Лекция тақырыбы: Қадырғали Жалайырдың «Жамиғ ат-тауарих» шығармасының тілі



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата29.11.2022
өлшемі489,03 Kb.
#53614
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
LJYSYXHEYFDV28112022142831



№5 лекция тақырыбы: Қадырғали Жалайырдың «Жамиғ ат-тауарих» шығармасының 
тілі 
 
Лекцияның оқыту нәтижелері: Қадырғали Жалайырдың «Жамиғ ат-тауарих» 
шығармасы туралы біледі; 2. Шығарма тілінің лексикалық және грамматикалық қабаты 
туралы түсіндіреді; 3. ХҮ-ХҮІІ ғасырлардан қалған қазақ хандарының, тархандарының
жарлықтары мен әр алуан іс-қағаздарының тіліне талдау жасайды. 

Лекцияның мазмұны: 
Қадырғали би Қосымұлы–маман тарихшы емес,ол –қазақтың хан әулетінен 
тарийтын Ондан Сұлтанның баласы Орахмұхаммедтің ақылшы, кеңесшісі, сол кездің 
теминімен айтсақ, қарашасы.Оразмұхаммедпен Мәскеуде отырып, Сұлтанды »Ығына 
алған»,оған Қасым хандығын сұйырғал етіп сыйға тартқан.Иықты орыс патшалығының 
әміршісі–Борис Годуновқа «еруліге қарулы ретінде»сыйға сый, сыраға бал» етіп жазба 
дүние таруды ойлайды. Шежіресінің негізі етіп атақты парсы тарихшысы Рашид ад-
диннің «Жами
,
ат-тауарих» атты кітабынан Шыңғыс ханның арғы-бергі тарихына 
қатысты материалдарды алады. Қадырғали шежіресінің құрылымын үш бөліктен тұрады 
деуге болады: 1-шартты түрде «Мадақ сөз» немесе «Арнау сөз» деп атауға болатынбөлік. 
Бұл – осы шығарманың « айналасы алты хан, төңірегі төрт хан, дүниенің төрт бұрышын 
билеген, дүйім хрестиян падишасы атты жақсы – Борис ханға», Борис Годуновқа тарту 
екенін айтып, оны мадақтау. Мадақ сөз – Қадырғалидың өз төл тумасы. 2 – бөлігі 
Шыңғыс ханның арғы – бергі шежіресі, ол Рашид ад – дин материалдарының түркі (ескі 
қазақ) тілінде баяндалуы немесе еркін аудармасы. 3 – бөлігі «Алла тағалла жәрдем беріп»,
естіген-білгенінен, оқып-тоқығанынан өзі теріп жазғандары. Олар шежіренің соң 
жағындағы «Урус хан дастаны», «Тоқтамыш хан дастаны», «Темүр Құтлу хан дастаны», 
«Хажы Керей хан дастаны», «Едіге би дастаны», «Оразмұхамет хан дастаны» сияқты 
материалдар. ХҮІ ғасырдағы қазақ жазба әдеби тілінің лексикалық сипатын қысқаша 
былайша көрсетуге болады: сөздік қазынаның негізгі қыпшақтық (қазақтық), ішінара 
оғұз сөзерімен көне ұйғыр элементтері қолданылса, ол - әдеби тіл дәстүрінің 
жалғастылық, іліктестік принципіне қарай болған құбылыс, дәстүр жалғастылығы 
ортағасырлық түркі жазба тілдерінің барлығына тән заңдылықтардың бірі болды; араб, 
парсы тілдерінен алып қолданылған лексикалық қабат мол болды, олардың бір тобы 
халақ тіліне енген кірме сөздер болса, екінші тобы көпшілік қолданысында жоқ, бірақ сол 
кездердегі мұсылманша сауатты оқырмандар үшін жат болып көрінбейтін (өйткені олар 
араб және парсы тілдерін жақсы меңгергендер болатын) сөздер құрайды. Бұл да орта 
ғасырлық түркі жазба дүниелеріне тән лексикалық норма болып танылады. Осы екі 
ерекшелік жазба туындылардың мәтінінде лексикалық жарыспалылықтың пайда болуына 
әсер етті. Бұл заңдылықтардан қазақ жазба тілі де тысқары қалмады.
Грамматика саласына келсек, мұнда Қадырғали жылнамасының тілі шағатай тілі 
нормаларын сақтаған, атап айтқанда:
1. Ілік, табыс, шығыс септік жалғауларының қазіргі қазақ тіліндегідей фонетикалық 
варианттары жоқ, олар сөздің соңғы дыбысының дауысты, қатаң, ұяң болып келетіндігіне 
қарамастан, бір ғана тұлғада (-ның / -нің, -ны/ - ні, -да/ -ден, -дын/- дін) жалғанады. Тек 
барыс септігі қатаң – қа/ - ке және ұяң – ға/ -ге болып түрленеді. Бұл – ертеден келе 
жатқан (көне ұйғырдан) түркі емлесін сақтаудан туған жайт, емледегі мұндай заңдылық 
жазба дүниелерде ұзақ уақыт бойы сақталып келгені тек қазақ жазбаларына емес, өзге де 
ортаазиялық түркі жазба тілдеріне тән. 
2. ІІІ жақтағы тәуелдік жалғаулы сөзге жатыс, барыс, шығыс септік 
қосымшаларының арасына қыстырма – дәнекер н дыбысы (интерфиксі) қосылады: хақ 
йол + ы + н + да, хақ йол + ы + н + а, душманлар + ы + н + а, ата + с + н + дан.
Бұл – қыпшақ тілдерінің заңдылығы. Сонымен қатар Қадырғали шығармасы тілінде 
септеудің шағатайша – ұйғырша типі (көңіл + і + де, дарийа йақа + с + да, ана + сы + ға) 


де, яғни н қыстырма дыбысынсыз келгендері де бар. Бұл – Қадырғали заманындағы түркі 
жазба әдеби тілінің нормасы. Бұл жерде қазақ жазба әдеби тілінің шағатайлық нормадан 
біртіндеп бойын аулақ сала бастағаны байқалады. 
3. Шығыс септіктің екі түрлі вариантта: -дын және –дан түрлерінің жарыса 
қолданылуы да екі күштің (тілдік екі стихияның), яғни қыпшақ тілдері мен көне ұйғыр 
жазба дәстүрінің «теке тіресінен» туған құбылыс. 
4. Септік жалғаулары жуан – жіңішке болып, сөз түбірімен үйлесіп отырады, бұл – 
ескерткіш тілінің қыпшақ тілдерінің дауыстылары үндестігі деп аталатын нормасына 
бағынулы. 
5. Қадырғали жылнамасының тіліне қарасақ, ескі қазақ жазба дәстүрінде етістіктің 
шақ, рай, есімше, көсемше категориялары қыпшақ тілдерінің , оның ішінде қазақ тілінің 
нормасымен келеді. Ара – тұра шағатай тілінің кейбір тұлғалары да қолданылғаны 
байқалады. Мысалы, бір – екі жерде есімшенің -ған жұрнақты тұлғасының орнына –
мыш жұрнақты вариантты және келер шақтың –ғусы//-гүсі жұрнақты түрлері түркі 
ескерткіштері тілдерінде бұрыннан келе жатқан дәстүрлі қолданыстар. Көсемшенің көне 
–у/ -йу жұрнақты түрлері мұнда жоқ.
6. Қазақтың ортағасырлардағы ауызша да, жазба да тілінде ауыспалы шақты 
білдіретін –ғай жұрнақты етістік тұлғасы жиі қолданылған, бұл осы күнгі –а + ды 
(болады, келеді дегендер сияқты) қосымшалары мен келген етістік тұлғасының 
мағынасын береді: қойын йылы болғай, йа ни қой йылы болғай. Бұл сөйлемді қазіргіше 
айтсақ, қойын жылы, яғни қой жылы болады деген түрде келер еді. 
7. Қимыл есімі -ғу//-гу, -мақ//-мек жұрнақтарымен жасалған. Бұл да қазақ тілінен 
алшақтамайды. 
8. Қадірғали автор (-ман жұрнақты етістікті (барман, айтпан) дәл қазақ тіліндегідей 
шақтық мағынада жұмсайды. Шағатай тілінде бұл тұлғаның шақтық мағынада 
қолданылуы кемде-кем. 
9. Кейбір жіктеу есімдіктерінің септелген түрлері өзге қыпшақ тілдеріне тән 
тұлғада келеді: менім, аның. Ал мендін, сендін, мене (менге), аңа, аңар сияқты тұлғалар, 
әрине, шағатайлық. 
Ш-с, ш-ч, й-ж дыбыстарының алмасуында Қадырғали шағатай тілінің лексикалық – 
орфографиялық нормасын қатаң сақтаған: бас емес, баш; қыс емес, қыш; қылыш емес, 
қылыч; жыл емес, йыл; жол емес, йол т.т.
ызды бұрмалап көрсетті. Дәл, дұрыс баяндайтын шежірелерді ел көзіне көрсетпей, 
оқуына мүмкіндік бермей тығып тастады. Тек өз алдымызға егемен ел болғалы бері 
шындықтың шымылдығы айқара ашылды. 
Қазақ халқы мемлекеттік тәуелсіздігінің арқасында өзінің тарихи, рухани және 
мәдени құндылықтарына ие бола бастады. Соңғы жылдары елдің бұрынғы атақты 
батырларына, ұлы қайраткерлеріне және ғалымдарына іздеу салып жатырмыз. 
Қазақта ауызша тарихпен бірге жазбаша тарих та болды. Оның негізін салған, ХVІ 
ғасырда өмір сүріп, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының сол дәуірдегі ата 
тарихын хатқа түсіріп, артына өшпес мұра қалдырған тарихшы, ғұлама ғалым Қадырғали 
би Қосымұлы Жалаири (кейде Жалайыри деп те жазылып жүр). 
Тәуелсіздігіміздің арқасында «Қадырғали би Жалайыри» қоры көп жылдан бері 
дарынды данамыздың еңбектерін жинап, зерттеп, жарыққа шығарды. 2007 жылы 
Алматыда Х.М.Ғабжалилов басқарған Алаш тарихи-зерттеу орталығынан екі томдық 
«Жалайыр» деген атпен шыққан еңбекте Қадырғали би туралы өте құнды деректер 
басылды. 
Тағдырдың жазуымен өмірінің көпшілік бөлігі өзге ел, өзге жерде 
өткенімен Қадырғали Жалаири өзінің туған елін, халқының мұрат-мақсатын қашанда 
жадында ұстады. Ол қазақ жұртының тарихын тарқататын, кейінгіге нұсқа болатын 
«Жамиғ ат-Тауарих» («Жылнамалар жинағы», немесе «Шежірелер жинағы») атты кітап 
жазып қалдырды. Ал белгілі отандық ғалымдар Р.Сыздықова мен М.Қойгелдиев 


(Қойгелді) кемеңгер тарихшының кітабын жан-жақты зерттеп, «Қадырғали би Қосымұлы 
және оның «Жылнамалар жинағы» атты монографияны жарыққа шығарды. Қадырғали 
бидің кітабында халқымыздың шығу тарихы ғылыми тұрғыда баяндалған. Өзінің көрген-
білгенін, көкейге түйгенін жазып қана қоймаған. Өзінен бұрынғы шығыс елдеріне кеңінен 
танымал Парсы мемлекетінде министр қызметін атқарған Рашид ад-Дин еңбегінен 
(«Джами ат-Тауарих» атты кітабы) қазаққа қатысты жерлерін аударып, шығармасына 
арқау еткен. 
Рашид ад-Диннің еңбегі екі кітаптан тұрады. Соның бірінші бөлімінің қысқартылған 
нұсқасын аударып, өз еңбегіне қосқан. «Қадырғали би Қосымұлы және оның 
«Жылнамалар жинағы» атты кітаптың авторларының айтуынша: «Мұнда түркі-монғол 
тайпаларының Шыңғыс хан империясы құрылғанға дейінгі қоғамдық өмірі, Шыңғыстың 
тоғызыншы атасы Бұланжардың өмірге келуі және оның Шыңғыска дейінгі ұрпақтары 
жайлы аңыз, Шыңғыстың өмірбаяны және оның Газан ханға дейінгі ұрпақтарының тарихы 
баяндалады. Шыңғыстың яса-заңдарын қосқанда мұнда барлығы 24 дастан берілген. 
Аудармада объективті себептерге байланысты орын алған кемшіліктер бар екендігін 
айта келіп, сонымен бірге оның өн бойынан нағыз жазушылық, аудармашылық таланттың 
ұшқындарын байқауға да болады. Қадырғали би «Джами ат-Тауарихты» еркін аударып 
қана қоймай, ұлы шығармада берілген адам, өзен-су, жер аттарына да анықтаулар 
енгізген, сондай-ақ халық арасында өз заманына дейін сақталып келген деректерге сүйене 
отырып, ол Рашид ад-Дин еңбегінің қайсыбір детальдарын толықтыра түскен» [1; 35]. 
Би еңбегінің құндылығы қазақ тарихына тән ортағасырлық деректердің мол 
болуымен ерекшеленеді. Сондықтан да орыс тіліне аударушылардың бірі А.А.Ромаскевич 
Жалаиридің еңбегі туралы кезінде былай деген: «...При установлении чтения собственных 
имен хулагуидских ханов очень много помог татарский текст «Сборника летописей», 
изданный 
И.Н.Березиным» 
[2; 
4]. 
Ал 
Шоқан Уәлиханов сөзімен айтсақ: «Қазақ тарихына қатысты деректердің молдығ
ы жағынан 
«Жылнамалар жинағына» иықтасар ештеңенің жоқтығы күмән». 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет