларға көрсететін қызметтері үшін төленетін міндетті төлемдерін айтады. Төлемдердің тіркеуге арналған, кедендік, соттық, пошталық, мүрагерлік, патенттік, биржалық және т.б. түрлері бар.

Роялти

Пайдалы қазбаларды игеруге  төленетін төлем түрі.

Арнайы салық режимі

Салық төлеушілердің жекеленген санаттарына – шағын бизнес субъектлері, шаруа қожалықтары, заңды тұлғалар –ауыл шаруашылығ өнімін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін  белгіленетін  және салық төлеудің оңайлатылған  тәртібін қолдануды көздейтін  бюджетпен есеп-айырысудың ерекше  тәртібі

Алымдар

Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік органдарға тіркеуге алғандары үшін және қозғалмалы мүлікке иелік ету куәлігі үшін төлейтін міндетті төлемінің түрі.

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет