Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет7/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Мембраналық органеллалар. 1875 жылы неміс ғалымы Уитман клетканың бөлінуін “цитокинез” деп атауды ұсынды. Цитоплазма – гиалоплазмадан, онда шоғырланған мембраналы және мембранасыз органоидтардан тұратындығы ашылды. Цитоплазмада ақуыз синтезі және клеткаға тән қасиет зат алмасу процесі т.б. жүреді. Сондықтан цитоплазма клетканың органоидтары орналасқан және оның басты қызмет атқаратын бөлімі болып табылады.
Клетка үш бөлімнен: клетка қабықшасынан, цитоплазмадан және ядродан тұрады. Клета қабықшасы арқылы клеткалар арасында үздіксіз заттардың алмасуы жүріп отырады. Клетка қабықшасына заттардың енуі (эндоцитоз) және шығуы (экзоцитоз) фагоцитоз және пиноцитоз процестері арқылы орындалады. Цитоплазманың гиалоплазмасында эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, митохондрия, рибосома, лизосома, клетка орталығы – центросома, ядро, тек өсімдік клеткасында кездесетін пластидтер болады. Органоидтар құрылыстары мен атқаратын қызметтеріне байланысты әр түрлі болып келеді.
Митохондриялар. Митохондрия (грекше: “митос” - жіп, “хондрион” - дән, түйіршік деген сөз) ұзындығы 1,0-7 мкм болатын, клеткадағы саны 50-1500-ге дейін жететін ұсақ денешіктер. Митохондрия қабығы екі қабат мембранадан тұрады. Ішкі мембрана митохондрияның ішкі қуысына қарай бағытталған көптеген қатпарлар мен өсінділер түзеді. Бұл қатпарлар кристалар деп аталады. Әртүрлі клеткалар митохондриясында кристалардың саны түрліше. Олардың саны оннан жүзге дейін жетуі мүмкін және олар әсіресе белсенді қызмет атқаратын клеткалардың митохондрияларында көп болады. Негізгі атқаратын қызметі - аденозинтрифосфат қышқылын (АТФ) синтездеу болғандықтан, митохондриялар “күш беретін орталық” деп саналады.
Пластидтер. Пластидтер тек өсімдік клеткаларының цитоплазмасында болады. Жануарлар клеткасында пластидтер болмайды. Бір клеткада 20-дан 100-ге дейін пластидтер болады және олар таяқша, қабыршық немесе түйіршік тәрізді болып кездеседі. Мөлшері 1-12 мкм аралығында болады. Пластидтердің 3 түрі бар: Жасыл – хлоропласттар; қызыл, қызғыш-сары, сары т. б. түрлері – хромопласттар; түссіз - лейкопласттар.
Хлоропласттар өсімдіктер жапырақтары мен басқа да жасыл мүшелерінде болады. Олар өсімдіктердің фотосинтез жүретін, яғни күннің жарық энергиясын пайдалану арқылы бейорганикалық заттардан (СО2 мен Н2О) органикалық заттар түзетін, клеткалардың негізгі органоидтары. Хлоропласттардың құрылысы митохондрияларға ұқсас болады. Хлоропласт екі: сыртқы және ішкі мембраналармен қоршалған. Ішкі мембранадан ішіне қарай бағытталатын қабат-қабат өсінділер болады. Оларды граналар деп атайды. Хлоропласттардың негізгі қызметі - моно, ди және полисахаридтер синтездеу. Сонымен қатар соңғы кезде хлоропласттарда белок синтезделетіні анықталған. Белок синтездеу пластид ішінде кездесетін рибосомалар арқылы жүреді. Белок синтездеуге информация хлоропласттың ішкі мембраналарының аралығында кездесетін ДНҚ, РНҚ–дан түседі. Хлоропласттар бөлінуі арқылы көбейеді.
Хромопласттар өсімдіктердің гүлінің, жемісінің, сабағы және жапырақ клеткаларының цитоплазмасында болады. Гүл күлтесінің, жемістердің, жапырақтардың түрлі-түсті болуы хромопласттарға байланысты.
Лейкопласттар өсімдіктің түссіз бөліктерінде: сабақ, тамыр, түйнек клеткаларының цитоплазмасында болады. Мысалы: картоп түйнегінің лейкопласттарында крахмал дәндері жиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет