Лекция тақырыбы: Қадырғали Жалайырдың «Жамиғ ат-тауарих» шығармасының тілі


Жалаиридің шежіресі — ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата29.11.2022
өлшемі489,03 Kb.
#53614
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жалаиридің шежіресі — ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи 
шығарма 
Шежіре қазақ тілінде алғаш 1989, одан соң 1991, 1997 жылдары жарық көрді. 
Сөйтіп, Қадырғали Жалаири шығармасы шым-шырғасы шықпай оқырман қолына тиді. 
Жазбаның бас жағы Борис Годунов патшаға мадақ, орта тұсы Рашид-ад-Дин 
шежіресінің ықшам баяны, аяғы Орыс хан мен Оразмұхаммед аралығындағы оқиғаларды 
қамтыған Шыңғыс ұрпақтарының тарихы. Жалаири шежіресі Рашид-ад-Дин жазбасының 
көшірмесі емес. Көлемі шағын, бірақ тың тараулары бар жеке тарихи жазба [5; 248]. 
Жалаиридің бұл еңбекті жазудағы негізгі мақсаты — өз әміршісі Шыңғысхан ұрпағы 
— Ондан сұлтанның баласы Оразмұхаммедтің хан тағына лайық екенін дәлелдеу. Екінші 
бір мақсат: «...Патша Борис Федоровичтің мәңгі әділдігін, ақтығын айту және тағы жоғары 
мәртебелі Оразмұхаммед ханды жоғары мәртебелі патшаның құрметпен хандыққа 
отырғызғанын көрсету үшін жазылды» (Березин И.Н. Библиотека восточных источников. 
Тю 1. — Казань, 1854). 
Кітаптың негізгі бөлімі XII ғасырдан XVI ғасырға дейінгі қазақ жеріндегі оқиғаға 
арналған. Автор: «Ертедегі оқиғаларды парсы тіліндегі «Шыңғыс-Зададан» қазақшаға 
аудардым. Ал одан кейінгі оқиғаларды Аллаһтың қуатының арқасында өзімнің 
зерттеуімше жаздым» деген. Бұған қарағанда кітаптың бірінші бөліміндегі баяндалған 
оқиғалар Рашид-ад-Диннің белгілі «Жамиғ ат- Тауарих» атты парсы тіліндегі еңбегінен 
қазақ тіліне аударылған да, ал екінші бөліміндегі оқиғалар — қазақтың XVI ғасырдағы 
тарихына байланысты жазған беттері — бірінші қазақ тарихшысының өз қаламынан 
шыққан. Қазақтың орта ғасырдағы тарихымен шұғылданушылар үшін тың мағлұмат 
беретін өте бағалы бөлімі — осы Қадырғалидың өзі жинап, өзі зерттеген, көзімен көріп, 
заманның куәгері болған дәуірі — XVI ғасыр [4; 90, 91]. 
«Жылнамалар жинағының» екінші бөлімінде: 
Ғалым XVI ғасырдың басынан бергі қазақ хандықтарының ішкі, сыртқы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет